Ы. Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелері, аудармалары, зерттеулері. (1841-1889). 1 страница
Ы. Алтынсарин 1841ж 20 қазанда қазіргі Қостанай обл, Затабол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожа ның тәрбиесінде өскен. 1850ж Балқожа немересі Ыбырайды Орынборда ашылған орыс – қазақ мектебінде оқытады. Мектепті 1857ж «өте жақсы »дег бағамен бітіреді. 1959ж Ыбырай орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Ол шекаралық комиссияның төрағасы, Шығыс зерттеушісі ғалым, проф. Г. Г. Грегорьевпен танысады. 1860ж Орал сыртындағы қазақтар үшін 4 бастауыш мектеп (Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында ) ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып Торғай мектебінде оқытушы қызметін атқарады. Оқулық жасау жұмысына Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің ең негізгі шараларының бірі деп қарады. Сөйтіп, 1876ж бастап « Қазақ хрестоматиясын » жазуға кіріседі. 1879ж Орынборда басылады.«Кел, балалар, оқылық» өлеңі. Жастарды оқуға, білім алуға шақыру үлгісінде жазылған. Сөйтіп, ақын, бір жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді.«Өнер-білім бар жұрттар»өлеңі.Оқу, білім алудағы мақсат неде екенін кеңінен аша түсед. Өлеңнің негізгі идеясы – қараңғы қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі - өнегесін көрсету.«Өзен», «Жаз» өлеңдері.Табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін өлеңі.Еңбекті сүю және қадірлеу-Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы.Оны жазушы шағынәңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларда халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.«Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш»әңгімесі. Ең кішкентай жәндіктердің өзінің тіршілігі үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді.«Атымтай Жомарт»әңгімесі. Жазушы халық арсындағы Атымтай Жомарт туралы аңызздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді.«Қыпшақ Сейітқұл»әңгімесі. Елді отырықшылыққа, егіншілікке үгіттейтін әңгімесі. Негізгі түйіні Сейітқұлдың барлық іс - әрекетін жазушы өмірге жаңаша талап жасап, отырықшы болуға, тіршіліктің пайдалы түріне көшуге ұмтылған адамның бейнесін береді.Аудармалары:И. И. Паульсоннан «Книга для чтиния и практических упражнении в русском языке», « Бір уыс мақта»,« Тәкәпаршылық», «Әдеп».К. Д. Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово» шығармасын. «Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға»мысалын аударды.Л. Толстойдың «Мұңсыз адам», « Данышпан қазы»,« Үш ұры», «Жақсылыққа жамандық», «Жаман жолдас» мысалдары.Зерттелуі: Қазақ ССР ҒА Тіл және әдебиет институтынан А. Дербісалин «Ы. Алтынсариннің әдеби мұралары» тақырбына 1954 ж дисертация қорғады.Қ.Жұмалиев «Ы.Алтынсарин шығармалары »тақырабына 1954 ж дисертация қоғады.Жұмағұлов «Ы.Алтынсарин шығармалары» тақырыбына 1959ж дисертацтя қоғады.Сыдықов. Ә. С « Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық иддеялары және ағартушылық қызметі»А.1949ж.
