Талап арызды қайтару
Негізгі ұғымдар: азаматтық талап.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызда арыз берілетін соттың атауы; Талап қоюшының атауы,оның тұрғылықты жері немесе,егер талап қоюшы ұйым болса,оның тұрған жері мен банктік реквизиттері,сондай-ақ ,егер арыздыоның өкілі берсе,өкілдің атауы мен мекен-жайы; Жауапкердің атауы,оның тұрғылықты жері немесе,егер жауапкер ұйым болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері; талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қауіпінің мәні; талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер; егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы; 150-баптың екінші бөлігінің 7 тырнақшамасы алып тасталсын Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 11 шілдедегі № 238-II Заңымен алып тасталды. Арызға дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндаулы мүмкін. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтімінде мемелекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігініңсебептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайын құжат қоса тіркелуге тиіс. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өклеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.
Талап арызға тіркелетін құжаттар:
· Жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;
· Мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат; Өкілдің өклеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
· Тапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері; 151-баптың 5) тармақшасы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 11 шілдедегі № 238-II Заңымен алып тасталады.
· Оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні; Таларкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзатрту сот шығындары төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелмелерді талап ету туралы өтінімі және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.
Талап арызды қабылдау. Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімді оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешеуге құқылы; Талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
Талап арызды қабылдаудан бас тарту. Судья талап арызды қабылдаудан, егер: арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса; сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шағарылған соттың заңды күшіне енген шешімі нмесе талап қошының талап қоюдан бас тартуына байланысыты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса, бас тартады. Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімді шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс немесе жіберілуге тиіс. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, назарлық берілуі мүмкін.
Талап арызды қайтару. Судья талап арызды, егер: талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдарымен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса; іс осы соттын соттауына жатпаса; арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе; арызға оған қол қоюға өклеттігі жоқ адам қол қойса; осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болас; коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе; бұл туралы талап қоюшы мәлімдемесе, қайтарып жібереді. Судья арызды қайтару туралы дәлелдеу ұйғарым шығарады, онда арыз берушеге, егер іс соттан соттауына жатпайтын болса қандай сотқа жүгіну не істі қозғалға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсетеді. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым сол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімді шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, назарлық берілуі мүмкін.
Талап арызды қозғалыссыз қалдыру. Судья талап арыз осы Кодекстің 150-бабының талаптарына және 151-бабының 1)-3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзімі береді. Егер талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз берілмеген оны алғашқы тапсырған күні берілген болып есептеледі. Олай болмаған жағдайда арыз берілмеген болып есептеледі және судьяының ұйғарымымен оған қоса тірелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықтарды жойса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, назарлық берілуі мүмкін.
Қарсы талап қою. Жауапкер бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін алғашқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Судья қарсы талап қоды, егер: қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса; қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюдың толық немесе қанағаттандыру бөлігінде болдырмаса; қарсы және алғашқы талап қоюлардың арасында өзара байланыс болса және оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе, қабылдайды.
Дәріс 12.