Жұбан Молдағалиев поэмалары

Оқушы қауымға аты әбден қанық, белгілі ақын Жұбан Молдағалиев - қазақ поэзиясының , бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Жұбан- алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы күніне дейін , жарты ғасырға жуық уақыт бойы үзбей қалам тартқан, ұзақ өсу, жетілу, қалыптасу, кемелдену сапарын бастан кешірген ақын.

Жұбан Молдағалиев - көп поэма жазған ақын. Ақынның поэзия сапарының тең жарымы поэмадан тұрады. Поэманы көп жазған және әріден жазған. 70- жылдардың орта тұсындары бес жылдың өзінде үш үлкен поэмасы шықты. Олары "Қыран дала" 1974, "Сел" 1975- "Байқоңыр баспалдақтары"- 1977 тб. Уақыты жағынан ең алғашқыпоэмасы "Қызыл галстук" 1947 жазылып, 1958 жылы өңделген, толықтырылған. Оқырман қауымға тез таралып, жақсы қабыл алынған поэмасы "Мен қазақпын" 1964 жылы жарық көрді. Кезінде Ұлы Отан соғысының батыры, татар ақыны Мұса Жәлел жайындағы "Жыр туралы жыр" поэмасы жоғары баға алған (1956). Ақын қаламынан "Нұрлы жол "1951, "Қиял қанаты" 1957, " Дала дастарқаны" 1957 атты және басқа да плэма, дастандар шықты. Ақынын "Жесір тағдыры" атына лайық үлкен тағдыр жайындағы шығарма. Бұл дастанда күйеуінен ерте айырылған ұл-қыз балаларымен Жабас байдың қоластында күнелткен Айша жесірдің Қазақ төңкерісінен бұрынғы, одан кейінгі байларды тәркілеу мен колхоздасу тұсындағы және соңғы дәуірдегі өмірі баяндалады. Бастан өткен сол кезеңдер бұрын езгіде болып келген халықтардың тарихында қандай түбірлі өзгерістерді әкелгені айқын нәрсе. Айша сан алуан қиындықтың бәрін басынан кешіріп, теңдікке қолы жетіп, ақыры ұжымшар бастығы дәрежесіне дейін өседі. Өмір тепкісін көрген, тағдыр талқысын басынан өткерген Айша ақылды да, айбарлы. Бұл поэмада өмірбаяндық жайлар бар екенін, яки сюжет арқауы етіліп ақын өзі туып-өскен өлкенің, Құл руы елінің тағдыры алынғанын мойындайды.

Ілгеріректе жазған "Кісен ашқан" поэмасында Құрманғазы жайын айтқанымен, ақын күйден алған әсерін, ол заманда жалғыз домбырамен тартылған күй бұл кезде оркестрмен ойналатын, күмпілдеген үні бар, өңі өзгергендей салауатты музыка дүниесі болып кеткенін жырлайды. "Кісен ашқан" ұлы композитордың Исатай мен Махамбет сияқты арманда кеткен ерлердің кейіп-қалпын күй әсерлері арқылы танытып, білдіретін поэма. Көп күй ішінен "Кісен ашқанды" алуының өзінде үлкен мәні бар. "Мен- қазақпын", "Қыран дала", "Сел" - үш дастан үшеуі үш қилы жайды жырлағанымен, бір түйінді аңғартатын және он шақты басқа поэмалардың басын қосатын , яғни басқаларының да мазмұнын ашатын туындылары. "Мен -қазақпын" - публицистикалық поэма. Мұндағы айтылмақ ой-түйін тасыған сезіммен, көтеріңкі көңілмен қанаттанған. Толғау деуге де, өмірді мадақтаған ода деуге де жарамайды. белгілі бір фабула , сюжет болмаса да, ақын тарихи оқиғаны жырлап отырғандай сезіледі, қаншама асқақтап, бай метафораларды қару еткенімен, өткен өмірдегі ащы шындықты айтып отырғаны түсінікті. Поэманы публицистикалық шығарма дейтініміз- ол мағына жағынан терең шындықты кесек құдіретті сөздер күшімен мойындау, пайымдауы мол, пафосы, тасып төгіліп жатқан асқақтығы жағынан пәрменді, отты туынды. "Қыран дала" поэмасы ақынның өлең, лирикада талай көрініс тапқан дала, ауылды жер, берекелі ел іші деген ұғымдарды, ондағы өскен, өнген жандарды білдіретін, өзі сүйіп жырлайтын тақырыптың апогеясы, яғни шарықтап көрінген түрі деуге болады. Тың жерді игеруге қатысқан, соған атсалысқан Тыңбай атынан жүріп отыратын хикая жаңа бастамаға байланысты бекіп, нығая түскен халықтар достығын, олардың бірге бас қосқан табысты еңбегін көрсетеді. Поэма сюжеті шытырман оқиғаны қамтитын ұзақ сонар емес. Басты кейіпкердің өзі туралы баяндауы шығармаға желі болып отыр. Музей үйінде тың дәуірінің бейнесін көріп әңгімелескен кейіпкерлер сөзінен үлкен тарихты аңғарамыз. Әкесі қазақ, шешесі орыс Тыңбайды белорус қарты асырап өсірген екен. Соғыс басталғанда Тыңбайдың әкесі әскери қызметші, атақты Брест қамалындағы қиян-кескі ұрысқа қатысқан, әрі қарай майдан жолдарын шарлап кеткен. Белорус қарты төңкерістен бұрын-ақ қазақ жерінде болғанын, ауып келген орыс, украин, белорус мұжықтарына қазақ даласы пана болғанын айтып, өткен тарихи шындықты біздің көз алдымызға елестетеді. Қазақ даласының қырын да, сырын да білетін әрі оның қан мен жанға сіңген тіршілік түбірі, тірлік төркіні, екенін терең ұғатын ақын, сол ен далаға, кең далаға гимн , ода айтқысы келетіндей. 1975 жылы ақынның "Сел" поэмасы жарық көрді. Алматы тарихында 1921 жылғы селден кейін немесе 1963 жылғы Есік көлін жойып жіберген топаннан кейін, орасан қауіп әкелген 1973 жылғы сел айтарлықтай апат еді. Қала аман қалды, бірақ оның қаншалықты күш- жігерге түскені тарихтан белгілі. Тау бұзылып, су мен тас сел боп аққан, қара жерді қақ тіліп, жүрген жерін ұстарадай жалмап отырған. Апат басталып, топан жөңкіп күш алды. Тек тоған, тоғанда ғана үміт, соған келіп тосқауылға ұшырамаса хал қиын.Әлі түгел жасалып бітпеген әрі жұқа тоғанды дереу биіктету, қалыңдату керек. Тоған кетсе, бүкіл Алматы сел астында қалуы анық еді. Осындай әрі алып, әрі қаупі зор оқиға поэмаға мазмұн болған.

Наши рекомендации