Бұйрық арқылы іс жүргізудің айрықша белгілері
Бұйрық арқылы іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта дербес сот ісін жүргізу түрі ретінде 1999 жылы ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің қабылдауымен колданысқа енгізілді.
Елімізде нарықтық қайта құрулардың бастапқы кезеңінде бұрын қолданыста болған Қазақ ССР-нің Азаматтық іс жүргізу кодексінің ережелері деңгейлері әр түрлі азаматтық істер бойынша бірыңғай барлық азаматтық істер үшін бірдей процедураларды қолдануды талап ететін еді. Мұндай ережелерді сақтау қажеттілігі соттар үшін көп ыңғайсыздықтарды туындатты, оның үстіне, бұл соттардың жүктемесі үлкен жағдайында жұмыс уақытын тиімсіз пайдалануға алып келетін еді. Осы жағдайда дауыссыз (қойылған талаптар сотта дауланбайтын) азаматтық істерді шешу үшін жеке іс жүргізу ережелерін қабылдау керек екендігі көрінді.
Осы санаттағы істерді қарау бойынша кеңестік кезеңде тәжірибе көп емес болатын. Осылайша, сол кезеңде, егер қойылған талапта тұлғаның әкелігін анықтау талап етілмесе, онда алимент өндіруді заңды түрде қарапайымдандыруға қол жеткізеді.
Алимент кәмелетке толмаған балалар күтімі үшін судьяның дербес қаулысымен өдірілетін және оған кассациялық шығын берілмейтін. Дәл осындай тәртіппен қарыз адамдарды іздестіруге шыққан шығынды өндіру туралы арыздар да қаралатын. Бұл арыздар іскі істер органдарымен сотқа жолданып, атқару парақтары бойынша өндірілген сомалар бюджеті кірісіне жіберілетін. Мұндай жүгінулер бойынша шыққан сот қауларын бірден заңды күшіне енетін, бірақ алимент алушы мен алимент төлеуші73 арасында алиментке (алименттің мөлшеріне) қатысты дау туындаған жағдайда бұл қаулының күшін судьяның өзі (бөлек қаулы шығару арқылы) жоялатын еді.
1999 жыл қабылданған жаңа ҚР АІЖК –нің 13-ші тарауының нормаларында дауыссыз талаптарды қарастырудың арнайы тәртіптері көзделген. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің жеке түрі ретінде бұйрықты іс жүргізуді енгізу арқылы заң шығарушы сот процедураларын қарапайымдандыру мақсатын көздеген еді. Заңды түрде қарапайым тәртіппен қарастыруы тиіс істер тізімі ұлғайтылып, сот актісінің жаңа түрі – сот бұйрығы қолданысқа енгізіліп, ол бұйрықтарды шығару және күшін жою арнайы тәртіп белгіленеді.
ҚР АІЖК 139-шы бабы 1 бөлігінде сәйкес, сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шығармай ақ және сотта істі қарамай ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі74 болып табылады.
Сот актісінің бұл анықтамасы бұйрық шығарылатын іс жүргізу түрінің өзі бір қатар айрықша белгілерге ие екендігін көрсетеді. Кодекстің 13-ші тарауының баптарын талдау негізінде ол төмендегідей белгілер болып табылады.
1. Мұндай талаптар тек ақшалай сомаларда немесе мүлікті өндіруге ғана қатысты, басқа талаптар бұл өндірісте қойылады. Бұл талаптар даусыз болуы тиіс, олай болмаса даулы талаптар талап қою арқылы іс жүргізу негізінде шешу қажет.
2. Бұйрық арқылы іс жүргізуде сот талқылау болмайды, тараптар сотқа шақырылмайды, қойылған талаптардың мән-жайы бойынша олардың пікірлерін сот тыңдамайды.
3. Бұйрық арқылы іс жүргізуде атқару парағы берілмейді. Сот бұйрығы атқару құжатының есебінде қолданылып, Қазақстан Республикасындағы «Атқарушылық іс жүргізуі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңмен бекітілген тәртіппен орындалады.
