Талап қою түрлері

Талап қою дегеніміз бұзылған (дау келтірілген) құқықты сот арқылы қорғау тәсілі; бұл – іс жүргізулік (процессуалдық) формалардың бір түрі және барлық талап қоюлар үшін ортақ қасиет болып таылады. Жекеленген құқықтық белгілері талап қоюларды жеке топтарға боледі, өз кезегінде ол топтар берілген талап қоюлар бойынша сотпен қозғалған азаматтық істердің санаттық қатыстылғын анықтайды. Қазақста Республикасының іс жүргізу заңнамасында талап қоюлардың келесі түрлері ұсынылған87.

Мемлекеттік оргадарды,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың жәнелауазымды адамдардың әрекетері мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап қою (ҚР АІЖК 222-ші бабы – ерекше талап қою тәртібінде іс жүргізу).

Ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою (ҚР АІЖК 223-ші бабы – сот ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім шығарған кезде шешімнің қарар бөлңгінде өндірілетін ақша сомасының мөлшерін және валюта түрінцифрмен және сөздермен көрсетеді).

Атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы талап қою (ҚР АІЖК 224-ші бабы – мұндай талап арызды қанағаттандыру кезнде шешімнің қарар бөлігіндеатқарылуға тиісті емес құжаттың атауы, нөмірі, күні және есептен шығарылуға /алынуға/ жатпатын сома көрсетіледі ).

Шартты жасасуға мәжбүрлеу туралы талап қоюлар (ҚР АІЖК 225-ші бабы – шарт жасасу немесе өзгерту кезінде туындаған дау бойынша шешімнің қарар бөлігінде шарттың әрбір даул жағдайы бойынша шешім көрсетіледі, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы да бойынша шарттың түрі жне траптар шарт жасасуға міндетті талаптар көрсетіледі ).

Мүлік немесе оның құнын алып беу туралы талап қою (ҚР АІЖК 226-ші бабы – мүлікті заттай алып берген кезде сот шешімде оның дербес-белгілі бір белгілерін және,егер шешімді орындау кезінде алып берлетін мүлік болмай қалса,жауапкерден өндірілугетиіс мүліктің құнынкөрсетеді).

Жауапкерді белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеу туралы талап қою (ҚР АІЖК 227-ші бабы – мұнда талап арыздар бойынша шешімінде сот, егер жауапкер шешді белгіленген мерзім ішінде орындамаса,онда талап қоюшының бұл әрекеттерді соттың ұйғарымы бойынша жауапкердің есебінен қажетті шығындарды өндіріп ала отырып жасауға құқылы екенінкөрсете алады).

Бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы талап қою (ҚР АІЖК 228-ші бабы – мұндай талап арыздар бойынша шығарған шешімінде сот жауапкердң шешімінің қандай үлесін орындауға тиіс екенін, немесе олардың жауаптылығының ортақ болатынын көрсетеді).

Ұсынылған тізімнен көрніп тұрғандай, талап кою түрлерін таңдауда (олар бойынша шешім қабылдауда) отандық заң шығарушы жүйелі критерилерге сүйенбей, бұл жерд ол сот тәжірибесінде жиі кездесетін істердің санаттық бөлінуін есепке алған. Ұсынылған талап арыздардың нормативтік бөлінуіне қосымша әрі қарай нормативтік емес белгілері бар талап қоюларға сипаттама беруді жөн санап отырамыз.

Антикалық (римдік) заңгерлермен анықталған жктеулер бойынша талап қоюлар виндикациялық және негаторлық88 түрлерге бөлінеді. Талап қоюларды түрлерге бөлудің заманауи китерийлерінің көпшілігі рим құқықтық мектебінен алынған.

Алып беру туралы талап қою. Алып беру туралы талап қоюдың пәні – бұл талап қоюшының материалық-құқықтық талабы. Мұндай талап қанағаттандырылған жағдайда жауапкерге талап қоюшының пайдасына белгілі әрекеттер жасау міндетті жауапкерге жүктеледі, немесе қандай да бір әрекеттерді жасауға міндеті жауапкерге жуктеледі, немесе қандайда бір әрекеттерді жасауға тыйым салынады.

Тану туралы талап қоюлардың89 өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл талап қоюдың басты белгісі – мұнда бұзылмаған құқыққа қатыты да талап қойылуы мүмкін. Құқық субьектілері арасында құқықтары мен өзара міндеттемелерінде беймәлімдіктермен сипатталатын қатынастар туындауы мүмкін. Мұндай беймәлімдіктер салдарынан түрлі шиеленісті жағдайлар пайда болып,соның салдарынан тараптар (тараптын біреуі), немесе үшінші тұлғалар құқыққа сай емес әрекет етулеріне алып келуі мүмкін.

Мысалы, 1990-шы жылдарға дейін ірі қалалардағы соттарда азаматтық істердің басым бөлігін тұрғын үй дауларына қатысты істер құрайтын. Егер тұрғын үйді жалға беруші (мемлекет)90 пәтерде тұратын тұлғалардың бірін пәтер пайдланушының (пәтер жолдаушының)91 отбасы мүшесі екендігін танығысы келмесе, сол отбасы мүшесі оны жолдаушы отбасының мүшесі ретінде тану туралы сотқа (әдетте жергілікі атқару органына қарсы) талап қоя алатын. Сондай – ақ ортақ аулада орналасқан үйлердің түрғындардың бірі ортақ ауланы қоршауға әрекет жасаса, немесе осындай әрекетте ниет білдірсе, онда басқа тұрғындар (меншік иелері,үй пайдаланушылар) даулы ауланы ортақ пайдалану аумағы ретіне тану туралы сотқа талап арыздар беретін.

