ХибстаҒы ҰрыныҢ мінажаты

Уф, Алла! Бітті қаным, шықты жаным,

Шірір ме бұл хибста ғазиз тәнім?

Таусылып көздің майы, қуат кеміп,

Сиқым бар жан танымас, кетті мәнім.

Мінеки, жиырма бес ай мен жатқалы,

Хибста тұтқын болып дәм татқалы.

Ұшырап жетім-жесір қарғысына,

Ерік кетіп қол-аяқты байлатқалы.

Пәле боп іздеп басқа тапқанымыз:

Жазасын тартып қазір жатқанымыз.

«Пәленше пәлен» деген атқа мәз боп,

Аяғы неге соқты мақтанымыз!

Бит, бүрге, қандалалар қанды сорып,

Қасынып түнде ұйқы жоқ, жанды қорып.

Білмейміз елдегілер неғылып жүр,

Қазіргі осы боп тұр біздің жорық.

Қара нан қыжылдатып, жүрек кесіп,

Жатасың жамбасыңды тақтай тесіп.

Осы екен: «ұрлық түбі – қорлық» деген,

Япырм-ай, құтылармыз енді нешік?

Алмайтын мықты неме елдің сөзін,

Тісіңді қайра да жат өзіңе-өзің.

Кілтті есік, тас кереге, темірлі әйнек,

Шыға алмай құр жылтырап екі көзің.

Найзалы мылтық, қылыш қолына алып,

Күні-түні күзетшілер тұрған бағып.

Білінсе бір кәдігің бітті саудаң,

Батырым, құтыларсың бұдан неғып?

Астыңа жел жетпесті мініп алып,

Күн бұрын мал өрісін біліп алып,

Жабысып ат жалына ай жарықта

Кететін қолдар мынау іліп алып.

Жануар қысса тақым сезуші еді,

Қайшылап құлақтарын безуші еді.

Өзі тоқ, жетектегі семіз шіркін,

Әреңге қызыл май боп еруші еді.

Кептіріп аттың терін тек тұрмадық,

Байлардан шама келсе көпті ұрладық.

Сүйекке әбден сіңіп алғаннан соң,

«Кедейдің көкшолағы» деп тұрмадық.

Жолдастар қосылушы еді әлдеқайдан,

Демеуші-ек: «Мынау – Арғын, мынау – Найман».

Шыққанда елден аулақ таң бозарып,

Әндетіп өтуші едік терең сайдан.

Деуші едік ұрлық малды «түнде туған»,

Жігітті «батыр» деуші ек оны қуған.

«Қой!» деген ақыл сөзді құлаққа ілмей,

Көз жасы енді мынау бетті жуған.

Басымнан кінәм асып мұнда түстім,

Ақыры не болғанын көрдім істің.

Босатып бір ат берсе жіберетін,

Көзімнен болыс, билер бір-бір ұштың.

Жаза гөр топырақты елден, Алла!

Тілегін міскіндердің берген, Алла!

Құлыңа екі жаза бере көрме,

Кеше гөр, қылдым тәуба, тәуба, тәуба!

хибстаҒы ҰрыныҢ мінажаты - student2.ru

ЛМҰХАММЕД (ӘЛМАҒАМБЕТ) ОСПАНҰЛЫ

(1886–1966)

Алаш қайраткерлерінің сенімді серігі, ақын, дін қайраткері Әлмұхаммед Оспанұлы 1886 жылы Торғай уезі, Тосын болысының №4 ауылына қарасты Бестау өңіріндегі «Сасықсор» деген жерде дүниеге келген.

12 жасына дейін ауыл молдасынан сауатын ашқан ол 13 жасында Торғай қаласындағы 4 кластық орыс қолөнер мектебіне түсіп, «ағаш ұстасы» деген мамандық алып шығады. 17 жасында Торғай қаласындағы 6 жылдық орыс мектебінінің 4-ші класына қабылданып, оны 1905 жылы тамамдайды. 1911–1916 жылдар аралығында Троицк қаласындағы «Расулия» медресінде білім алған ақын 1923 жылға дейінгі аралықта өз білімін жалғастырып, ізденумен болады.

1926 жылы Уфа муфтиінің жарлығымен Торғай уезіне мұхтасиф болып тағайындалып, бұл қызметті 1929 жылға дейін атқарады. 1929 жылы «алашордашыл», «ұлтшыл ұйым мүшесі» деп айыпталып, қуғын-сүргінге ұшыраған ақын 1944 жылы ақталып шығады. Содан бастап әр түрлі қызметпен айналысқан Әлмұхаммед Оспанұлы өмірінің соңында туған жерге оралып, 1966 жылы өмірден өткен.

СӨЗ БАСЫ. ӨЗІМЕ

Тақырып

Ғазал жаз, Әлмұхамбет, қалам ұштап,

Доғарма зеһиніңді қараңғы ұстап.

Паш айла пікіріңді баян етіп,

Шықсын аш іштегі шер сыртқа тастап.

Үндемей отыруыңды өнер көрмей,

Өзіңді тұтқын қылып өзің ұстап.

Артыңа аз да болса бір сөз қалдыр,

Көргендей кейінгі жас қолына ұстап.

Білемін талап етсең сөз табасың,

Алыстан тартпасаң да терең нұсқап.

Жоқ болса сауатыңда сөз самалы,

Мен сені ұстар ма едім, сонша қыстап.

Тақырып

Не түрлі танимысың, заманыңды,

Өлшеп піш заманыңа ғаламыңды.

Сыр ашпай, жасырынып бұққанменен,

Білмей ме халық сенің жаманыңды.

«Айқаптың»журналына көмек көрсет,

Қыстырып шашуға арнап шамалыңды,

Ғасырдың сөз өлшеген сыншылары

Байқасын жүйрік, яки шабаныңды.

АЗАҒЫМА

Тақырып

Қарашы, мынау халқым, неткен заман,

Көндіріп өз дегенін өткен заман.

Көл жайлап, бие байлап, толықсыған,

Дәуірі көшпендінің біткен заман.

Қармалып қараңғыда қазақ жатыр,

Басқалар бар мақсатқа жеткен заман.

Ішіп-жеп, басып-жаншып, пайдаланып,

Теңдіксіз ұрып-соғып, кеткен заман.

Бір тиын пайдаға аспай бара жатыр,

Ұрлықты зорлықпенен сөккен заман.

Берілген басты адамдар партияға,

Көрмесін еш біреуін серттен аман.

Құмары азаматтың ала қағаз.

Сауы жоқ және ішімдік дерттен аман.

Қараңғы надан елдің күні құрсын,

Бұралқы қадірі жоқ иттен жаман.

Кел, қазақ, надандықтан қоштасалық,

Қайырылмас қанша айтқанмен кеткен заман.

Қатардан қалыспасқа қам етелік,

Қалмасын кейінгі жас тіпті надан.

Жастарды жасөспірім, жаңа талап,

Сақталық, бұл адасқан беттен аман.

Үйреніп өнер-білім өрге жүзіп,

Сау қалсын, саналы жас шеттен аман.

Наши рекомендации