14.Абайдың лирикалық өлеңдері қара сөздері мен әніАбайдың қара сөздері мен нақылдары – ақын шығармасының елеулі саласы, өлеңдерімен мазмұндас, идеялас бірін – бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы. «Ақыры ойладым - дейді Абай – осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кім ішінен керекті тапса, жазып алсын, я оқысын «керегі жоқ» десе, өз сөзім өзімдікі». Абайдың қара сөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп қарау керек. Абайдың қара сөздерінде шағын прозаның мынадай түрлері бар: 1. Өсиет ғақлияға Абайдың адамгершілік мораль, мінез – құлық туралы мысал жөнімен келетін өсиет мазмұнды әссе ретіндегі сөздері және діни ғибрат ретінде жазған біраз дидактикалары жатады. Олар: «13», «20», «28», «38» - сөз. 2. Тастих немесе философиялық трактат. Мысалы: 7 сөз, 17 сөз, 43 сөз, 45 сөз. 3. Нақыл, тұспал сөз. Қарасөздердің ішінде «37 сөз» афоризмдерге толы (27 сөзде де бар). 4. Әңгіме, кеңес ретіндегі диалог, монологтарында Абай екі адамды немесе адам мүшелерін сөйлестіріп, кеңестіреді. Мысалы: 4 сөз, 5 сөз, 8 сөз, 9 сөз, 10 сөз, 12 сөз, 19 сөз, 25 сөз, 27 сөз, 37 сөз, 40 сөз. 5. Публицистикалары: 1, 2, 3, 14, 24, 26, 29, 33, 39, 41, 42-ші сөздер.Абайдың қара сөздері тек жанры – прозалығы жағынан ғана маңызды шығарма емес, сонымен бірге, ол өзінің тілі, стилі жағынан аса маңызды еңбектер. Абайдың қара сөздерінің стиль ерекшеліктері – мазмұн мен идея жаңалықтарына байланысты қалыптасқан реалистикалық публицистика стилі. Қазақ жазба әдебиеті Абайға дейін ойшыл, сыншы ғалым жазған ғылыми, философиялық еңбек, сатиралық қарасөз үлгісі қалыптасқан жоқты. Абайдың қара сөздерінің қалың көпшілікке тән стильдік ерекшеліктерінің бірі – лаконизм. Лаконизм – белгілі ойды қысқа, анық, нақты етіп айтып беретін қасиет. Абайдың қара сөздерінің екінші бір стильдік ерекшелігі, ол нақыл сөзділік (афористичность). Тағы бір өзгешілігі, оның үгіт - өсиетшілдік мазмұнына лайық публицистикалық дидактизм. Абай шығармаларының негізгі стильдік өзгешеліктері – оның идеялық – мазмұнынан өрістейтін жаңалықтар. Оның әрбір сөздері – қысқа айтылған терең ойға, шебер түрге, афоризмге толы туындылар.Абай – ХІХ ғасырдағы ағартушыларының озық идеясын қазақ жеріне алғаш әкелуші, олардың тамаша шығармаларын өз халқы тіліне аударып, тартушы.Он сегізінші сөз.Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәл ол киімін былғап, былжыратып келмей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі. Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет пішінін – мұртын, мүшесін, жүрісін, қас – қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Бірі – атын, киімін, «айран ішерім» - деп, солардың арасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатарлының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге: «Әттең дүние – ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ. Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде 1 ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс.Кербез дегенді осындай «кер», «кердең» немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.
15.С.Көбеевтың қалың мал романы, шығармашылығы зерттелуіС. Көбеев – Ыбырай үлгісіндегі педагог –жазушы. Ол 1878 ж 1 қазанда бұрынғы Торғай обл, Николай уезі, Обаған болысына қарасты №3 ауылда д.к. С.К. «Қ м» романы 1913 ж Қазан қаласында ағайында Каримовтар баспасханасында басылып шықты. Ол – бірінші роман. «Қалың мал » романында қазақ әйелінің ауыр, аянышты халімен бірге, феодалдық қоғамның шірік ата салты патриархалдық әдет- ғұрып қатты сыналады. Қазақ ауылындағы таптық жіктеушілік қалың бұқараға үстем таптың жасап отырған озбырлығын суреттеуге романда бірсыпыра орын берілген. Бұлардың барлығы үстем тап өкілдерінің образдары арқылы ашылады. «Қалың мал» романында жетпіс шамалы кейіпкерлердің аты аталады.