Іс жүргізу мерзімдерін тоқтатат тұру

ҚР АІЖК 127-ші бабының 1 бөлігіне сәйкес, барлық аяқталмаған іс жүргізу мерзімдерінің ағымы іс жүргізуді тоқтата тұрумен тоқтатыла тұрады. Мерзімдерді тоқтата тұру іс жүргізуді (іс бойынша өндірісті) тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар туындаған уақыттан басталады. Іс жүргізу қайта басталған күннен бастап іс жүргізу мерзімдерінің ағымы жалғасады.

Азаматтық іс жүргізуді тоқтата тұру мәселелері ҚР АІЖК 19-шы тарауының нормаларымен реттеледі. Бұл іс жүргізу әрекеті заңи манызы бар сот актісі болып табылады, ол жүзеге асырылған соң сот ұйғарымымен белгіленген мерзім аралығында азаматтық іс бойынша тыңдау жүргізілмейді.

Іс бойынша өндірістің тоқтатылған мерзімі істі шешуге заңмен белгіленген мерзімге кірмейді, яғни талап арыз өндіріске қабылданған күні мен іс брйынша шешім қабылдау күні аралығындағы кезең заңмен (АІЖК 174-ші бабы) белгіленген істі қарау мерзіміне кірмейді.66

ҚР АІЖК 251-ші бабына сәйкес іс жүргізуді тоқтата тұру дербес іс жүгізу құжаты – ұйғарым шығару жолымен рәсімделеді. Іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүргізуді тоқтата тұру негіздемелерін міндетті және жол берілетін түрлеріне бөлуге болады.

ҚР АІЖК 242-ші бабымен соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті ретелген. Бұл бапта соттың істі тоқтата тұруның алты негіздемесі көзделген. Сонымен, сот

1) егер даулы құқық қатынасы құқық мирасқорлығына67 жол беретін болса, істе тарап болып табылатын азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға қайта құрылған, таратылған;

2) тарап әрекет қабілеттілігінен айырылған;

3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында болған, немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде68, басқа әскерлері және әскери құрамаларында жүрген талап қоюшыдан өтініші болған;

4) азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде69 қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаған;

5) егер іс бойынша қолданылуға тиісті заң немесе басқа нормативтік құқықтық акті адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің Конституццияға сай еместігін тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ Конституциялық Кеңес басқа соттың бастамашылығымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің конституциялылығын тексеріп жатқандығы белгілі болған;

6) құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған

жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.

ҚР АІЖК 242-ші бабының 5 және 6 бөлігіндегі негіздер соттардың тәжірибесінде өте сирек қолданылады, себебі кез келген іс бойынша Конституциялық Кеңеске жүгіну негіздерін сот қажет деп таппайды. Осыған қарамастан бұл негіздер бойынша істі тоқтата тұру нормасы тұрақты сот тәжіребесін қалыптастыруда барынша маңызды рөл атқарады.

ҚР АІЖК 243-ші бабымен соттың істі тоқтата тұру құқығы реттелген. Сот:

1) тарап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерінде және әскери құрамаларында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындауға тартылған;

2) тарап істі қарау мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда болған;

3) тарап емдеу мекемесінде болған немесе оның сотқа келуіне кедергі жасайтын сырқаты болған және ол медициналық мекеменің құжатымен расталған;

4) жауапкер Қазақстан Республикасы АІЖК 135-ші бабында көзделген жағдайларда іздеуде болған;

5) сот сараптама тағайындаған;

6) қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде (басқа) сотқа өтініш тапсырылған70;

7) бала асырап алу туралы азаматтық істер бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді тағайындаған71

жағдайларда іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен іс бойынша өндірісті тоқтата тұру алады.

ҚР АІЖК 244-ші бабында іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері бөлік аталып өткен.

