Конституция түсінігі мен мәні
АЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы энергетика және байланыс университеті
Электрэнергетика факультеті
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚР – ның Конституциялық құқығының негіздері
Орындаған: ЭССк-12-1 тобының
студенті Молдагазы А.Е
Тексерген: аға оқытушы
Касиенова К.М.
Алматы, 2015
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Конституция түсінігі мен мәні..........................................................................5
2. Қазақстанның конституцияының даму сатылары...........................................6
3. Қазақстан Республикасының конституциясының құрылыс негіздері..........8
Қорытынды..............................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................17
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясы — демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізі, басты нормативтік актісі. Бұл нормативтік актіде бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцяның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқытың ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықтық демкратиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тек құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.
Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеумен ерекешеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажетігінен туындайтын мәнінен сипатталады. Қазақстан Республикасы конституциялық құқының мемлекеттік мәні бар құқытық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында, Президенттің Президент туралы, Парламент және оның депутаттары туралы, Республикалық референдум туралы Жарлықтарында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болатын актінің бір ғана түрі қарастырылған – ол шешім. Қаулы емес, жарлық емес, конституциялық және жай заң емес, шешім. Осындай шешім қабылданғаннан кейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Әрине, өзгерістер мен толықтыруларға қажеттілік Конституцияның сапасына, конституциялық қағидалардың мемлекет пен қоғамның болашақтағы стратегиялық мақсттары мен міндеттеріне қаншалақты сәйкес келетіндігіне, конституциялық идеялардың қазіргі деңгейіне, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын қаншалықты бейнелей алатындығына байланысты туындайды.
Егер Қазақстан Республикасының Конституциясына қатаң талап тұрғысынан келсек, негізінен, ол бұған жауап бере алады. Қазақстандағы саяси тұрақтылық – бұл көбіне көп Конституция қызметінің нәтижесі. Мұны теріске шығаруға болмайды. Алайда, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы жетілдірілмейді деген сөз емес. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Сонымен бірге Конституцияның тұрақтылығына қамқорлық жасап та отыру қажет.
Конституциялық құқық мемлекеттегі ең негізгі құқық саласы б.т. Барлық құқық саласы одан бастау алады. Заң ғылымдарында «мемлекеттік құқық» термині «кон. құқық» орнына қолданылады. «Кон. құқық» деп атаған дұрысырақ. Себебі «ме.құқық» термині келесі себептерге сәйкес тиімсіз, тұрғындардың барлығы құқықты салаға бөлуді біле бермегендіктен, оны барлық ішкі мемлекеттік құқық ретінде түсінеді.
ҚР Конституцияылық құқығы – бұл ҚР конституциялық құрылысын ондағы адам мен азаматтардың құқықтық жағдайын мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының мәртебесін белгілейтін конституциялық құқықтың нормаларының жиынтығы. Конституциялық құқық келесі институттарды қарастырады: азаматтық, конституциялық құрылыс, Президент, Парламент, Үкмет, Сот, Конституциялық Кеңес, жергілікті басқару органдары.
Конституция түсінігі мен мәні
Конституция дегеніміз не? Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы. Ғылыми, саяси, құқықтық тұрғыда Конституция материалдық, нысандық мағынада өзіндік мән-маңызға ие.
Конституция материалдық мағынада – ең бірінші, елдегі адамның, азаматтың жеке құқықтары мен бостандығын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысандарын, жергілікті, орталық билік органдарының негіздерін, құзіреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттің рәміздерін, астанасын айқындайды, осылардың бәрі жөніндегі өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы болып саналады. Конституция нысандық мағынада – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни, Конституция – елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жүзінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол – конституциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік биліктің қатынастарын мемлекеттік – құқықтық реттеу негіздері ресми түр де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі. Әрбір жеке тәуелсіз мемелекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында қабылданды. Бірақ, осыншама қысқа мерзімде өз Конституциямызды қабылдағанда, бізге таң қалған ел аз болған жоқ. Біз олардың ешбіреуіне мән бермей, өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс-әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемелекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты. Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болды. Конституцияның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі принциптерін орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі.
Конституция Қазақстан Республикасы дербес мемелекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес құрылды. Конституцияның алғы сөзінде «Біз ортақ тарихы бар тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде екенін ұғуымыз керек. Бұл құр босқа жазыла салған сөз емес. Себебі, Қазақстан халқының тарихи тағдырының бірлігі Қазақстан аумағында көптеген ұлт өкілдерінің ондаған жылдар бойы бірге тұруы нәтижесінде қалыптасты. Олар әр кезеңде әр түрлі жолдармен қоныс аударды. Қазақ халқымен бірнеше ұрпақтардың өміріндегі Қазақстанда болған саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени оқиғалардың қатысушылары мен куәгерлері болды. Олар бірігіп, өздерінің тәуелсіздігін қорғай отырып, жеңіс үшін майданда бірге ерлік көрсетті.