Тақырып. Шет елдердегі Үкімет

1. Үкіметтің мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.

2. Үкіметтің қалыптасу тәртібі және құрылымы.

3. Үкіметтің құзіреті мен оның функциялары.

Үкiмет – мемлекеттiк билiктi жүзеге асырудың басты құралы ретiнде. Үкiмет түрлерi: бiрпартиялық, коалициялық «қызметтiк» Үкiмет.

Үкiметтiң қалыптасуының тәртiбi және оның басқару нысанынан тәуелсiздiгi. Үкiмет қалыптасуының жалпы және спецификалық ерекшелiктерi. Орталық ведомство жанындағы консультативтiк орган. Үкiметтiк органдардың шешiм қабылдауындағы кәсiпкерлiк және кәсiподақтық ұйымдардың рөлi. Үкiмет басшысы, оны тағайындау тәртiбi, құқықтық мәртебесi және рөлi. Монархиядағы және республикадағы үкiмет басшыларының құқықтық мәртебесiнiң жалпы және арнайы ерекшелiктерi. Үкiметтiң регламенттiк билiгi: Франция, Италия. Заң мен регламенттiң арақатынасы. Үкiмет және парламенттiң қарым-қатынасы. Парламенттiк республика (Италия, ФРГ, Индия), президенттiк республика (АҚШ) үкiметiнiң тарихи жауапкершiлiгi. Үкiмет құзыретiнiң негiздерi. Заң шығару аясындағы үкiмет өкiлеттiгi.

Билiктi бөлу концепциясын ұсынғандар, монарх өкiлеттiгi шектелген мемлекет басшысы бола отырып, сонымен қатар парламенттiң заңдарын орындайтын атқарушы билiктi жүзеге асырады, деп көрсетедi. Осы ұсыныстарға сәйкес қазiргi кезеңде әр елдiң конституцияларында атқарушы билiк не мемлекет басшысына немесе үкiметке (министрлер кеңесi, министрлер кабинетi, мемлекеттiк кеңес – Финляндияда, Федеральдық кеңес - Швейцарияда) жатады. АҚШ-та атқарушы билiктi Президент жүзеге асырады. Әр елде атқарушы билiк органдары әр түрлi аталғанмен, оны жинақтау ретiнде "үкiмет" деген термин қабылданды.

Кей елдерде мемлекет басшысы формальды түрде атқарушы билiкке ие болса, ал парламенттiк республикаларда және парламенттiк монархияда оны үкiмет жүзеге асырады. Жартылай президенттiк республикада Үкiмет президентке есеп бередi, ал атқарушы билiк тек үкiметке тиiс болуы қажет. (Израильде керiсiнше, Премьер-Министр сайланады, парламенттi таратады).

Атқарушы билiк заңдарды орындаумен ғана шектелмейдi, сонымен қатар реттеушi қызметтi де атқарады. Яғни, заңдардың орындалуы үшiн нормативтiк актiлер шығарады. Үкiмет пен онымен басқарылатын басқару аппараты мемлекеттiк механизмнiң құрамдас бөлiгi әрi орталық звеносы болып табылады.

Үкiмет көптеген мемлекеттерде – жоғары саяси басшылықты және жалпы мемлекеттiк iстердi басқаруды жүзеге асырушы ретiнде танылады. Үкiмет мемлекеттiң саясатының негiзгi мақсатын әзiрлеу және қалыптастыруды жүзеге асырады. Қазiргi кезеңде үкiметтiң парламенттен тәуелсiздiгi арта түскенмен, қоғамдық сұрау дамыған елдердегi тұрғындардың үкiметтiң саясатына немесе акцияларына деген терiс қатынастарды көрсетiп, оның дәрежесiн төмендетедi. Демократиялық мемлекет үкiметтiң саясатының үстiнен бақылау жасап отырады. Ол көбiнесе парламенттiк жауаптылық институтының құқық нормаларында бекiтiлуiнде тепе-теңдiк және тежемелiк жүйесiнде көрсетiледi.

Қазiргi уақытта Ұлыбританияда қалыптасқан "еркiн мандат" теориясы кең етек алып келе жатыр. Бұл iлiмге сәйкес сайлаушылар жалпы сайлауда депутаттыққа кандидаттыққа ғана емес үкiметтiң саясатын қолдайтыны немесе қолдамайтыны туралы да пiкiр айтады. Соған орай олар үкiметке мандат бередi және үкiмет сайлаушылардың еркi бойынша әрекет етедi. Парламенттiк дауыс беру кезiнде нақты тұлғаға (президентке, премьерге) немесе үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселеге көңiл бөлiнедi. Қысқаша айтқанда депутаттар сайланады, сонымен қатар үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселеде қозғалады (мысалы, Швейцарияда үкiмет те халықпен сайланады).

Атқарушы билiктi жүзеге асыруда бiр тұлғаның (президенттiк республикада монократиялық режимi бар елдерде) немесе алқалы органның басымдылығын көрсетедi, сондықтан үкiметтiң орталық министрлiктер мен ведомстволардың басшыларын бiрiктiретiн орган ретiндегi құқықтық мәртебесi әр түрлi.

Үкiмет билiгi – бiр ғана тұлғаның басымдылығында болса, үкiмет – мемлекет басшысының ең жақын кеңесшiлерi мен көмекшiлерiнiң жиынтығы ретiнде, ал олардың өкiлеттiктерi мемлекет басшысының билiгiнен еркiн болып табылады.

Ал, алқалы түрде болған кезде, ол парламенттiң арнайы қатысуымен қалыптасады және парламенттiк көпшiлiктiң қолдауын пайдалануға тиiстi әрi жеке өкiлеттiктерге ие болады.

Парламенттiк республикада, монархияда және жартылай президенттiк республикада, президенттiң немесе монархтың кейбiр актiлерi әрекет етуi үшiн оған премьер –министрдiң өз қолын қоюын да талап етедi. Ол, контрасигнатура деп аталады. (Латын стiлiнен аударғанда "contra" – қарсы, "signare" – қол қою).

Абсолюттiк монархияда мемлекет басшысы және атқарушы билiк басшысы – монарх, кораль, сұлтан болып табылады.

Үкiмет – атқарушы билiктiң алқалы органы, жалпы құзыретке ие болып және мемлекеттiк басқаруға басшылықты жүзеге асырады. Ол, әкiмшiлiк, яғни атқарушы-реттеушi қызметтi жүзеге асырады. Әр елде үкiмет құрамындағы лауазымды тұлғалар өзгеше. Оның құрамына кiретiн Премьер-Министр басқа да ресми аталуы мүмкiн (мысалы, ҚХР – мемлекеттiк кеңестiң премьерi, Швейцарияда – мемлекеттiк Министр). АҚШ-та сыртқы iстер министрiн – мемлекеттiк хатшы деп атайды, басқа министрлердi – хатшылар деп атаса, ал, Ұлыбританияда министрлердi жағдайына байланысты "аға" және "кiшi" деп ажыратады. Сонымен қатар үкiметтiң құрамына портфельсiз министрлер енедi, олар ведомстволарға басшылық жасамаса да отырыстарда шешушi дауысқа ие болады. Ұлыбританияда - лорд-канцлер әдiлет министрi, ал канцлер – қаржы министрi. Кейбiр елдерде конституциямен және заңмен министрлердiң саны анықталады, Ирландияда – 7-15, Норвегияда 7-ден төмен болмайтын және т.с.с..

үкiмет құрылымдардан құрылады. Осындай органдардың төрт түрi қарастырылады:

Ұлыбритания, Индияда – үкiмет және кабинет; үкiметке барлық министрлер енгенмен, олар толық құрамда жиналмайды, сондықтан елдi кабинет басқарады;

континентальды құқықтық елдерде (Франция) министрлер кеңесi (үкiметтiң ресми отырысына президент төрағалық етедi) және кабинет кеңесi (премьер-министр төрағалық етедi, жедел мәселелердi қарастырады);

Үкiметтiң iшiнде президиум және бюро ерекше органдар ретiнде, премьер-министр, оның орынбасарлары;

Ведомствоаралық комитеттер және комиссиялар.

Үкiметтiң түрлерi (партиялық құрам бойынша): парламенттiк, мемлекетте егер қандай да бiр партия абсолюттiк көпшiлiкке ие болса, онда бiр партиялы үкiмет құрылады.

Президенттiк республикада – бiр партиялық үкiмет құрылады. Мемлекет басшысы министрдi өз партиясынан тағайындайды. Егер парламенттiк монархияда немесе парламенттiк республикада парламентте қандай да бiр партияның басымдылығы болмаса, онда бiрнеше партияларды лидерлерiмен коалициялық үкiмет қалыптасады (Италия, Финляндия, Дания, Жапония).

Үкiмет атынан немесе атқарушы билiк басшысы атынан немесе кабинет комитетi атынан қабылданған актiлер, шешiмдер заңдылық жағынан ерекшеленедi. Нормативтiк құқықтық актiлер: АҚШ-та президенттiң атқарушы бұйрығы; Ұлыбританияда – Кеңестегi монархтың бұйрығы; Францияда – ордонанстар және декреттер.

Наши рекомендации