Тақырып. Ұлыбританияның конституциялық құқығы негіздері

1. Ұлыбританияның конституциялық актілерінің ерешеліктері.

2. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері.

3. Мемлекет билік органдар жүйесі, олардың құқықтық мәртебесі.

4. Ұлыбританияның сот билігі.

Ұлыбританияның конституциялық құқығы өзге мемлекеттердiң конституциялық құқығынан және конституцияларынан былайша ерекшеленедi:

-алғашқы конституциялық сипаттағы актiлерi еуропа мемлекеттерiнiң конституцияларынан 200-500 жылдар бұрын қабылданған;

-соған қарамастан жазылған конституциясы жоқ;

-бiртұтас кодифицикацияландырылмаған;

-Ұлыбританияның конституциясы аталған конституциялық актiлерден өзге көптеген конституциялық соттық шешiмдерi ("тiрi конституция");

-конституциялық дәстүр (премьер-министрдi жеңген партиялық лидерiн тағайындау).

-Ұлыбританияның конституциялық сипаттағы маңызды актiлерi:

-Еркiндiктiң Ұлы хартиясы (1215 ж.);

-Хабеас корпус акт (1679 ж.);

-Құқықтар туралы билль (1689 ж.);

-Мұрагерлiкке қалдыру туралы акт (1689 ж.);

-Парламент туралы актiлер (1911 ж., 1949 ж.);

-Министрлер коронасы туралы актiлер (1937 ж., 1964 ж., 1975 ж.);

-Халықтық өкiлдер туралы акт (1983 ж.);

-Азаматтық туралы акт (1981 ж.);

-Пэрлар туралы акт (1963 ж.);

-Қауымдар палатасы туралы акт (1978 ж.);

-Жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы акт (1972 ж., 1974 ж.).

Басқару нысаны – конституциялық монархия. Алғашқы ағылшын парламентi 1265 жылы құрылды және король билiгiн шектедi. Осы уақыттан бастап парламентаризмнiң бiрiншi дәстүрi басталды. Парламентаризм Ұлыбританияда О.Кромвельдiң республикалық диктатурасынан кейiн 17 ғасырдың ортасында бекiтiлдi.

Қазiргi Ұлыбританияда мемлекеттiк билiктiң жоғары органдары:

монарх (король, королева);

парламент (монархпен бiрге);

басында премьер-министр бар министрлер кабинетi (Үкiмет).

Монарх – мемлекет басшысы және шiркеу басшысы.

Британдық құқықтық доктрина – билiк халықтан емес, монархтан шығады,- деп шығарды.

Монарх мәртебесiн реттейтiн акт тақты мұрагерлiкке қалдыру актiсi – 1701, кастильдiк жүйе – еркек те әйел адам да таққа отыра алады. Негiзiнде мұрагерлiкке үлкен ұлы, егер ұлы болмаса, онда қызы (1952 Георг I-ның қызы – Елизавета - II) отыра алады.

Ұлыбритания монархы – католик бола алмайды (тек протестант) – монархтың әйелi немесе әйел монархтың күйеуi католик бола алмайды. Тақ тек мұрагер мен оның ұлдарына берiледi.

Корольдiң әйелi – королева, ал королеваның күйеуi монарх құқығына ие болмайды. Бiрақ, балалары ие бола алады.

Корольдiң басымдылығы – жеке (коронаға, мантияға, атаққа, цивильдiк қағазға – АҚШ долларына шаққанда 12 миллион доллары. Елизавета II салықтан босатылудан бас тартты) және саяси (парламенттiң құрамдас бөлiгi; заңға абсолюттiк вето қазiргi уақытта "ұйқыдағы өкiлеттiк" – 300 жыл қолданылған жоқ; өз еркiмен премьер-министрлердi тағайындау, ол конституциялық актiлерде орын алмаған; қауымдар палатасын таратады; ағылшын шiркеуiне басшылық етедi; әскери күштерге бас қолбасшы; дипломатиялық өкiлдердi тағайындайды, халықаралық шарттарға қол қояды.

