Сот бұйрығының мазмұны және оны шығару салдары

ҚР АІЖК 139-шы бабымен сот бұйрығы өндіріп алушының арызы негізінде шығарылатын сот актісі болып табылатындықтан, бұл қажет іс жүргізу талаптарына жауап беретін тиісті элементтерден құралуы тиіс. ҚР АІЖК 146-шы бабында сот бұйрығының мазмұнына қойылатын талаптар тізімі берілген.

Сот бұйрығында:

1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;

2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;

3) өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

4) борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны туралы мәліметтер және жұмыс орнының банк реквизиттері (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), оның банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;

6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;

7) егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;

8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;

9) сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі82.

Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында борышкердің туған күні мен туған жері83, оның жұмыс орны, оларды күтіп-бағуға алимент алып берілетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі. Алимент өндіру мерзімі жөнінде бұйрық мәтініне «кәмелетке толғанға дейін» деген жазба енгізіледі.

ҚР АІЖК 147-ші бабының 1 бөлігіне сәйкес, сот бұйрығы шығарылғаннан кейін судья оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді. Жөнелту пошта арқылы жасалатындығы; жөнелтуші (сот) бұйрықтың көшірмесі алынғандағы туралы (пошта қызметі арқылы) хабардар етілуі – аталған баптың нормативтік талаптары84. Осы баптың 2-ші бөлігі бойынша борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.

Азаматтық іс жүргізу құқығында (түрлі қайнар көздерде және бір заңның ішінде) әр түрлі мағынаны білдіретін бірдей терминдер жиі қолданылады. Мысалы, ҚР АІЖК 169-1 бабының 4 бөлігінің 3 тармақшасында «мәлімделген талаптың мәні бойынша қарсылықтар» деген тіркес қолданылған. Бұл жерде жауапкердің талапқа қарсы пікір білдіруге құқығы бар екендігін заң ережелерінен байқауға болады, яғни бұл әрекет талап қою тәртібімен қаралатын азаматтық істер бойынша жасалады.

«Мәлімделген талапқа қарсылық» (ҚР АІЖК 147-ші бабы) және «мәлімделген мән-жайлар бойынша қарсылық» (ҚР АІЖК 169-1 бабы) тіркестері арасындағы айырмашылығы бірінші жағдайда қарсылықтың іс қаралып болған соң, ал екінші жағдайда қарсылық іс ше шілген дейін берілуінен көрініс табады.

Бұйрық арқылы іс жүргізуде борышкердің қарсылық білдіруі сот үшін шығарылған бұйрықтың күшін жоюға негіздеме болып табылады, ал талап қою арқылы іс жүргізуде жауапкердің қарсылығын сот (іске тіркеу үшін ) қабылдағанмен, шешім шығарғанда есепке алмауы мүмкін.

Талап қою арқылы іс жүргізуде қарсылықтарды сотқа жеткізу жолы ретінде жазбаша тәртібі ғана көзделген, ал бұйрық арқылы іс жүргізуде борышкер өз қарсылықтарын сотқа бағыттауда байланыс құралдарының түрлерін таңдау еркіндігін ие.

Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа қарсылық түссе, судья сот бұйрының күшін жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Сот бұйрығының күшін жою туралы сол ұйғарымында судья өндіріп алушы мәлім еткен талаптың талап қою бойынша іс жүрізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін тусіндіреді.

Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі оны шығарғанан кейін үш күннен кешіктірмей тараптарға жіберіледі. Соттың бұл әрекеті тараптардың малімделгендігін қамтамассыз етуге бағытталған. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымға85 шығым беруге және наразылық кетіруге болмайды.

Сот бұйрығы атқару құжаты болып табылғандықтан, ҚР АІЖК 149-шы бабының 1 бөлігіне сәйкес,егер заңда белгіленген мерзімде борышкерден сотқа қрсылық келіп түспесе, бұйрық өндіріп алушының қолына береді. Сот бұйрығы өндіріп алушы оны орындауға тапсыру үшін соттың мөрімен куәландырылады. Өндіріп алушының өнуі бойынша сот бұйрығы орындауға тікелей соттан жіберілу мүмкін.