4. Сотқа жүгіну сот бұйрығын шығару арыз деп аталады, оның мазмұны мен формасы ҚР АІЖК-нің 141-ші бабында көрсетілген.
5. Бұйрық арқылы іс жүргізудің тараптар ретінде талап қоюшы және жауапкер емес, өндіріп алушы және борышкер танылады75.
6. Заңнамада сот бұйрығына қатысты оны бұзудың ерекше тәртібі мен шарт көзделген. Шығарылған бұйрықты судьяныі өзі бұзады, ал бұл жөнінде судья шығаратын іс жүргізу құжаты қаулы деп аталады.
Сот бұйрығын шығару туралы арызға қойылған талаптар ҚР АІЖК 141-ші бабында көрсетілген, ол арыздарда:
- Арыз берілетін соттың атауы;
- Өндіріп алушының аты, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
- Борышкердің аты, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
- Өндіріп алушының талаптары және сол талаптар негізделген мән-жайлар көрсетіледі. Сонымен қатар арызға мәліметілген талаптарды растайтын құжаттардың тізбесі қоса тіркеліп көрсетілуге тиіс.
Мүлік талап етілген жағдайда арызда сол мүліктің құны көрсетілуі қажет. Бұл заңнаманың талабы өндіріп алушымен сақталуы тиіс, себебі ол арызда өзі атап құны мен бюджетке төленетін мемлекеттік баж мөлшері анықталады.
Сот бұйрығымен шешілетін талаптардың тізіміне қатысты ҚР АІЖК ережелеріне бірнеше рет өзгертулер енгізіледі. Бұл 1999 жылдан кейін іргелес құқық салаларының заң актілеріне өзгерістер енгізулермен байланысты болоды,ал ҚР АІЖК 140-шы бабының ережелері қазіргі түрінде де,алғашқы нұсқасында да нотариалдық және атқарушылықіс жүргізу заңнамасымен тығыз байланысты болады.
Даусыз сипаттағы талаптарды шешу бойынша сот функцияларын бұрын мемлекеттік және жеке нотариустар атқаратын. Құжаттармен расталған міндеттемелер бойынша нотариустар құжатқа атқару жазбаларын76 жазатын,ал қарыз құжатында мұндай атқару жазбасының болуы өндіріп алушыны сотқа жүгіну қажеттілігіне босататын. Атқару жазбасы мәні бойынша соттық емес нотариалдық – іс жүргізу (нотариалдық-процессуалдық) актісі болатын, осы құжаттың негізінде сот орындаушылар борышкерден мәжбүрлеп өндіру әрекетін жүздеге асыра алатын. Бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібі заңнамаға және тәжірибеге енгізілген соң соттық емес органдарға жүгіну қажет емес болды.
ҚР АІЖК-нің 140-шы бабына сәйкес сот бұйрығы:
1) Егер талап нотариаттық түрде куәландырылған мәмілеге негізделсе;
2) Егер талап жазбаша мәмлеге негізделсе және оны жауапкер мойындаса;
3) Егер талап төленбеген вексельге,акцепттің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе77;
4) Егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімдеген болса;
5) Егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
6) Егер қызметкерге есептеп шығарылған,бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіру туралы талап мәлімделген болса;
7) Егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындары өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;
7-1) егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес лизинг нысанасын дауыссыз талап ету туралы талап мәлімделген болса;
10)78 Егер кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан қарыз сомасын өндіріп алу туралы ломбарттың талабы мәлімделген болса шығарылады.
Сот бұйрығын шығару туралы арыз бойынша бюджетке мемлекеттік баж төленеді;80 бұл салық заңнамасының талабы бірінші сатыдағы сотқа мүліктің талаптармен жүгінудің басқа түрлерінеде таралады.
Арызды сот қабылдамаған жағдайда өндіріп алушыға ол төлеген (бюджетке енгізілген) мемлекеттік баж қайтарылады. Шығарылған сот бұйрығының күші жойылған жағдайда өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж қайтарылмайды.
Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды ҚР АІЖК 153,154-баптарында көзделген негіздер бойынша қабылдауы немесе қайтаруы мүмкін. Осылайша, судья арызды, егер:
1) мәлім етілген талап Кодекстің 140-шы бабымен көзделмесе;
2) борышкер Қазақстан Республикасы соттарының юрисдикциясы шегінен тыс болса;
3) мәлім етілген талапты растайтын құжаттар табыс етілмесе;
4) табыс етілген құжаттар негізінде шешу мүмкін емес құқық туралы даулардың болуы көрінсе;
5) арыздың нысаны мен мазмұны Кодекстің 141-ші бабының талаптарына сай келмесе;
6) арызға мемлекеттік баж төленбесе, арыз берген тұлғаға қайтарады.
Судья сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн мерзім ішінде оны қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығара алады (егер арызды қабылдауға негіз болмаса). Сотта жолданған арыздың қабылданбағандығыосы талапты кейін талап қою іс жүргізу (процессуалдық) тәртібімен қоюға кедергі келтірмейді.
Судьяның сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдамауға және өз ұйғарымымен өндіріп алушыға арыздың кемшіліктерді жою үшін мерзім белгілеуге құқығы ҚР АІЖК 144-ші бабында көрсетілген.
Бұл ереже өз мазмұны бойынша ҚР АІЖК 155-ші бабына ұқсайды, яғни ол бойынша судья берілген талап арызды қозғалыссыз қалдырады. Бұл жерде айрықша белгі: ҚР АІЖК 144-ші бабының 1-ші тармағында арыздағы кемшіліктерді жою үшін сотпен белгіленген мерзім үш күннен аспауы тиіс, яғни бұл мерзім судьяның өз қалауымен белгілене алмайды.
Егер өндіріп алушы судьяның нұсқауларына сәйкес ұйғарымда белгіленген мерзімде арыздағы кемшіліктерді жойса, мемлекеттік бажды төлесе, арыз сотқа алғаш тапсырған күні берілген деп есептеледі. Аталған мерзімді судья ұзарта алмайды, себебі ол жағдайда сот бұйрығын шығару мерзімдері бұзылады. ҚР АІЖК 145-ші бабына сәйкес, сот бұйрығын шығаруға үш күндік81 мерзім белгіленген.
73Судьяның өзі шығарған қаулыны өзі бұза алатындыңы туралы нормалар Кеңестік одақ құрамындағы кейбір республикалардың іс жүргізу кодекстерінде бар болатын. Жиі жағдайда мұндай қаулылар АІЖК-нің құрылымына кірмейтін жеке нормативтік-құқықтық актілер негізінде шығарылатын.
74Бұл жерде баптың нормативтік редакциясы келтірілді.
75«Өндіріп алушы» және «борышкер» атаулары Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңында да қолданылады.
76Атқару жазбалары жазылуы тиіс құжаттар тізімі нотариалдық заңнамамен реттелетін.
77Баптың бұл тармақшасының мәтіні күрделі (қыйын) редакцияда берілген. Оқу құралында басқа (нормативтік емес) редакция ұсынылады: «егер қойылған талап вексельдің төленбегендігі жөнінде жасалған наразылықпен, акцептің болмауымен және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуімен негізделген болса».
78 8, 9 тармақтар 2001 жылғы 11 шілдедегі №238-ІІ ҚР Заңымен алынып тасталып, бұл бапқа 2000 жылғы 5 шілдедегі №75-ІІ, 2001 ж. 2 наурыздағы №162-ІІ, 2004 ж. 10 наурыздағы №532-ІІ ҚР Заңдарымен өзгерістер енгізілді.
79Осы баптың нормативтік редакциясы: сот бұйрығы:
1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;
2) егер талап жазбаша мәмлеге негізделсе және оны жауапкер таныса;
3) егер талап төленбеген вексельге,акцепттің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;
4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
6) егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіру туралы талап мәлімделген болса;
7) егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындары өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;
7-1) егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап мәлімделген болса;
10) егер кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбарттың талабы мәлімделген болса, шығарылады.
80Азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж төлеу мөлшері салық заңнамасымен реттеледі.
81Бұл мерзім арыз сотқа келіп түскен күннен бастап есептеледі.