Мирас Университеті 1997 жылы құрылған. АБ № 0137422 мерзімі шектеусіз мемлекеттік лицензия.
Мирас университеті өзінің қызметін 1997 жылдың мамыр айында, Халықаралық стандартқа сай білімді технологиялар өңдеу орталығы ретінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігімен 1996 жылы тамыз айында ашылған А.Яссауи атындағы ХҚТУ оқу-ғылыми орталығының негізінде бастады.
2006 - магистратура мамандықтарына лицензия алынды;
2007 - ҚР университеттерінің меморандумы жасалған;
2008 - ҚР БҒМ аттестациясынан сәтті өтті;
2009 - университеттерді аккредитациялау бойынша Америкалық кеңестің аккредитациясынан өтті;
2010 - университетке тәуекелдіктің орташа деңгейі берілген, бұл деңгейге ҚР тек мемлекеттік жоо енді.
2012 - Мирас Университеті International Alliance for Innovation "Technology & Education IAINTECHED" Американдық ассоциацияға мүше болды;
2013 - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің мемлекеттік аттесттауынан сәтті өтті.
Мирас университеті оқыту үдерісіне инновациялық амал дәстүрін жалғастыра отырып, білім алушының, оқытушылар мен қоғамның қажеттілігін түсіне, тәрбиешілер мен білім беру ісінің маңызын сезініп, экономикалық жағдайды бағалап, 2016 – 2018 жылдарға сапа саласындағы келесі саясатты белгілейді:
Ø білім беру мекемесі және жоғары оқу орнының қызметкерлері үшін мансабын дамыту орталығы ретінде жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, жоғары оқу орнын басқарудың тиімді моделін дамыту;
Ø тәжірибелік дағдыларына және көшбасшылық қасиеттеріне ие, дамып келе жатқан экономиканың кадрлық іргетасын құрайтын жоғары білікті кадрлар дайындау;
Ø білім берудің қолжетімділігін арттыруға бағытталған қаржы саясатын қалыптастыру;
Ø оқыту мен бизнес процестерінің тиімділігін, жоғары оқу орны мен оның қатысушыларының өмірлік әрекетінің сапасын арттыру үшін, жаңа технологиялар енгізу;
Ø білім алушылардың кәсіби бағдарының жүйесін жасау және мансабын жоспарлау аясында өзара серіктестік қатынасын дамыту;
Ø білім беру жүйесінде халықаралық тәжірибені біріктіру мақсатында халықаралық байланысты дамыту;
Ø ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру, ғылыми зерттеулерді коммерциялау әлеуетін дамыту және ынталандыру.
1. Білім беру мекемесі және жоғары оқу орнының қызметкерлері үшін мансабын дамыту орталығы ретінде жоғары оқу орынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, жоғары оқу орнын басқарудың тиімді моделін дамыту.
a. Оқыту мен бизнес процестерінің тиімділігін, жоғары оқу орны мен оның қатысушыларының өмірлік әрекетінің сапасын арттыру үшін, жаңа технологиялар енгізу.
b. Басқарушылық тәжірибе алмасу үшін, іскерлік саласына әр алуан саладан топ менеджерлер тарту.
c. Кадрларды бағалау және уәждемелеу жүйесін дамыту.
d. 2017-2019 жылдарға қабылдау компаниясының аясында талапкерлер контингентін 50%-ға көтеру мақсатында оқушыларды тарту жүйесін жетілдіру.
e. Жоғарғы оқу орының Star System өмірлік әрекетіне студенттерді тарту жүйесін дамыту.
2. Тәжірибелік дағдыларына және көшбасшылық қасиеттеріне ие, дамып келе жатқан экономиканың кадрлық іргетасын құрайтын жоғары білікті кадрлар дайындау.
a. Тәжірибелік дағды мен құзіреттілігін қалыптастыратын пән үлесін арттыру жолымен оқыту бағдарламасын қайта ұйымдастыру.
b. Тәжірибе базасын кеңейту, мақсатты іскерлік саланың ірі ұйымы, көшбасшыларымен серіктестікті кеңейту.
c. Кадрларды дайындаудың мақсатты бағыты ретінде ақпараттық және коммуникациялық технология сияқты бағыттарды дамыту, ағылшын тілін, туризмді, дизайнді, меңгеру.
d. Білім беру бағдарламасын (ББ) жаңарту.
e. Пәндерді меңгеру аясында көшбасшылық құзіреттілікті қалыптастыру үшін, инновациялық білім беру технологиясын жасау және енгізу. Time management, Public speaking, компьютерлік қосымша дағдылары, басқарушылық машықтары, маркетинг және жарнама, жоспарлау және бюджет сияқты құзіреттіліктерін міндетті қалыптастыру.
f. Оқыту процесін жетілдіруге арналған материалды-техникалық базаны ұлғайту: виртуалды зертханалар жабдығын, интерактивті сабақтар, бекіту конференцияларын өткізуге арналған виртуалды айқындық көзілдірігі.