Британ монархы - Ұлыбританиядан басқа 17 елдiң (Британ қауымдастығының (Канада, Австрия және Жаңа Зеландияның) – мемлекет басшысы; монарх – дворяндық титулдарды (пэрлар) және лордтар палатасының мүшелерiн тағайындайды; әлемде ең беделдi монархтың бiрi болып табылады).

Парламент құрылымы: монарх, лордтар палатасы және қауымдар палатасы.

Лордтар палатасы: ұрпақ бойынша; 1260 мүше, тек 100 мүшесi өз мiндетiне қатал қарайды. Құрамы: пэрлер (дворян), барон (ең төменгi титул), виконттар, графстволар, марксизмдер, герцегтер әр жыл сайын пэрлердiң саны 2 өседi, себебi королеваның туған күнi және Рождество күнi, Ұлыбританияның алдында сiңiрген еңбегi үшiн дворяндық титул бередi. Осы құрамындағы мүшелердiң 4 категориясы енедi: 770 мұрагер пэрлер; 450 өмiр бойына тағайындалған пэрлер, титулдарын мұраға бере алмайды (олар парламентарийлер, Ғалымдар, премьер-министр, мысалы, М.Тэтчер орнынан кеткеннен кейiн – баронесса болды, лордтар палатасының - өмiр бойы мүшесi), 26 – дiни лордтар, 12 – соттық лордтар – олар пэрлер болып табылады. Лордтар палатасының басшысы – лорд-канцлер, сот билiгiнiң басшысы болып табылады. Үкiмет министрi – премьер-министрiнiң ұсынысы бойынша, королевамен тағайындалады, парламентпен сайланбайды. Лордтар – жергiлiктi және өнеркәсiп аристократияларының өкiлдерi. 1911 жылдан бастап лордтар Палатасын тарату, жойып, оның орнына тең өкiлдi Сенатты құру туралы ұсыныс жасалды.

Қауымдар палатасы. Негiзгi қызметi: елдiң iшкi және сыртқы саясатының маңызды мәселелерi; заңдарды қабылдау; бюджеттi қабылдау; Үкiмет қызметiне бақылау жүргiзу. Сайлануы: халықпен (Ұлыбританияның азаматы, 18 жас, Ирландия мен қауымдастықтың азаматы; мажоритарлық жүйенiң салыстырмалы көпшiлiгi, бiр мандатты сайлау округi, өкiлеттiк мерзiмi - 5 жыл, мерзiмiнен бұрын таратылуы мүмкiн). Депутаттар саны – 659, Англиядан – 539, Шотландиядан – 61, Уэльстан – 41, Солтүстiк Ирландиядан – 18.

Талаптары: Ұлыбритания азаматы; 21 жас; қол жинау; сайлау аманаты – 500 фунт стерлинг (750 АҚШ-тың доллары), егер округ бойынша 5 пайыз дауыс жинамаса ол қайтарылмайды; басқаратын спикер (король мен премьер-министрден кейiнгi 3-шi тұлға); сенiмсiздiк таныта алады.

Үкiмет – құрамы – 100:

-премьер-министр, мемлекеттiк хатшылар, портфельсiз министрлер, кiшi министрлер;

-алқа – министрлер кабинетi (25 адам);

-премьер-министр – мәртебесi – көбiнесе дәстүрге байланысты, заңмен реттелмеген; өкiлеттiк мерзiмi шектелмеген, мысалы М.Тэтчер – 11 жыл (1979-1990 ж.ж.); Қауымдар палатасының мүшесi; Парламенттi тарату туралы ұсыныс жасай алады; королеваның актiсiне Премьер-министр қол қояды (контрассигнатура); королева атынан әрекет етедi; Парламент алдында жауапты (Қауымдар палатасы).