Олар негізінен біріне –бірі қарама – қарсы екі топқа бөлінеді. Ұнамды кейіпкерлер – кедей таптың өкілдері – Ғайша, Қожаш, Серғазы, Бірке, Әлкен, Жүніс, т.б. Ұнамсыз кейіпкерлерден дараланып көрінетіндер – Итбай, Тұрлығұл, Байғазы, Құрымбай, Әбіш т.б. Роман осы екі топтың тартысына құрылған. Тіпті Қожаш пен Ғайша арасында сүйіспеншілік, махаббат жайы да осы тап өкілдері арасындағы әлеуметтік күрес жолына бағындырылған.Кедей шаруалар тарапынан көтерілген бұл күрестің негізгі бір мақсаты қалың малды жою болады да, Ғайша мен Қожаш мәселесі осыған орайлас беріліп отырады. С. Көбеевтің «Қалың мал» романының тарихи маңызы оның қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман болуында ғана емес, сонымен бірге революция алдындағы елдің көңіл күйін көрсететін алғашқы күрделі шығармалардың бірі екендігінде. Жазушы бұл романда революция алдындағы қазақ еңбекшілерінің күн көрісін, тұрмыс халін әлеуметтік көрінісін суреттейді. «Бұл қазақ әдебиетіндегі көңіл аударарлық алғашқы проза, сол кездегі, буржуазияшыл ұлтшыл әдебиетке қарама – қарсы нағыз халықтық демократиялық және оптимистік рухта жазылған бірінші роман ,» -деп жазды қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов «Қалың мал» романы туралы.
16. Ш.Құдайбердиев ақындығы,зерт/уі. (1858-1931)Ш.Қ.11.07.1858ж.Шыңғыстау бөктерінде,Қазіргі Шығыс Қаз.обл,Абай ауд.дүниеге келген.1931ж/ң күзінде 73жасында Бақанаста «Саятқара»маңында ГПУ/дің жендеттері оғынан қазаға ұшырап,30жыл сүйегі көмусіз,құдық түбінде болған.Алғ.өлеңін әкеден жетім қалған 7жасында шығ-н.«Құрт болып»өлеңі:Өлтірдің,онан таптың қандай пайда?Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда,Жетімдік қандайлығын көзің көрді,Кешегі тірі жүрген әкең қайда?Менің жетім қалды балаларым,Олар да жылайды аңсап аналарын.Өзің жетім,жетімді аясаңшы,Жоқ екен басыңда ми саналарың. Қазақ поэзисының қалдырған дәстүрін ілгері созып,көп жаңалық-мен байытқан-Ш.Қ-ң көркем мұрасы туған әд-дің Ұлы Октябрь қарсаңындағы елеулі белесі болмақ.ХХғ-ғ басында әлеу/к оқиғалар Ш-ді көп толғантқан,негізінде ақын дүниені рационалистік жолмен тануға ұмтылған,әлемдік мәд-тен көп хабардар болған.1917ж революцияны жылы қарсы алып,бостандық тур.өлеңдер жазған.Бірақ кейін ол тақырыпқа терең бармайды.1916ж.қозғалыс,1917ж.рев-ция,азамат соғысы, қазақ ауылын советтендіру сияқты жер жүзін сілкінткен ұлы өзг-ді Ш.творч/да солғын естіледі.Ақын бұл кезде қартайып,алдындағы сан алуан күрес,уайым,жапа,жалғыздық жыл-нан титықтап қалған. 60-тан асар шағындағы өлең-інде ол көбіне өлім тур,жастық кетіп,кәрілік басқаны тур.жазады.Ақынның тау арасында жеке, аскеттік өмір құруы да,оның дүние дүбірінен аулақ болайын дегенін аңғартады.Ақынның елмен арасы суи береді.Осы кезеңі тур.өзі:Кейбіреу безді дейді елден мені,Есалаң айтады екен нені сезіп,Хақиқатты танитын баста ми жоқ,Ондайлардың сау емес анық дені.Мен жалғыз сендер елде қойдың қалып,Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып.55жыл жинаған қазынамады,Оңашада қорытам ойға салып-дейді.Абайды көп толғантқан өсу,өнім ағарту ісі,алға, болашақққа қарау Ш.поэзиясында түгелдей дерлік көрінеді.Ш-ң өлең-не«Халқым,қазағым,туған ел-жұртым»деген ұғым жиі ұш-ды. Және оны ақын алуан түрлі тақ-ды қозғай отырып,өлең-ң нег. кілті,мазмұны есебінде ұсынады.Ақын көбіне налып айтатыны-халқының оқу, өнерден,озат мәд-тен тыс қалған х-ң ахуалы, тағдыры.Тек мағына жағынан ғана емес,сөз түзілісі, формасы жағынан да мұндай жол-да Абайға өте ұқсас .«Қазақ», «Тағы сорлы қазақ»деген өлең-де Абай/ң«Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп келетін өлең-гі идея,ой дамытылады.Мыс:Ойда жоқ өнер, білім,жол табайын,Жалқауға жолықпайды өз маңайын.Мұның түбі не болар деген жан жоқ,Ұрлық,ұрыс,араздық күнде дайын.Қайран елім,қазағым,қайран жұртым, Көп айтып,а дариға не қалайын... Көретін көзі жоқ,Қазақтың бұл күнде аты бар,өзі жоқ. Қазақ халқы-ң феодалдық дәуірде,таптың ру, араздығынқоздырып,тұрғанда береке, бірлік болайды д.ақын: 1ұрты май,1ұрты қандар да бар,Қой терісін жамылған жандар да бар.ЖАзасызды жазалап атақ алып,Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар.Зерт/уі:М.Қаратаев «Ш.көз алдымызда»;З.Ахметов«Ш-қазақ әд-ң классигі»; М.Базарбаев «Ш.ақын»;Ш.Елеукенов «Армысыз Шәкәрім, аға!»;Ш.Сәтбаева «Лирикалық өрнектер сыры»,«Ш-нің «Әділ-Мария» романының көркемдігі»;З.Ө.Күмісбаев«Ш.және Пушкин»;Б.Майтанов«Әдл-Мария», «Шәкәрімтану тарихынан»;С.Қирабай «Халық ой-пікірінің тарихын мұқият зерттейік»;Құраст:Тұрдықұл Шаңбай «Шәкәрімтану мәселелері»,07ж;М.Базарбаев «Замана тудырған әдебиет»,2005ж.(таңдамалы ғылыми зерттеулері).1.Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны. Абай тәрбиесі, шығысқа бет бұруы, әлем әдебиеттерімен танысуы.2.Лирика жанрын дамытудағы еңбегі, тақырыптық, көремдік деңгейі. Поэма жанрына қалам тартуы («Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу», «Ләйлі-Мәнжүн» дастаны).3.Проза жанрындағы еңбектері: «Әділ-Мария» романы, тақырыбы, мақсаты, кейіпкерлері, көркемдік шешімі.4.Аударма саласындағы еңбегі:, А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» шығармаларын аударуы. Толстойдың әңгімелерін аударуы, басқа аудармалары.5.Шәкәрім – тарихшы, философ. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» еңбектері.ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың алғашқы кезеңі қазақ халқының даму тарихындағы аса ірі елеулі де күрделі тұс еді. Қазақстанның Россияға толық қосылуы, көшпелі халық өміріне жаңаша экономикалық қарым-қатынастардың тереңдеп енуі, Россиядағы революцияшыл-демократтардың игі ықпалы қазақ өмірінде де елеулі өзгерістер туғызды. Абай бастаған жаңашыл бағыттағы әдебиет қалыптасты. Бұл қатарда Шәкәрім Құдайбердіұлының алатын орны айрықша. Жастайынан немере ағасы Абайдың ықпалын сезініп өсуі Шәкәрімнің парасатты азамат, көрнекті ақын ретінде шыңдалып қалыптасуына игі әсерін тигізді. Абай мектебінің талантты шоғырына тоқтала келіп, Мұхтар Әуезов өзінің 1934 жылы жарияланған «Абай ақындығының айналасы» деген мақаласында «Мұндай ақын төртеу, - деп жазды. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия – Абайдың өз балалары. Мұның екеуі де 1904 жылы Абай қайтыс болған жылы өмірден өткен. Қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері». Шәкәрім (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білу де, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Шәкәрім Абай бағытын ұстанушы болған.