Адамды әлеуметтендірудің негізгі концепцияларына талдау жасаңыз.

Адам, тұлға мәселесі - өркениеттер жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі. Ол көне заманнан бері түрлі ғылым өкілдерінің ойынан орын алған. Теориялық және эмпирикалық жағынан қанша зерттелсе де, әлі күнге дейін белгілі бір жүйеге түспеген, ең күрделі мәселелердің бірі болып қала бермек. Адам өзіне бүкіл әлемді сидыра алады деп бекер айтылмаса керек. Әр адам көзге көрінетін және көрінбейтін жіптер арқылы қоршаған ортамен байланысты және онсыз өзін қоғамдық тұлға ретінде таныта алмайды. Міне дәл осы индивид пен адам, қоғам арасындағы ортақ қатынасты социология ғылымы қарастырады. Енді, тұлға ұғымына келсек. Тұлға, индивид, адам жақын ұғымдар болғанымен, әр түрлі ғылым объектілері болып табылады. Адам жер бетіндегі эволюциялық дамудың биологиялық және әлеуметтік қатынастарда біріктірілген күрделі түрі болып табылады. Әр жеке адам индивид, ол қайта тумайды. Жекелік туралы сөз еткенде де осы қайталанбастығын алға тартамыз. Адамға әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, ең алдымен оны қоғам мүшесі, қоғамдық мүдделерді жеткізуші деп қарастырамыз. Адам мен әлеуметтік орта арасындағы қарым-қатынасты зерттегенде тұлға сыртқы қозғаушы күш ретінде қана емес, әлеуметтік субъект, өзіндік қажеттіліктері мен қызығушылықтары қалыптасқан қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі болып табылады. Алайда, социологтар адамның қоғамдық құрылымына ғана қызығушылық танытпайды, олар өз зерттеулеріне биологиялық, психологиялық және т.б әсерлерді арқау етеді.Тұлға ұғымының мазмұнына нелер кіреді? Бірден бірнеше сұрақтар туындайды; кез келген индивид тұлға ма, индивидті тұлға деп тануға қойылатын шарттар қандай, олар жас мөлшерімен, таныммен, басқа да қасиеттермен байланысты ма және т.б. «Әлеуметтендірудің міндеті - қоғамда жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу» деген Э. Дюркгейм мен Т. Парсонстың теориялары көптеген зерттеушілерге түрткі болды. Сөйтіп, педагогикалық терминдер сөздігінде «әлеуметтендіру - бұл отбасымен және қоғаммен қарым-қатынас кезінде адамдардың рөлдерінің алмасу процесі» деп сипаттама берiледi.

Бүгінде әлеуметтену процесінің әрбір кезеңіндегі үш топтың міндеттері төмендегідей анықталған:

1.Мәдени-жаратылыстану міндеті - бұл дене және жыныстық дамудың белгілі бір деңгейге жетуiмен сипатталады;

2.Әлеуметтік-мәдени міндеті - танымдық, адамгершілік-моральдық, құндылық қасиеттердiң әртүрлі жастағы адамдарға тән болуымен сипатталады.

Адамның әлеуметтік-мәдени міндеті:

а) институттар мен басқа да жоғары оқу орнындағы тәрбиелік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;

ә) ол адамның өз практикасынан, өмірдегі көрген-білгенінен тұрады.

3.Әлеуметтік-психологиялық міндеті- жеке адамның өзін-өзі танып білуi немес өз идеяларын болашақта жүзеге асыруға қабілетті бола білуi арқылы анықталады.

Жеке адам туралы ой-пiкiрлер ерте кездегi шығыс ғұламалары, атап айтқанда М. Қашғари, Қайқаус, Қ. Иассауи және т.б. еңбектерiнде кеңiнен орын алған. Мәселен, Қайқаус өзiнiң «Қабуснама» атты еңбегiнде: «Адамдықты бiлдiретiн үш қасиет бар, соның бiрi - жәуанмәртлiк. Жәуәнмәрт болам десең көзiңдi жаман қараудан, тiлiңдi жаман сөзден, қолыңды жаман iстен сақта» деп көрсетедi.

Баланың дамуы күрделi қайшылықтары бар процесс болып табылады. Бұған негiзгi педагогикалық үш фактор әсер етедi.

1.Тұқымқуалаушылық

2. Орта

3. Тәрбие.

1. Ұрпақтарда ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың болуы тұқымқуалаушылық деп аталады. Мысалы: балаға ата-анадан дене қалыптасуы, шаштың түсi, көздерiнiң, терiлерiнiң түсi ауыса алады. Осының бәрi туа бiткен дене ерекшелiктерi деп аталады. И.П.Павловтың iлiмiне сәйкес адам туылған кезде толып жатқан туа бiткен қасиеттермен туылады. Олар: тамақтану, қорғану, бағдарлау, тiлдiң дамуы, тiк жүру және т.б. Бұл қасиеттер адамдармен араласу барысында қалыптасады. Егер бала адаммен қарым-қатынаста болмаса, ол жүре де, сөйлей де алмайды.