Партиялық жүйе: консервативтiк (дәстүрлi британ тұтастығы, жеке меншiк, мемлекеттiң экономикаға аз араласуы, оның конференциясы 2 жыл сайын) және лейбористiк (1900 – жұмысшылар мен кәсiподақтар партиясы, 100 мың мүше).

Ұлыбритания бiртұтас мемлекет. Құрамы:

-Ұлыбритания корольдығы мен Солтүстiк Ирландия, (Англия, Уэльс,Шотландия және Солтүстiк Ирландия);

-Пролив аралы және Мэн аралы – ерекше мәртебе;

-Тәуелдi аумақтар: Фолкленд аралы, Қасиеттi Елена аралы, Бермуд аралы, Гибралтар, Каймоновтар аралы, Британдық Виргинс аралы, Теркс және Кайнос аралы, Монтсеррат аралы, Питэрл аралы, олардың өздерiнiң басқару органдары бар.

1999 жылға дейiн жеке корольдiк және үкiмет болмауы, оларда бiртұтас британдық Парламент, үкiмет және монарх болды.

Қазiргi кезде Т.Блэйрдiң ұсынысымен Солтүстiк Ирландияда және Уэльсте референдум өткiзiлдi.

1997-1999 ж.ж. тұрғындардың пiкiрiмен "ұлттық" парламент:

1. Солтүстiк Ирландық;

2. Шотландық;

3. Уэльс ассамблеясы;

Жалпы британдық.

Әкiмшiлiк-аумајтық бөлiнiсi – 1994 жылға дейiн: Англияда -45 графство, Уэльсте – 8 графство, Солтүстiк Ирландияда – 6 графство, Шотландияда – 9 округ және 3 аралдық округ болды. 1994 жылғы реформадан кейiн: Англияда – 45 графство; Солтүстiк Ирландияда 6 графство, Уэльс – 11 ауылдық графстволар, 11 қалалық графстволар; Шотландияда – 32 муниципальдық, 3 аралдық бiрлiк.

Лондонда – мэр мен қалалық кеңес жоқ, басқару – қалалық аудан деңгейiнде жүзеге асырылады.

Ұлыбританияның сот жүйесi. Англосаксондық құқық жүйесi. Сот прецедентi. Сот өкiлеттiгi – монарх, лорд-канцлер соты. 1873 жылы жалпы құқық пен әдiлдiк құқығы қосылып, бiртұтас құқықтық жүйе қалыптасты.

Ерекшелiгi: 3 автономдық сот жүйесi: - Англия мен Уэльсте жалпы; Шотландия; Солтүстiк Ирландия.

Жалпы соттар жүйесi: магистраттар соттары және графстволар соттары(бейбiтшiлiк (мировой) судьялар – елде 20 мың, жалпы негiздегi беделдi адамдар, заңгерлер емес); Жоғары соттар және лордтар Палатасы – азаматтық iстер бойынша дауларды қарайды (құрамы 3 бөлiмнен тұрады: корольдiң тағы бөлiмi – сауда және мұхит арқылы тасу; кеңесшiлер бөлiмi – интеллектуальдық меншiк, банкрот; жанұялық бөлiм – күрделi отбасы даулары).

Тәж соты – қылмыстық iстердi, ал апелляциялық соттар оларға түскен шағымды қарайды.

Судьялардың өкiлеттiк мерзiмi - өмiр бойы.

- Шотландияда:

- аудандық соттар;

- шерифтiк соттар;

- Эдинбургте – жоғары сот инстанциясы – азаматтық iстер бойынша;

-Юстициарлардың Жоғары соты – қылмыстық iстер бойынша қарамайды.

Пролив аралы мен Мэн аралында жеке сот жүйесi: шешiмдерiн королева жанындағы құпия кеңесiнiң сот комитетi.

Жоғары сот инстанциясы – барлық Ұлыбритания үшiн – лордтар Палатасы – басында – лорд-канцлер. Заңгер лордтардың алқасы.

Наши рекомендации