Бап. Кінәсіздікпен зиян келтiру 16 страница

261-бап. Адамды кепiлге алу

1. Кепiлге алынған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе басқа да адамды қандай да бiр әрекет жасауға немесе қандай да бiр әрекет жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында жасалған, адамды кепiлге алу немесе кепiл ретiнде ұстау –

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бiрнеше рет;

3) өмiрге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып;

4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;

5) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

6) кінәлі адамға жүктiлiк жағдайда екені көрiнеу белгілі әйелге қатысты;

7) көрiнеу дәрменсiз күйдегi адамға қатысты;

8) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

9) пайдакүнемдiк ниетпен немесе жалдау бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет –

жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе биліктiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

262-бап. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға

басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу

1. Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету –

мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу –

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы Кодекстiң 262, 263, 264, 265 және 268-баптарында қылмыстық топқа қатысуын өз еркiмен тоқтатқан және қылмыстық топ жасап жатқан немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсендi түрде ықпал еткен адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

263-бап. Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық

ету, сол сияқты оған қатысу

1. Бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құру не оған басшылық ету, сол сияқты ұйымдасқан топтар (қылмыстық ұйымдар) басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бiрлестiгiн құру немесе дербес әрекет ететiн ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) қылмыстық әрекеттерiн үйлестiру –

мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар, қылмыстық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қылмыстық қоғамдастыққа қатысуы –

мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қылмыстық әрекеттердi үйлестiру мақсатында ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар басшыларының, өзге де қатысушыларының жиналысына, оның iшiнде байланыс құралдарын пайдалана отырып қатысу –

мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) басшылары арасында жетекшi орын алатын адам жасаған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

264-бап. Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық

қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету,

сол сияқты оларға қатысу

1. Трансұлттық ұйымдасқан топты немесе трансұлттық қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе трансұлттық қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету –

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу –

мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

265-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған

басшылық ету, сол сияқты оған қатысу

1. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру, сол сияқты оған

басшылық ету –

мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа қатысу –

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, он жетi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

266-бап. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол

сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру

арналарын әзiрлеу

1. Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды, қылмыстық қоғамдастықты, трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық ұйымды, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты немесе банданы қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатынын көрінеу білетін адамның жеке тұлғаға не адамдар тобына не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе мүлiктiк сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдығы, демеушiлiк және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерiн көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі –

мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Қылмыстық топқа қатысушының мүлiктi сақтауы, бөлуi, сондай-ақ қаржыландыру арналарын әзiрлеуi –

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам не қоғамдық бірлестік лидері жасаған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыруды күш қолдану қатерін төндіріп жүзеге асырған және бұл туралы өз еркiмен мәлiмдеген адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

267-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру

1. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды құру, сол сияқты осындай құралымға басшылық ету –

екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымға қатысу –

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Заңсыз әскерилендірілген құралымға қатысуын өз еркімен тоқтатқан және қаруы мен әскери жарағын тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

268-бап. Бандитизм

1. Тұрақты қарулы топты (банданы) құру, сол сияқты осындай топқа (бандаға) басшылық ету –

мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасап жүрген шабуылдарға қатысу –

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және

байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды

басып алу

1. Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу –

үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;

4) қаруды не қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;

5) пайдакүнемдiк ниетпен немесе жалдау бойынша;

6) мемлекеттiк органдардың немесе мемлекеттiк мекемелердiң ғимараттарына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

270-бап. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол

составын айдап әкету, сол сияқты басып алу

1. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты айдап әкету мақсатында осындай кемені немесе составты басып алу –

екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп;

4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

271-бап. Теңiз қарақшылығы

1. Теңiз немесе өзен кемесiне бөтеннiң мүлкiн иеленіп алу мақсатында күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп шабуыл жасау –

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет не қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып жасалған дәл сол іс-әрекет –

мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

272-бап. Жаппай тәртiпсiздiк

1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру –

төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаппай тәртiпсiздiкке қатысу –

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру –

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау

Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау –

алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату

1. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –

бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –

жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер –

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

275-бап. Жаппай қырып-жою қаруын, қару-жарақты және

әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылатын

технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың

және көрсетілетін қызметтердің заңсыз экспорты

Жаппай қырып-жою қаруын, оны жеткiзу құралдарын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн және оларға қатысты арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердiң заңсыз экспорты –

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

276-бап. Атом энергиясын пайдалану объектiлерiнде

қауiпсiздiк қағидаларын бұзу

1. Атом энергиясы пайдаланатын объектiлерді орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану, жөндеу, пайдаланудан алып тастау кезiнде, сол сияқты ядролық материалдармен, радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен немесе иондаушы сәулелену көздерiмен жұмыс істеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Абайсызда адам өлiмiне немесе қоршаған ортаның радиоактивтiк зақымдануына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

277-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу

кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу

1. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

278-бап. Сапасыз салынған құрылыс

1. Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргiзушiлердiң және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтiн ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдердi, электр станцияларын, тұрғын үйлердi немесе өзге де құрылыс объектiлерiн пайдалануға тапсыруы және (немесе) қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуi, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

279-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің

талаптарын бұзу

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет –

Наши рекомендации