Жоғарғы деңгейі - сана

2. Төменгі деңгейі – санасыздық

Сана- психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі.

Сананың құрылымына негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам езінің білімін әр уақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну мен қабылдауды, ес пен қиялды және ойлауды жатқызуға болады. Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән. Жануарларда сана болмайды. Психиканың төменгі деңгейі санасыздықты құрайды.

Санасыздық саласына психикалық құбылыстар кіреді, атап айтқанда түс көру, әртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар, ауру адамдардым психикасында кездесетін галлюцинациялар және т.б.

Психологияның төменгі деңгейі - санасыздық деп аталады.Санасыздық ақиқатты бейнелегенде жасаған әрекеті үшін есепберілмеуі. Сана мен санасыздықты бір-біріне қарама-қарсы қоюғаболмайды. Санасыздық - сана сияқты адамның психикалық көрінісі. Ол қоғамдық жағдайлармен негізделген. Мысалы: Адамның түс көруі, психикалық ауруға шалдыққан адамның әрекеті, жаңылыс айтылған сөздер, мұңға бату.

§3.5 Сананың бұзылуы (ауытқуы және өшуі)

Сананың бұзылулары көбінесе психикалық ауруларда кездеседі. Психикалық аурулардан басқа сана бұзылулары бас ми жарақаттарында, улануларда, психикалық жарақаттарда, жоғары дене қызуымен байқалатын инфекциялық ауруларда байқалады. Сананың бұзылуы бірнеше секундтан, апта, айларга дейін созылуы мүмкін.

Сананың бұзылуының ең басты белгілерінің бірі - болып жатқан құбылысты қабылдаудың өзгеруі. Науқас санасының бүзылуы жағдайында орын мен уақыттағы және жагдайдағы дезориентировка (бейімделмеуі) көрініс береді. Олар айналада неболып жатқанын түсінбейді. Науқас бір уақытта екі жағдайда тұрған кезде екі ориентировка (бейімделу) туады. Мұндай адамдар екі мақсатты болады. Екі ориентировка кейде жағымды және жағымсыз егіздердің симптомдарының қобалжуымен сипатталады.

Сананың өшу (ауытқу) синдромдары. Сананың даурыққан жағдайы тітіркендіргіштердің (ішкі) бірден көтерілуі мен ассоцациялық білімнің қиындығымен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда науқастың бетінде еш эмоцияналдық рең байқалмайды, естер өте аз, түс көрмейді, еркі жоғалып, қимылдары бұлыңғыр болады.

Есеңгіреу (оглушение) - қозу табалдырығының күрт жоғарылауы. Мұндай жағдай айналадағы температура жоғарылағанда, наркоздан және зақымнан соң болады. Науқас адам есеңгіреп, сұрақтар алыстан қойылғаңдай, жауапты бірнеше қайталағаннанкейін аз және қысқа сөйлейді.

Көрсетілген сананың өзгеруіне басқа психикалық жағдай елестеушілік, саңдырақ ретіңде білініп, аурудың тәртібі бұзылады. Бұған делириоздық, аметивтік, онейроидтық, сананың қарауытқан түрлері жатады. Сананың қарауытқан түрлері амбулаторлық автоматизм (ауру адам транспортпен жүреді, бірақесіңде ештеңе қалмайды), сомнобулизм (ұйқысұрау, лунатизм - жүйке ауруы, адам ұйқылы күйінде жүреді, кейде өзі білместен әртүрлі істер істейді) - ұйықтаған кезде де білінеді. Сананың бұзылуы - бұл қиын жағдайлар, олар терапевтердің,инфекционистердің, хирургтардың, анестезиологтардың, реаниматологтардыңтәжірибесіңде жиі кездеседі.

Наши рекомендации