Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары

Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз – азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары – азаматтық, отбасылық, еңбектік-құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істеді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең»1. Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдардың (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және тағы басқалары) оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызамыз.

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы – ҚР АІЖК-сі болып танылады.

Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздеріне күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекеттерін орындау, іс жүргізу шешімдерін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.

Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады.

_____________

1Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-б, 1б

Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сай судьялар әділ сотты жүзеге асыру үшін «Жоғарғы Соттың» қаулысына сүйенеді. Қаулыда жоғары тұрған сот бірінші сот инстанциясы сияқты істі қарауға құқылы, бірақ тараптар өтініш берген және келіскен жағдайда ғана жүзеге асырады.

Бұл қаулыда егер алдынғыда іс осы сотта немесе осы судьялармен қаралған болса, онда Жоғарғы тұрған соттың төрағасы оны жақын орналасқан сотқа немесе судьяға ауыстырып, тараптарға істі берудің себебін ескерту керек2.

Азаматтық іс жүргізу нормаларының кеңістіктегі әрекеті бұл құқық саласының барлық нормаларының ортақ сипаты болмауымен және Қазақстан Республикасы аумағында әрекет етумен сипатталады.

Адамдар тобы бойынша азаматтық іс жүргізу нормаларының әрекеті: 1) азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігінің принципі себепті республиканың барлық азаматтарына; 2) мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындарға, ұйымдарға мекемелерге, олардың бірлестіктеріне; 3) шетелдік азаматтарға, азаматтық жоқ адамдарға; 4) заңдарда көзделген жағдайларда шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдарға қолданылады.

Мемлекетте заң шығарушы және атқарушы билікпен бірдей үшінші билік ретінде соттардың рөлін нығайту Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алынатын қаулыларын құқық нормалары бар нормативтік актілер деп санауға негіз береді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот қорғауының кеңейтілуі азаматтық іс жүргізу құқының нормаларын қамтитын заң

______________

2Жоғарғы Соттың бюллетені. 1996, №2, 3-бет.

актілерінің шеңберін ұлғайтады, атап айтқанда, сотқа қарасты мәселелер материалдық құқықтың түрлі салаларының заңдарына енгізілген3.

Наши рекомендации