Арсылық білдіру және оларды шешу тәртібі

Бұрын қолданыста болған іс жүргізу заңнамасында28 (істі жеке дара қарау туралы ереже енгізілгенге дейін қарсылық білдіру және оларды шешу тәртібі тек алқалық сот құрамына ғана қатысты болған, себебі іс жүргізу заңнамасында істерді қарастырудың өзге тәртібі көзделмеген болатын). Халық заседательдері (бірінші сатыдағы сотта) істі талқылау және шешім қабылдау барысында судьяның барлық өкілеттіктерін пайдаланатын, тиісінше негіздеме болған жағдайда судьяға да, халық заседательдеріне де іске қатысушылар қарсылық білдіре алатын.

Қазақ ССР АІЖК-нің 44 бабының ережелері бойынша қарсылық нақты судьяға білдірілетін; қарсылық туралы арыз сот отырысында жарияланып, сот отырысының хаттамасына енгізілетін. Егер сотта төрағалық етушіге (судьяға) қарсылық білдірілсе, онда оған қарсылық білдіру жөніндегі сұрақты өзге судьялар, яғни халық заседательдері кеңесу бөлмесінде ол судьяның қатысуынсыз шешетін. Дауыстар тең болған жағдайда, біреуі «жақтап», екіншісі – «қарсы» дауыс бергенде, судьяға білдірілген қарсылық орынды деп есептелетін. Мұндай шешім қабылданған жағдайда сот төрағасы істі басқа судьяның қарауына беретін. Егер қарсылық екі судьяға немесе барлық судьяларға қатысты берілсе, онда қарсылық туралы арызды барлық сот құрамы қарап, алқалық шешім қабылданатын. Қарсылық білдіру және оларды шешу тәртібіне қатысты осы ережелер істерді жоғарғы сатыдағы сотта алқалық құраммен қарастырған кезде де қолданылатын.

Қарсылық білдіру негідері. Іс жүргізу заңы істі қарау барысында судьяның қатысуына болмайтын өзге де негіздер тізімін бекітеді.

1. Егер судья:

1) Осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;

2) Іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;

3) Істің нәтижесінде жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса,

оның істі қарауға қатыса алмайтындығын негіздеп, процеске қатысушылар оған қарсылық білдіруге құқылы.

Сот құрамының заңдылығын білдіретін шарттардың бірі ретінде алқалық тәртіппен істі қараушы соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайтындығы танылады. Бұл шарттар ҚР АІЖК 40-шы бабында қарастырылған. Қарсылық білдіру үшін негіздер судьяға (судьяларға) ғана қатысты емес, сондай-ақ ол прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына да қолданылады.

Сарапшы мен маманға қатысты жеке (қосымша) ережелер қолданылады.

Сарапшы немесе маман, егер:

1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;

2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса, не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.

Прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды. Сараптама қорытындысының дұрыстығына күмән туындауына орай ол қайталап жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, сарапшының осы істі алдыңғы қарау кезінде сарапшы ретінде қатысуы оған қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды.

Осылайша, судьяның және іске қатысушы өзге де тұлғалардың қарсылық білдіру негіздері белгілі іс жүргізу салдарын туындатады.

ҚР АІЖК 40-41 баптарында аталып өткен тұлғалардың жоғары санатты ар-ожданға ие болуы, азаматтық дауды дұрыс шешіп, дәлелдемелерді шынайы бағалауды қамтамасыз ету үшін олардың өздігінен бас тартуымен жүзеге асырылуы мүмкін. Егер аталған қарсылықтар анықталса, немесе оған қатысты белгілі деңгейдегі күмән пайда болса, онда тараптар және олардың өкілдері, үшінші тұлғалар, прокурор қарсылық білдіруге құқылы.

Қарсылық білдіру құқығы маңызды іс жүргізу кепілдемесі болып табылады, оған сәйкес судьяның (судьялардың) және өзге тұлғалардың бұлтартпастығы қамтамасыз етіліп, соттың дер кезінде негізді және заңды шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

ҚР АІЖК 42-ші бабының 2 бөлігіне сәйкес, өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасалуы мүмкін. Бірақ мұндай әрекетке

- қарсылық білдіру негіздері

- өздігінен бас тарту негіздері

оларды мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.

Істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және, егер ол түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылық білдіру туралы мәселені қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық білдіруді «жақтаған» және оған «қарсы» дауыстар саны тең болған кезде судьяға білдірілген қарсылық негізді болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік дауыспен шешеді.

Білдірілген қарсылық бойынша сот ұйғарым түріндегі іс жүргізушілік құжат қабылдайды. Білдірілген қарсылықты қабылдамау туралы, немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін.

Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.

Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделгендігінің салдары. Егер сотта істі жеке дара қараушы судьяға қарсылық білдірілсе (судья өздігінен бас тартса), бұл сұрақты сот төрағасы шешеді. Егер шынайы себептермен қарсылық білдірген (судья өздігінен бас тартқан) арызды (арыздарды) сот төрағасы қарай алмаса, ол арызды соттың басқа судьясы қарайды, ал ол да мүмкін болмаған жағдайда – жоғары тұрған сот судьясы қарайды. Егер судьяға білдірілген қарсылық29 қанағаттандырылса, онда істі осы сотта басқа судья қарайды.

Егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тарту немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін, не ҚР АІЖК 39-шы бабында аталған себептермен (судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмеуі) істі қарау үшін соттың жаңа құрамын құру мүмкін болмаса, облыстық немесе соған теңестірілген сот іс бойынша тараптар болса, істі қарайтын сотты белгілеу үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жіберілуге тиіс.

28Қазақ ССР-нің Азаматтық іс жүргізу кодексі. – Алматы, 1988.

29Мұнда істі жеке дара қарастырушы судьялар жөнінде айтылып отыр.

Наши рекомендации