Сөйлеу іс-әрекетінің түрлері

Өзініңерекшеліктері мен қызметіне қарай сөйлеу екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі сөйлеу тағы да ауызша және жазбаша болып бөлінеді, ал ауызша монологтік және диалогтікболып бөлінеді.

Іштей сөйлеу ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Жазбаша сөйлеуде қарым-қатынастың шарты мәнімен байланысты. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда мазмұны жағынан ерекше жинақталған болады. Жазбаша сөйлеуде жазба белгілерді қолдану арқылы іске асады. Қазіргі тілдердің көбінесе (идеографикалық жазу қолданатындарынан басқалары) сөйлеу дыбыстары әріптермен белгіленеді.

Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуден кейін пайда болды және оның негізінде қалыптасады. Белгілі бір адамның тарапынан айтылатын, естілетін сөйлеуді ауызша сөйлеу деп атаймыз. Ауызша сөйлеу - кәдімгі дыбыстың ауызекі сөйлеу тілі, ол біз басқа адамдармен тікелей қарым-қатынаста пайдаланатын тіл. Ауызша сөйлеу қарым-қатынасы кеңістік пен уақыттың жағдайларымен шектеулі болып келеді.

Ауызша сөйлесу диалогтік және монологтік болып бөлінеді. Екі немесе одан да көп адамдардың арасында әңгіме, сөйлесу түрінде жүретін диалогтік сөйлеу үрдісінде адам сұрақ қояды және оған жауап береді, сын-пікір айтады, қолдау және қарсылық білдіреді. Күнделікті және жай әңгімеде диалогиялық сөйлеу алдын ала қойылған мақсатты сипатта және жоспары болмайды. (Ниііндай эңгіменің бағыт-бағдары жэне оның нэтижелері белгілі дарежеде қатысушылардың айтқандарымен анықталады. Егер әңгімге қатаң белгіленген міндетке бағындырылса, диалогтік сөйлеу мақсатты сипатта болады, айтылатын ойлар кең түрдеберіледі. Мысалы, белгілі бір мәселені анықтау үшін әдейіұйымдасқан әңгімеде диалогтік сөйлеу осылай өткізіледі.

Диалогтік сөйлеудеадамға қойылатын ең басты міндеттердің бірі - өзінің әріптестерінің айтқандарын соңына дейін тыңдау, оның сауалдарын түсіну және оған жауап бере білу.

Монологтік сөйлеуқарым-қатынас тәжірбиесінде ерекшеорын алады және әр түрлі ауызша және жазбаша сөйлеген сөзде мен баянамаларда байқалады. Сөйлеудің монологиялы түрлеріне лекциялар, баяндамалар, жиналыстарда сөйлеге сөздер, хабарландырулар, бұйрықтар мен көптеген басқа да ауызша және жазбаша хабарлар жатады. Монологтік сөйлеудің жетістігі аудиториямен қажетті байланысжасау ептілігіне байланысты. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеу сияқты қарым-қатынасты сондай қызметін атқарады. Бірақ ой алмасу ауызша және жазбаша сөйлеуде әртүрлі тәсілдермен және құралдармен іскеасады. Жазбаша сөйлеу графикалық түрде, жазба белгілердің (әріптердің) көмегімен бейнеленеді.

Іштей сөйлеу деп дауыс шығармай, әр уақытта да ойлау үрдісінде қолданылатын сөйлеуді айтамыз. Іштей сөйлеу адамға ана тілінің негізінде дауысын шығарып қатты сейлемеген кезде, іштей ойлауға мүмкіншілік береді. Адам қай тілде сойлесе, солтілде ойлайды. Адам ауызша және жазбаша сейлеместен бұрын іштей дауысын шығармай сөйлей алады, демек бұл - іштей сөйлеу.

Наши рекомендации