Тану туралы талап қойылған жағдайда талап қоюшының пайдасына әрекет жасауға жауапкер сот шешімімен мәжбүрленбеуі мүмкін. Тану туралы талап қоюлар заги әдебиеттегі екінші атауы бойынша анықтаушы талап қоюлар деп те аталады, себебі олар бойынша шешім шығару жолмен даулы құқықтың бар немесе жоқ екендігін анықтау және қалыптасқан қатынастарды ретке келтіру соттың міндеті болып табылады. Кейбір жағдайларда тану тралы талап қоюлар осыған дейін бұзылған құқықты қорғау тәсілі болалады, яғни даулы құқықтық қатынасқа нақтылау енгізу және талап қоюшының бұзылған субьективтік құқықтарын қалпына келтірудіңжолы болады.

Талап қоюшының бұзылған құқықтары берілген талап арызды қанағаттандыру жолмен сот шімімен құқықтың қорғалуы жүждеге асырылады. Құқыққа дау келтіру болашақта оның бұзылуы қаупін тудырса,осы қауіпті болдырмау мақсатында берілген талап қоюлар құқықтың бұзылуын алдын алу (профилактикалық) маңызға ие.

Іс жргізу әдебиетінде (оқу және ғылыми) қалыптасқан құқықтық қатынастарды (оқу және ғылыми) қалыптасқан құқықтық қатынастарды қайта құруға өзгертуге бағытталған талап қоюлар термині жиі қолданады92. Олардың мәні талап қоюшы мен жауапкер арасындағы құқықтық өатнастарды өзгерту және тоқтауға бағытталумен түсіндіріледі. Субьективтік құқық әлдекім тарапынан бұзылып, оған дау келтірілсе соттық қорғау қажет болғандықтан, мүдделі тұлға сотқа жүгінеді. Егер құқықтық бұзылған расталса, онда сот шешім шығарып, сол арқылы бұзылған құқықты қорғайды.

Қарсы талап қою. Өзінің бағыты бойынша қарсы талап жауапкердің берлген талап қоюға қарсы қорғануының іс жүргізушілік тәсілі болып табылады.

Азаматтық іс жұргізу заңнамасымен белгіленген қарсы талап қою құқығы жауапкер мүделерін нормативтік қорғау кепілдігі болып саналады, осы кепілдікке сәйкес жауапкер алғашқы талап қоюда мәлімделген жайттарға қарсы ұстанымдарын қарсы талап ретінде қоюға құқылы.

87Бұл жерде шешім шығарылатын талап қою тізімі толық түрінде берілмеген. Бұл тізім ҚР АІЖК 18-ші «Сот шешімдері және олардың орындалуы» атты тарауында сот шешімдерінің түрлеріне қарай үлгі ретінде таңдалып алынған.

88Виндикациялық талап қою – өз мүлкін бөтен біреудің иелігінен талап етіп алу жөніндегі меншік иесінің талап қоюы, яғни мүлікті иеленбеуші меншк иесінің мүлікті иеленіп алған меншік иесі емес тұлғаға қарсы қойылған талап. Негаторлық талап қою – меншік иесінің мүлікке билік етуінен йыруға қатысы жоқ құқық бұзушылықтан қорғау туралы қойылған талап. Мұндай талаптар меншік иесіне өз мүлкін пайдалануға келтірген кедергілерді жоюға бағытталады. Қараңыз:Большой юридический словарь – М., 2001 – С. 234.

89Орыс заң әдебиетінбе мұндай талап қоюлар «иски о признании» деп аталады. Қазақ тілінде «тану» деген термин «мойындау» деген мағынада да жиі қолданады.

90Мемлекет атынан осы санаттағы азаматтық істер бойынша процеске жергілікті атқару комитеттерінің өкілдері қатысатын еді.

91Құқық қолдану тәжірибесінде (орыс тілінде) салалық заңнамада жоқ «квартиросъемщик» деген термин жиі қолданылатын. Сол жылдары аталған термин сот шешімдерінде де көрініс табады.

92Бұл терминнің орыс тіліндегі атауы «преобразовательные иски».

Талап қою

Талап қою талапкердің іс жүргізушілік маңызы бар әрекеті болып табылады: талап қою талап арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып берілуі тиіс. Іс жүргізушілік бағытталуы бойынша талап арыз сотта іс қозғалудығ алғашқы тәсілі (амалы) болып табылады. Талапты құрастыру және дайындалған арызды сотқа тапсыру (жолдау) талап қоюшыға тән әрекет болса, ол арызды өндіріске алу туралы шешім қабылдау заңынан негізінде сот өкілеттілігіне жатқызылған. Талап қою арқылы сотқа жүгіну (арызды сотқа тапсыру) азаматтық іс қозғау үшін бірінші міндетті әрекет болғанымен, сотқа арыздың түскендігі судья үшін сол арызды қабылдау және іс қозғау міндетін туындатпайды.

Талап арыз сотқа жазбаша нысанда (электрондық құжат нысанында) соттылық ережелерін сақтай отырып беріледі.

Наши рекомендации