Жергілікті бюджеттің пайдасына борышкерден мемлекеттік бажды өндіру үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы орындауға тікелей соттан жіберіледі. Бұл жеке дана бұйрық атқарушылық өндірісін қозғауға нгіздеме болады, себебі бұл іс жургізуде өндіріп алушы арыз беруші емес, мемлекет, ал өндірілген баж сомасы мемлекет кірісіне өтеді.

82Бұл баптың 9 тармағында заң шығарушы «сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі» сөз тіркесін қолданған, бірақ судьяның бұл актісіне тікелей іс жүргізушілік түсінік бойынша шағым келтірілмейді, ал борышкердің ол бұйрықтың күшін жою туралы өтініші шағым деп аталмайды.

83Бұл ақпарат борышкерге іздеу салған жағдайларда қажет болады.

84Аталған бап ережелерінің нормативтік редакциясы: «1) сот бұйрық шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді».

85ҚР АІЖК 148 бабының 2-ші тармағында бұл құжат қаулы деп аталады.

Тарау. ТАЛАП ҚОЮ

§1 Талап қоюдың түсінігі мен сипаттамасы

Азаматтық іс жүргізу формасы қатарына іс жүргізудің бірнеше түрі кіреді,олардың ішінде талап қою ерекше орынға ие. Бұл ерекшелік алдымен субьктивтік құқықтардың қорғауың әмбебап тәсілі болуымен түсіндіріледі, ал бұл саладағы талаптарды қарастыруды реттейтін нұсқаулармен қамтылған ережелер тәжірибеде барынша қажет болып тобылады.

Іс жүргізүге қатысты әдебиеттерде талаптың мәнін сипаттайтын түрлі анықтамалар беріледі. Талап қою-бүзылған немесе даулы құқықты қорғаудың іс жүргізу тәсілі-барынша ыңғайлы дефиниция ретінде танылады, ал бұл құқықты қорғауға бағытталған арекеттердің жүргізілетін формасы-талап арыз беру арқылы талап қою формасы болып табылады.

Соттардың тәжірибесінде азаматтық істер көпшілігінде берілген талап арыздар негізінде қозғалады,яғни материалдық (мүліктік немесе мүліктік емес) даулы ұмтылыстардың сотта қаралуының кең таралған әмбебап түрі – талап қою бойынша іс жүргізу (талап қою өндірісі) деуге болады.

Талап қою бойынша іс жүргізудің өзіне тән белгілері бар, олардың ішінде аса маңыздылары мыналар:

1) арызда бұзылған немесе даулы құқықты нақты сипаттайтын материалдық-құқықтың талаптар көрсетілуі:

2) қойылған талаптар соттық тәсілмен шешуді коздейтін нормативтік шарттардың болуы:

3) тараптардың қарама-қайшы мүдделерінің болуы, олардың сот талқылауы барысында өз ұстанымдарын қорғауға өзара тең құқықтарға ие екендігі.

Талап арызда қойылатын талаптар (талап қою талаптары) – сотта істі талқылау туралы бастама көтерушінің куынымдары. Бұл куынымдар тиісті іс жүргізу (процессуалдық) формасына сәйкес рәсімделген талаптар, яғни олардың сотқа түскендігі талап қоюшы мен жауапкер арасында субъективтік құқықтың бұзылғаны жөнінде дау туындап, даулы қатынастары субъектілері бұл дауды соттан тыс шеше аламағандығын корсетеді.