1.Адамның дамуына орта ықпал етедi. Олар: географиялық орта, үй-iшi ортасы, әлеуметтiк орта және ұжымдық орта болып бөлiнедi. Мысалы солтүстiк аймақта өмiр сүретiн адамдар мен оңтүстiкте өмiр сүретiн адамдардың мiнез-құлқы мен әрекетiнде өзгешелiктер кездеседi. Өйткенi олар өмiр сүретiн ортаның температурасы мен табиғаты олардың болмысына өз ықпалын тигiзедi.

Отбасының өзi ондағы баланың қалыптасуына әртүрлi әсер етедi. Тiптi бiрдей ортадағы әртүрлi отбасыларында тәрбие алған балалар әртүрлi болады. Оған отбасының мынадай белгiлерi әсерiн тигiзедi:

- отбасының құрамы;

- отбасындағы адамдардың жас мөлшерi мен баланың отбасындағы туылу реті (тұңғышы, кенжесі секілді);

- отбасындағы әлеуметтiк-материалдық жағдай;

- отбасындағы психологиялық климат және өзара қарым-қатынас;

- отбасында қолданылатын салт-дәстүрлер.

2.Тәрбие - баланың дамуына ықпал ететiн негiзгi әрi шешушi фактор болып табылады. Тәрбиенiң басқа факторлардан айырмашылығы - ол адамның дамуына әрқашан да мақсат көздеп ықпал етуi.

Әлеуметтену процесiне бiрнеше негiзгi факторлар әсер етедi. Олар: мегофакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар және микрофакторлар (1-Сурет).

Мегофакторларға (мего - өте үлкен, жалпы деген мағынаны бiлдiредi) космос, планета, әлем және т.б. жатқызуға болады.

Макрофактор (макро - үлкен деген мағынаны бiлдiредi), оған ел, қоғамдық этнос, мемлекеттiң әлеуметтенуге әсерiн түсiнемiз.Ел - мәдени-географиялық феномен. Бұл географиялық жағдайы мен табиғи ерекшеліктері арқылы айқын ерекшеленетін, белгілі шекарасы бар территория. Ол мемлекеттік егемен немесе басқа елдің билігінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, бір елдің құрамында бірнеше кішкентай мемлекеттер болуы мүмкін.

Мезофактор (мезо - орта, аралық деген мағынаны бiлдiредi) - бұлар үлкен адамдар тобының әлеуметтенуге тигiзетiн әсерi. Әлеуметтендірудің мезофакторларына этнос, аймақ, халық жатады.

Бұқаралық қарым-қатынас құралдарының негізгі қызметтерін қарастырайық:

1. Ақпараттық қызмет. Теледидардағы бағдарламалар, радио, газеттердегі хабарлар және т.б. арқылы адам өзінің ақпараттық әлемін қалыптастырады.

2. Рекреативтік қызмет. Бұқаралық қарым-қатынас құралдары көп жағдайда топтық немесе жеке-дара адамдардың бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін айқындайды. Бұл қызмет барлық адамдарды күнделікті тұрмыстық күйбелеңнен біршама ауытқытып, сергітеді.

3. Релаксациялық қызмет. Қоршаған әлеуметтік ортамен немесе басқа да өмір құбылыстарындағы қарым-қатынаста қиындық көріп отырған жастар мен жасөспірімдер үшін бұл қызмет ерекше сипатқа ие.

4. Нормативтік қызмет. Бұқаралық қарым-қатынас құралдарын пайдалану барлық жас ерекшеліктеріндегі адамдардың белгілі бір нормалар спектрін игеруіне ықпал етеді.

Мезофакторлардың жекелеген адамдарға әсері арқылы төртiншi топ факторы анықталады. Оны микрофактордеп атаймыз (микро - кiшi деген мағынаны бiлдiредi).

Әлеуметтендірудің микрофакторларына отбасы, тәрбие институттары, құрдастар тобы, микроорта, ұйымдар (соның ішінде діни ұйымдар да) жатады.

Тәрбие институттары - нақтылы әлеуметтік-кәсіби құрылымға немесе нақтылы жас аралығындағы адамдардың дамуы үшін мақсатты да жоспарлы ұйымдастыру мақсатында қоғам мен мемлекет тарапынан арнайы ұйымдастырылған ұйымТәрбие әлеуметтік институт ретінде қоғамдық өмірде нақтылы қызметті қамтиды. Олар мыналар:

- мақсатты бағытталған жағдайды жасау арқылы қоғамның мүшесін дайындау мен дамыту мәселесі тек тәрбие процесі арқылы ғана жүзеге асырылады;

- қоғамдық өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етуді мәдениетті қолға алу және оны жаңартып, қолдануға ыңғайлы ету арқылы жүзеге асыру;

- қоғам мүшелерінің қарым-қатынасы мен іс-әрекетін және талпынысын иинтеграциялау.

Наши рекомендации