Тоқтатылу негіздемелеріне қарай бұл мерзімдер сот ұйғарымында атап көрсетілген кезең аяқталған немесе нақты жағдай туындағанда аяқталады (науқас адамның медициналық мекемеден шығуы, іске қатысушы тұлғаның іссапардан оралуы, басқа сотпен іс бойынша шешім (үкім, қаулы) шығарылуы).

Іске қатысушы тұлғалар істі тоқтата тұру туралы соттың процессуалдық шешімімен келіспеі мүмкін.

ҚР АІЖК 245-ші бабына сәйкес, соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына іске қатысушылар шағым келтірулері мүмкін. Прокурор сот ұйғарымға наразылық келтіру құқығына ие.

Іс жүргізуді қайта бастау дербес іс жүргізу әрекеті болып табылады. ҚР АІЖК 246-шы бабына сәйкес, істі тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамашылығымен іс жүргізу қайта басталады.

Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы адамдарға салалық заңнамамен жалпы ережелері бойынша іс жүргізудің қайта басталғаны жөнінде хабарлайды. Істі тоқтатуға негіз болған мән-жайлардың жойылғаны туралы іске қатысушылар мәлімдейді, ал іс жүргізуді қайта бастау туралы шешімді сот өз бетінше және өз бастамасымен қабылдайды.

Іс жүргізу қайта басталғаны туралы іске қатысушыларға хабарлама берілуі тиіс. Оларға міндетті түрде хабарлама берілуі қажет, себебі іске қатысушылардың сот процесіне дайындалуға жеткілікті уақыты мен сот хабарламасына сәйкес дер кезінде сотқа келу мүмкіндіктері болуы керек.

Іс жүргізуді қайта бастау туралы ұйғарымшығарылған соң басқа ұйғарыммен істің кезекті тындалатын уақыты мен орны белгілінеді, бірақ, сот тәжірибесінде бұл екі сұрақ та бір ұйғарым шығару жолымен шешіледі.

66Азаматтық іс егер 3 ай мерзімде қаралып бітірілсе, ал ол үш айдың бір айы бойы іс бойынша өндіріс тоқтатылып тұрса, онда істің қаралу мерзімдері бұзылған болып есептелмейді.

67Мирасқорлық бойынша құқық ауысуы азаматтық заң нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

68Бұл негіздеме жауапкерге де талап қоюшыға да тиесілі, бірақ іс жүргізу заңнамасы бойынша шешім қабылдау процедурасы әр түрлі. Соттың істі тоқтата тұруы үшін жауапкердің ҚР Қарулы Күштердің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде екендігіне көз жетсе болғаны. Ол әрекет әскери бөлім басшылығының анықтамасымен, немесе әскери комиссириат мәліметімен расталуы мүмкін. Ал талап қоюшы бастамасымен істі тоқтата тұру үшін мән-жайларды тек құжаттық растау жеткіліксіз. Талап қоюшы істі тоқтата тұру себептерін көрсете отырып сотқа өтініш жазуы тиіс.

69Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарап жатқан сот үшін өзара байланысты азаматтық істер бойынша шешімдер біріне-бірі қайшы келмеуі барынша маңызды. Бұл (өзара байланысты) істер бір соттың әр түрлі судьяларымен қарастырыла алады. Мысалы, талап қоюшы бір сотта жауапкерден жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеуді сұрайды. Ал екінші сотта жауапкер оның жол көлік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуын заңсыз деп, дау келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы іс тоқтатыла тұруы тиіс, себебі екінші іс бойынша жауапкердің кінәлілігі аныкталмаған жағдайда, онда азаматтық іс бойынша зиян мөлшерін одан өндіріп алуға болмайды.

70Осы ереженің нормативтік редакциясы: «6) қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде сотқа тапсырылған өтінішті».

71Осы ереженің нормативтік редакциясы: «7) қорғаншылық және қамқоршылық орган бала асырап алу ісі жөнінде асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді белгіленген....».

Наши рекомендации