Талап арыздың сотқа тапсырылғандығы талапкердің жауапкерге қарсы өзінің нақты талаптарын белгіленгендігін білдіреді. Бұл сотқа түскен поцессуалдық құжат екі критерийге жауап береді, яғни талаптардың екі турінен құралады: біріншісі-материалдық – құқықтық талап (талап қоюшының жауаперге қойған талабы), екіншісі процессуалдық-құқықтық талап (талап қоюшының сотқа қойған талабы). Осындай міндетті элеметтердің біреуі болмаған жағдайда талап арыз құқықтық ережелерге сәйкес қалыптаса алмайды және осы элеметтерінің бүтіндігі ескерілмесе одан туындайтын институттар құқықтың табиғатын ұғыну мүмкін емес. Ондай институттар қатарына қарсы талап қою, талап құнын белгілеу, талап қою талаптарын біріктіру және бөлу және т.б.

жатқызуға болады.

Талап қоюдың (талап арыздың) құрамдас бөліктері және олардң мазмұны арқылы қойылған талаптарды жіктеуге мүмкіндік береді. Осыларға қарап, талаптар бойынша қозғалған азаматтық істерді түрлі санаттарға таныстыруға болады. Мұндай құқықтық классификация жасағанда олданылатын нормалардың сапалық қатнастылығы, азаматтық істер қарастыру тіртібі мен мерзімдері, даулы құқықтардың қатынастығын субьектілік құрамы, қойылған талаптардың қанағаттандыруларының құқықтық салдары есепке алыну керек.

Қойылған талап дәлелдемелік мәлеметтердің мөлшері және олардың іс жүргізулік (процессуалдық) рәсімдеу тәсілдерібойынша ерекшеліне алады.

Даулы қуыным құқықтық сипатқа иеболуы тиіс, яғни тараптар арасындағы дауды шешкенде сот материалдық құқықтың тиісті нормаларын басшылыққа алуы тиіс. Азаматтық дау бойынша шығарылған шешім тараптарды белгілі бір құқықтық салдарға алып келеді, яғни ол шешім негізінде ақшалай сомалар өндіріледі, адамдар (мысалы, жауапкер) тұрғын үйден шығарылады, неке бұзылады және т.б. Бірінші жағдайда сот міндеттемелік құқық нормаларын, екінші жағдайда азаматық және тұрғын үй құқығының, ал үшінші жағдайда неке және отбасы заңнамаларының нормаларын басшылыққа алады.

Тұлғанын талап қоюға құқығы екі элеметтен құралады: біріншісі – талапты сотқа беру (жолдау), ал екіншісі- қойылған талаптың қанағаттандырылуына тұлғаның құқығы86. Осылайша, талап қою құқығының екі жағы, екі мүмкіндігікөрінеді іс жүргізушілік (процессуалдық) мүмкіндік (талап қою құқығы) және материалдық-құқықтық мүмкіндік (талапты сот тарапынан қанағаттандырылатындығы құқығы). Екі құқықтың мүмкіндік те бір – бірімен кешенді байлнысты және олар талап қоюшының талап қою және талапты қанағаттандыру құқығы болса, онда оның бұзылған немесе дау келтірілген құқығы тиісті соттық тәртіппен қорғалады. Талапты қою (сотқа жолдау) құқығының бар немесе жоқ екендігін судья талап қою арызын қабылдау барысында тексереді. Талап қоюдың материалдық құқықтың жағы, яғни талап қоюда қанағаттандыру құқығы сот талқылау барысында тексеріліп, айқындалады. Егер тала қоюшының талап қою құқығы құқықтың және нақтылық жағынан расталса, онда сот талапты қанағатандыу құқығына ие болады. Мүдделі тұлғада талап қою құқығы бар болып,бірақта тапалапты қанағаттандыру құқығы жоқ болуы мүмкін. Егер соңғы мән жайдың жоқтығын сот анықтаса,бұл жғдай қойылған талаптарды қанағаттандырусыз қалдырылуына алып келеді.

86« Ресейлік заңи әдебиетте бұл құқық право а удовлетворение иска» деп аталады.

Наши рекомендации