Ақыл кемділік науқастары үшін хоспис қызметі

Ақыл кемдігінің жантәсілім сатысындағы науқастарға ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек көрсету экспериментальды бағдарламасының жүргізілген нәтижелері мен хоспис қызметі бойынша, бұл әдіс науқастар жайлылығының жоғарлауына ықпал жасауы және оларды күтетін адамдарға көмектесуі мүмкін.

Соңғы кездері алдын ала жоспарлау сұрақтарында, егер олардың өміріне қауіп төндіретін аурулар кезінде қандай көмекті қалайтындығын шешуде, адамдардың мүддемелік танытулары жоғарлауда.

-

Оқыту мейірбикенің атқаратын жұмысының ажырамас бір бөлігі болып табылады:

Танымдық-пациент ақпараттарды түсінеді,біледі және ақпаратттарды талдай алады.

Психомоторлық-пациент ақыл-ес және қимыл әрекетін өзгерте отырып,кез-келген жағдайларға бейімделе алады және қандай да бір жағдайда өзін сенімді ұстай алу қабілетіне ие болады.Білім алушы эмоциялық, физикалық, психологиялық іс –әрекеттерге дайын болады.

Эмоциональді-пациент ақпаратты вербальді немесе вербальді емес тәсілмен ала отырып,ой ойын,пікірін,эмоциясын білдіре отырып ақпарат алады.

Мейірбикелік педагогика-бұл мейірбикенің кәсібилігін, өзінің шығармашылық потенциалдарын көрсете алатын мейірбикелік істің бір бөлігі. Мейірбике педагог және тәрбиелеуші ролін атқара отырып мейірбикелік істің айырылмас бөлігі болып саналатын – медициналық этика, деонтология және мейірбикелік философия, қарым-қатынас жасаудағы мәдениеттің үнемі ескеруі қажет. Пациенттерді және оның туыстарын оқыту — мейірбике күтімінің элементі болып табылады.

Мейірбикелік педагогика келесі мақсаттарға ие:

-Өмір сүру салтын өзгерту,

-Созылмалы ауруларға пациентті бейімдеу

Мейірбике жұмыс жасау барысында әр түрлі деңгейдегі пациенттермен және түрлі проблемалармен кездеседі,осы кезде ол өз білімі мен төзімділігін көрсете білуі тиіс.Мейірбике қабылдаудың тәсілдері мен кеңес беруді істей алуы тиіс.

Мейірбикенің оқыту тәсілдеріне кіреді:

· Ауызша(ауызша мазмұндама,кеңес беру)

· Көз қараспен(видеороликтер,презентация,атлас)

· Практикалық(артериялы қан қысымын өлшеу,дене қызуын өлшеу,ингалятордың қолдану ережесін,небулайзерді қолдануды үйрету)

Пациентке үйретер алдында оңайынан бастауы қажет,бірақ ең алдымен қажеттілігі жөнінде маңыздыларын анықтап алу қажет.

Пациент және оның туыстарын оқыту мейірбикелік процеске кіреді.

Пациентті бақылау кезінде мейірбике оның анық сыртқы өзгерістерін байқайды:

· кекті – қатынас жасау қажеттілігінің, эмоционалдық өрісінің бұзылулары, психикалық аурулар, мінездегі және тәрбиесіндегі ақаулар;

· қорыққан– қорқыныш сезіміне, психикалық жағдайларына (фобия, невроз және т.б.), темпераментіне (меланхол), күмәншілікке, тұрақсыздыққа нұсқайды;

· енжарлық- темпераменттігі бойынша »флегматик» болып саналады, өрісінің патологиялық өзгерістер (селсоқтық), жігерінің патологиясының (абулия немесе гипобулия) өзгеруі мүмкін, сонымен қатар мінез-құлқының жекелік ерекшеліктері болуы мүмкін.

· сасқалақтық — жеке басының ерекшелігіне, қорқыныш сезіміне (алдағы тексерістің мәнін, ем алу жоспарын, ауруының болжамын білмеу және т.б.) нұсқайды; Өз-өзіне орын таппауы, психомоторлы қозуымен дәлелденеді, алдағы жасалынатын тексерістерден, операциядан, манипуляциялардан және т.б. қорқу, ауруының батып ауруы, эмоционалдық шок;

· аффектегі жағдай — эмоционалдық өрісінің қысқа мерзімге қозуы;

· салмақты – тұрақты эмоционалдық жағдайының, мінез-құлқының ережесі болып табылады;

· үрейленген белгісі — қолын уқалау, дауысындағы эмоционалдық жағдайының және мінезінің ерекшелігінің тұрақсыздықтың байқалуы, алдағы манипуляциялар мен тексерулерден қорқуына нұсқайды.

Психомоторлық өрісі мінезінің, сезімінің, қозғалысының өзгерісінің дамуының өзгеруін сипаттайды, жеке тұлғаның жалпы психомоторлық дамуынан, жүйке-психикалық ауруларынан тәуелді болады.

Әлеуметтік — психологиялық өрісі — пациенттің азаматтық жағын, оның жекелік және қызметтік ерекшеліктерін, яғни қабілеттілігін, ой-өрісін, өз-өзіне баға беруін, бағытын, еңбекке қабілеттілігін, оқып-үйренуіне деген қатынасын бейнелейді.Пациентті оқыту пациенттің немесе оның жанұя мүшелерінің келесі педагогикалық жағдайларда орындайтын қызметіне байланысты қалыптасады:-сырттан қабылдаған ақпарттарды енжар қабылауынан және ұғынуынан. Бұл жағдайда оқыту негізіне дайын ақпараттарды келесі хабарлау, түсіндіру, көрсету және пациенттің кейбір іс-әрекеттеріне талап ету әдістері жатады.

Ақпаратты қолдану және белсенді түрдегі өзіндік іздену, бұл жағдайда пациент әсердің салдарынан қалыптасып жатқан өз мақсаттары мен назарын субъект ретінде қарастырады. Бағытты іздену және ақпараттарды қолдану арқылы сырттай ұйымдастырылған іс-әрекеттер.Ұшінші жағдайдағы оқытудың негізінде мейірбикелік проблемаларды қою, қойылған мақсатарды пациентпен және оның жанұя мүшелерімен бірлесіп талқылау, бірлесіп жоспарлау, нәтижелерді бағалау, қателіктерді талқылау әдістері бойынша жүзеге асырылатын процесстерді басқарып отыру жатады. Пациенттің денсаулығын қалпын келтірудегі дағдысы мен ептілігін қалыптастыру мейірбикенің практикалық іс-әрекеттеріне бағытталуы тиіс.

Наши рекомендации