3. Білім алушылардың кәсіби бағдарының жүйесін жасау және мансабын жоспарлау аясында өзара серіктестік қатынасын дамыту
a. Қала және облыс мектептерімен бірлесе отырып, ғылым саласында, тәжірибе, білім беру және тәрбие ісін ұйымдастыру саласында серіктестік бағдарламасын жасау.
b. Жұмыс берушілермен серіктестік бағдарламасын жасау.
c. Мақсатты сегменттер өкілдерімен бірлесе отырып, оқыту-полигон орталықтарын ашу.
d. 2017 жылға «Түйіндеме Банкі» жобасы аясында жұмыспен қамту құралдарын автоматтандыру.
4. Жоғары оқу орны жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін климат жасау үшін, университеттің кадрлық әлеуетін дамыту.
a. Біліктілік, уәждемелеуді және жоғары оқу орнымен серіктестікті арттыруда оқытушылар, қызметкерлер мен белсенділер арасындағы кәсіби жоғарылау үлгісін жасау. Жасалу және орындалу мерзімі -2016 -2018 жж.
b. Оқыту, ғылым, баспа және жоба жұмыстарының саласында, тәрбие және кәсіби бағдар жұмысын қозғалысқа келтіретін оқытушының рейтингісін бағалау негізінде уәждемелеу жүйесін жасау – 2016-2017 о. ж.
c. Жоғары оқу орнының қолдауымен РНD бағдарламаларында ПОҚ оқыту бағдарламасын енгізу жолымен кадрларда жоғары оқу орнының қажеттілігін қанағаттандыру, жас мамандарды тарту. 2016-2017 о. ж.
d. KPI жүйесін енгізу, 2016 -2017 жж.
e. Қызметкерлердің серіктестік бағдарламасын енгізу жолымен жыл сайын орта есеппен жиынтық кірісін 5%-ға арттыру.
5. Білім берудің қолжетімділігін арттыруға бағытталған қаржы саясатын қалыптастыру
a. Жеңілдіктер ұсыну ережелерін қайта қарау. 2018 жылға дейін 40 % дейін жеңілдік бағдарламасына білім алушыларды тарту.
b. Білім алушыларды төленбелі еңбекпен қамтуымен қамтамасыз ету мақсатында дуальді білім алу, үйірме жұмыстары, жоғары оқу орнының үгіт және шаруашылық жұмыстары, коммерциялау, тағылымдамалар ұйымдастыру форматында студенттерді жұмыспен қамту бағдарламасын жасау, 2018 жылға дейін 5%-ға дейін қамту.
c. Серіктестік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және студенттерді қолдаудың әлеуметтік бағдарламасын дамыту мақсатында серіктестік бағдарламасын дамыту. Мақсатты салалары - Медицина, қаржы қызметтері, ұялы және интернет провайдерлері, ақпараттық орталықтар, транспорт, қоғамдық тамақтану және бөлшек сауда қызметтері. Қамту - 2018 жылға дейін күндізгі контингенттен 100%-ға дейін.
d. Білім алушылардың әр түрлі қатарының қажеттілігі мен мүмкіндігіне бағдарланған жоғары оқу орнының қаржы саясатын қалыптастыру. Оқудың төлем жүйесін дамыту. Оқудың «бөліп төлеу» немесе төлем мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар бағдарламасын жасау.
6. Білім беру жүйесіне халықаралық тәжірибені интеграциялау мақсатында халықаралық байланысты дамыту
a. 2 дипломдық білім беру бағдарламасын дамыту, 2016- 2017 оқу жылынан бастап.
b. Білім беру және жастармен жұмыс жүргізу саласындағы серіктестік бағдарламасын орындауды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарымен серіктестікті нығайту ( Erasmus+, Model UN, Access және басқалары).
c. Ғылыми серіктестік және тағылымдама базасын кеңейту мақсатында ғылыми және зерттеу орталықтарымен шарттар жасасу.
7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру, ғылыми зерттеулерді коммерциялаудығ әлеуетін арттыру және қарқындату, ПОҚ және білім алушылардың ғылыми жұмыстарды орындау жолымен біліктілігін арттыру.
a. Кәсіпкерлік дағдыларын дамыту үшін, жобалар жасауға студенттер/магистранттар тарту және ынталандыру.
b. Ғылыми жұмыстарды қаржыландырудың үлесін жыл сайын 20%-дан кем етпей арттыру.
c. Аймақтық өзгешелік жағдайларына талап етілген салалардағы ғылыми зерттеулерді дамыту. Білім алушыларды бизнес жобаларды орындауға ынталандыру.
d. Ғылыми жұмыстарды қаржыландырудың үлесін жыл сайын 20%-дан кем етпей арттыру.
e. Аумақтық өзгешелік жағдайларына талап етілген салалардағы ғылыми зерттеулерді дамыту.