Шәкәрімнің қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Нартайлақ – Айсұлу» поэмалары және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әуендер туды. Ш. Құдайбердіұлы поэзиясындағы ел тұрмысы көріністері ұлттық мінез-құлық, шығармаларындағы сатира көріністері. ақын өлеңдеріндегі өзіндік ерекшеліктің көрінісі, ел тұрмысын суреттеген ақын өлеңдеріндегі қазақи қасиеттердің көрінісі; ақын поэзиясындағы поэтикалық кестелер өрнегі, оның өлең қасиетін арттырудағы мәні.Ш.Құдайбердиев қазақ поэзиясына жаңа тұрпатты поэма әкелуімен бағаланады. Ол поэма жанрын жанрлық, көркемдік жағынан дамытты. Қазақ әдебиетіне алғашқылардың бірі болып романтизмді әкелді. Поэмалары тақырыптық, мазмұндық жығынан терең, образдар әлемі де әрқилы, тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды сомдап, реформатор ақын ретінде танылды.Қазақ халқының қарапайым ой-пікірлерін алғаш философиялық деңгейге дейін көтере алған Шәкәрім болған. Ол Абайдың «Қырық бес қара сөздеріндегі» ой-толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан бастап, отыз жылдай табанды ізденіс жасап, еңбек етті. Сөйтіп «Үш анық» деген философиялық еңбегін жазып шықты. Ол еңбегінде Шәкәрім түрлі философиялық мәселелерге арнайы тоқталды. Бұлар – дүние, таным, тән және жан, жану мен шіру, ождан т.б. сияқты мәселелер. Ождан дейді Шәкәрім, адамдағы нысап, әділет, мейрім, осы үшеуінің қосындысы. Оны тілейтін жан деп түсінеді. «Мен жанды былай түсінемін, дейді ол, біз дүниенің түп негізін тексергендей, жанның да түбін тексерсек, жан да дүние сияқты басынан бар болып табылады». Сөйтіп, адамның адамгершілік, ар-ожданының негізі жан өлмейтін, өшпейтін мәңгі құбылыс болып шығады.Одан әрі Шәкәрім былай дейді: «Ғылым жолында әлде неше түрленіп, өзгерсе де дүниенің ешнәрсесі жоғалмаған сияқты, жанның да ешнәрсесі жоғалмайды» (Шәкәрім Құдайбердиев «Үш анық» А; Қазақстан баспасы, 1991) Шәкерім ұлы Абайдың данышпандығын, өрелі идеяларын терең түсініп, оны қазақ қауымына таратуда көп іс тындырды.Мен жетелеп өлемінӨрге қарай қазақты, -дейді ақын. Шәкәрім өзінің бүкіл өмірлік мұрат-мақсатын, маңдай алдындағы темірқазықтай түпкі нысанасын өлеңінің осы екі жолына сыйдырған.
17.Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы, зерттелуі1873ж Қостанай облысы Торғай уезі, Сарытүбек мекенінде дүниеге келген. Тілші, әдебиетші, көсемсөзші, тәржімашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсынов шығармашылығы мен қоғамдық қызметі сан саланы қамтиды. Ахметтануға кешегі Міржақып, Елдес, Телжан, Сәкен, Мұхтар, Смағұлдар салған сара жолды бүгінгі Р.Сыздықова, Ж.Ысмағұлов, Р.Нұрғали, С.Дәутов, А.Ісмақова сынды көрнекті ғалымдар ахметтанудың даңғылына айналып, кеңейте түсуде. Көрнекті тарихшы ғалымдар К.Нұрпейісов, М.Қойгельдиев, Т.Омарбеков, Қ.Атабаевтар Байтұрсынұлының ұлы тұлғасын қоғамдық саяси қайраткерлік, ұлт күрескері тұрғысынан жан-жақты ашса, әр саладағы жас ғалымдар түрлі ғылым саласы бойынша зерттеп, ізденіс ауқымын ұлғайтты. Б.Момынова «қазақ» газеті қоғамдық – саяси лексика» (1994ж), Т.Қасенов «Мысал жанрының стилі мен тілі» (94ж), А.Қыдыршаев «А.Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» (95ж), машканова «А.Байтұрсынұлы – қазақ жазушыларының реферматоры» (1996), Қ.Сақов «Қазақ» газетіндегі ұлттық - саяси мәселелерінің жазылуы» (1998), К.Ашекеева «А.Байтұрсынұлының философиялық көзқарастары» (2003), Г.Ерназарова «Қазақ публицистика тілінің дамуындағы А.Байтұрсынұлы кезеңі» (2004), Қ.Ибраймов «А.Байтұрсынов – еңбегі терминология және стилистика мәселелері» (2005) деген тақырыптарда диссертациялар қорғады. Бұл жұмыстар А.Байтұрсынұлының «Ғылыми шығармашылық әлеміне түрлі қырынан келіп, ғылымның сан – саласы бойынша тармақтап әкетті. 20 жылдан бері Өмірхан Әбддіманұлы Ахметтанумен айналысып келеді.А.Байтұрсынұлы шығармаларының сүбелі салаларының бірі – поэзия. Бір ерекшелігі – оның тұңғыш жинағының түгелдей аудармадан тұруы. Мысалшы Крыловтың мысалдарын аударып 1909 ж «Қырық мысал» деген атпен Петерборда бастырып шығарды. (Мысалы: «Мысық пен ет», «Сарышымшық», «Екі бөлме») А.Байтұрсынұлы 1911 жж жаңа бір әуезі, жаңа сазы бар кітапты сыйлады. Бұл – азаттықты аңсаған, бостандықты ту етіп көтерген «Маса» жинағы. «Маса» - Ахметтің ақындығын паш еткен, оны өз тұсындағы қазақ ақындарының алыңғы қатарына шығарған шығарма. (Өлеңдері: «Досыма хат», «Жиған – терген», «Анама хат», «Жауға түскен жан сөзі», «Жауап хаттан»).Ахаң атқарған ұшан – теңіз руханият істерінің ең зоры – тұңғыш тілші – ғалым ретіндегі қазақ тіл біоімін дамытуға қосқан үлесі. А.Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту мен зерттеуде белгілі бір жүйелі мақсат ұстанған. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды мұрат тұтып, бұл жолда тұңғыш әліппе «Оқу құралды» жазды, одан соң қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикалық құрылымын, ана тілінің төл заңдылықтарын талдап, пән ретінде оқытып, үйретуді жолға қойды, сөйтіп, үш бөлімнен тұратын «Тіл құралды» дүниеге келтірді. (1914ж 1 – фонетика, 2 – морфология, 3 – синтаксис).А.Байтұрсынұлы - әдебиеттің бар саласына назар аударған жан – жақты ілім иесі. Ол әсіресе халық мұрасына ерекше көңіл бөлген. 1923ж Мәскеуде «Ер Сайын» жмнағы жарық көрді. Ғалым бұл жинақты Ә.Бөкейхановпен бірігіп шығарған. Мұнда жоқтауларды жинатырған, Қазақ.д.Қазыбек, Кеңгірбай бе, Кенесары – Наурызбай тәрізді тарихи тұлғаларға қатысты өте мол деректер берілген.А.Байтұрсынұлының әдебиет зерттеушісі, әдебиеттанушы ғалым ретіндегі тұлғасын айқын танытатын аса күрделі, өз уақытындағы жаңашыл зерттеу еңбегі – 1926 ж Ташкентте басылған «Әд.танытқыш». Осынау толымды ғылыми еңбек – қазақ топырағында әдебиет тарихы мен теориясы туралы жазылған тұңғыш кең көлемдегі жүйелі зерттеу.Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихын зерттеп жүрген ғалым Ж.Смағұлов: «Әд.танытқыш» әдебиеттануға қатысты 327 термин қолданылған оның 60-ы осы күнге дейін пайдаланылып жүр дейді. (18% қолданылып жүр яғни). А.Байтұрсынұлы «Әдеб.танытқышының» ұлылығы туған топырағымызда академикЗ.Қабдолов тұжырымдағандай, «Әд.теориясының басы» болуында ғана емес, асыл сөзінің қасиетін «тексерген» ұлы еңбектерінің бүгінгі күннің сұранысына толығынан жауап бере алуында.А.Б-ң әд зерттеушісі, әдебиетанушы ғалым ретіндегі тұлғасын танытатын аса күрделі еңбегі 1926 жылы Ташкентте басылған «Әдебиет танытқыш». Осынау ғылыми еңбек қаз топ-да әд. тарихы мен теориясы туралы жазылған тұңғыш кең көлемдегі жүйелі зерттеу. Ахмет Шығармаларына әд тарихының білгірі Академик Р. Нұрғали «Әд танытқыш» тур алғаш пікір білдіріп, кейін оны толықтыра отырып, толымды тұжырымдар жасаған. «Ақ жол» атты Амет шығ+ң жинағына алғысөз ретінде берген «Алып бәйтерек» атты мақ/да «Әд танытқышқа»: «Қазақтың ұлттық әдебиетнің ғылыми негізі, методологиялық арналары, ьасты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған» деп баға береді. Қазақ сөз өнері теориясын қалыптастырушылардың бірі академик З. Қабдолв алаш орыстарының ортамызға оралуына орай Қаз-н жазушылары өткізген ғылыми конфер-да (1990) жасаған. Ахаң һәм әдебиет-ң әліпбиі» атты баяндамасында: «А.Б-в өзінің «Әдебиет танытқыш» арқ қаз-ң таза ұлттық топырағына егін өсіріп, жалпы әдебиет дегеннің болмысы мен бітімін Ахаңша есіліп, Ахаңша көсіліп 1 толғап берді. Бұл сөз өнерінің басы-«Әліпбиі» деп, бұл еңбекті қаз әдебиеттануының бас кітабы ретінде бағалайды. Бұл еңбек «Аңдату» атты кіріспе бөлімнен, үлкен екі тараудан тұрады. «Аңдату» өнер табиғатын, өнер ұғымының мәні мен мағынасын ашуға арналған. Жалпы өнер дүниесін-тіршілік үшін жұмсалатын-көрнек өнері деп 2-ге бөледі. Көрнек өнерінің өзін 5-ке бөледі: сәулет өнері (архитектура), сымбат өнер (скульптура), кенскін өнері (живопись), әуез өнері (музыка), сөз өнері.Әд танытқыштың 1ші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады. Мұнда сөз өнеріндегі сөз-ң атқарар қызметін, оның көркемдегіш, бейнелеуіш міндеттерін көрсетуге ден қояды.Қаз әдебиеттану ғылымының тарихын зерттеп жүрген ғалым Ж.Смағұлов: «әд танытқышта» Әдебиетттануға қатысты 327 термин қолданылған, оның 60/ы (18%) осы күнге дейін пайдаланылып жүр,-деп сандармен тұжырым жасайды. «Әд танытқыштың» 2-ші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз-ң жүйесі». Өлең айшықтарығ шумақ түрлері, тармақ талғаулары, бунақ, буындар, ағындар, тармақ кезеңдері, ұйқастар-осы тектес өлеңтану категориялары да «Әд танытқышта жасалды. Қ ә-ң өзіне тән жанрлық формаларын топтап ,жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты-әуезе, лириканы-толғау, драманы-айтыс деп 3ке бөлді.Әуезенің түрлері: ертегі жыр, тарихи жыр, ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме, көңілді сөз, мысал, ұсақ әңгімеле. Толғау- сап толғау, марқайыс толғау, налыс толғау, намыс толғау, сөгіс т яғни адамның көңіл-күй, пайым пікіріне қарай жіктеген. Драманың түрі:1) трагедия, 2) сергелдең драма 3) комедия. Қаз әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса, хикаят, насихат, мінәжат, мақтау, даттау, шығ-ды діндер дәуір ұзақ әңгіме (повесть) , әңгіме кірмек.Тіл көрнекілігіне жету үшін түрлі әдістер қолданылатынын айта келіп, зерттеуші ол әдістерді айқындау (ЭПИТЕТ), АУЫСТЫРУ (МЕТАФОРА), ТЕҢЕУ, БЕЙНЕЛЕУ, ӘСІРЕЛЕУ, МЕҢЗЕУ, АРНАУ (сұрай,жарлай, зарнай) қайталақтау, еспелеу (анафора, эпифора), шендестіру, дамыту, түйдектеу деп тарам-тарамға бөліп қарайды.Әд танытқыш-қаз әдебиетін дәуір-ң құпиясынан алғаш сыр тартқан, әд тарихын жасауға түңғыш түрен сомған еңбек.«Ә т» - өз заманындағы әлемдік әдеби теориялық ой-танымынан нәр ала отырып, ұлттық әдебиет атты төл мұра табиғатынан тамыр тартқан ой-тұжырымдар елшісі.Зерт-ң еңбектері:1)Өмірхан Әбдиманұлы «А. Байтұрсынұлы» А-20042) З.Қабдолов 2 томб) Усмақова «Қ т. Білім мен әдеб-ң реформаторы5) Қирабаев С «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» А Білім 19956) С. Сейфуллин «А .Б елуге толды»// Еңб қазақ 19237) Ахметов З «Бүкіл қазақ «ахаң»деген»//Ұлттың ұлы ұстазы Алматы 2001