5В011900-Шетел тілі: Екі шет тілі мамандық жөнінде ақпарат.
Екі шет тілін тәмамдаған бітіруші сәйкесінше әлемдегі ең көп қолданылатын екі тілді меңгеріп шығады. Оған екі бірдей квалификация ұсынылады. Бірі педагогикалық, екіншісі аударма ісі. Нақты мамандықтарға мән берер болсақ, бізде ағылшын тілі мұғалімі мен аударма ісі мамандықтары бөлек оқытылады. Ал біз талдап отырған мамандық (Екі шет тілі) екеуінің бірегейі болып табылады. Демек, бітіруші негізгі ағылшын және екінші таңдалған (екінші тілді таңдау студенттің өз мүддесіне беріледі) шет тілдері бойынша ұстаздық етуіне болады. Сонымен қатар, егер тілдерді білуі мен біліктілігі жетсе, аудармашы, тіпті синхронды аудармашы болып жұмыс істеуіне мүмкіндіктер болады.
Қызмет түрлері:
· Жалпы орта мектепте шет тілдердің мұғалімі (екі еуропа немесе бір еуропа және бір шығыс тілдері бойынша);
· Ағылшын және неміс тілдері мұғалімі;
· Ағылшын және француз тілдері мұғалімі;
· Француз немесе ағылшын тілдері мұғалімі;
· Арнайы мамандандырылған мектептер мен лицейлерде шет тілдері бойынша ұстаздық ету;
· Арнайы оқу орталықтары мен орта мамандандырылған колледждерде ұстаз болу;
· Магистрлік деңгейді жалғастыра оқыған кезде, ЖОО-да аға оқытушы болып қызмет етуге болады;
· Еліміздегі шетелдік компанияларда аудармашы болып жұмыс атқару;
· БАҚ аясында шетелдік ақпараттық дереккөздерден тікелей аударатын мәтіндік аудармашы болу;
· Шетелдік тұлғаларға сапалы синхронды аудармашы болу;
Шетел тілі: Екі шет тілі мамандығын ұсынатын ЖОО-дар:
· Абылай атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университеті;
· Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті;
· Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті;
· Сүлеймен Демирел атындағы Университет;
· Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті;
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғылыми бағытқа ауысқандықтан, өткен жылдан бастап бұл мамандық алып тасталынды. Одан өзге де облыс орталықтары мен олардың үлкен қалаларында орналасқан педагогиқалық ЖОО осы мамандық бойынша талапкерлерді қабылдайды.
Шетел тілі: Екі шет тілі мамандығының оқыту бағдарламасы негізінен педагогикалық бағытқа көп көңіл бөледі. Сол себепті осы мамандықты алып шыққан бітірушілер көбіне ұстаз болып қызмет атқарып жүр. Дегенмен, бұл әрбір студенттің өзіне де байланысты болады. Атап өтсек, ол өзі егер алғырлық етіп аударма саласында еңбек ете алса, оған ешбір нәрсе тосқауыл бола алмайды, яғни біліктілігі соған сәйкес келе береді.
Жалпы біліv беретін пәндер оқытылатын болады.
- Студентке міндетті дәрістер:
· Қазақстан тарихы;
· Ағылшын тілінің базалық білімі
· Философия;
· Қазақ тілі (орыс тілі);
· Екінші шет тілі (Al – деңгейі, A2 -деңгейі),
· Информатика;
- Студентке таңдау құқығы берілетін дәрістер:
· Мамандыққа кіріспе дәрістері;
· Жалпы педагогика;
· Жалпы психология;
· Жалпы тіл біліміне кіріспе;
· Қазақ әдебиеті;
· Кәсіби орыс тілі;
· Ағылшын тілін оқыту әдістемесі;
· Ағылшын тілінің стилистикасы;
· Екінші шет тілінің ауызекі сөйлеу стилі;
· Ағылшын тілінің фонетикасы;
· Ағылшын тілінің грамматикасы;
· Латын тілі;
· Ағылшын тілінің лексикологиясы;
· Оқытылып жатқан тілдің әдебиеті;
· Елтану;
· Теориялық грамматика;
Жалпы тұрғыдан айтқанда, бұл мамандықтың болашақта мүмкіндіктері өте мол. Себебі, қазіргі кезде, шет тілдерін игеру жыл өткен сайын маңыздық танытып келеуде. Жаһандану үдерісі де осының бір дәлелі деуге болады.
Мамандықтар: