СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары.

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
  1. Қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау қаулысын; Оқиға болған жерді қарау хаттамасын толтырыңыз. Беттестіру, Адамды тану үшін көрсету қаулысын толтырыңыз. Түсініктеме беріңіз. Тінту жүргізу туралы қаулыны және тінту хаттамасын жасаңыз. Түсініктеме беріңіз.     4-апта 1) Хаттама толтыру 2) қаулы толтыру 3) түсініктеме беру.    
1. «Ақтау және қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз іс әрекетімен келтірілген зиянды өтеу» - тақырыбна реферат жазыңыз. 2. Куәландыру жүргізу туралы қаулы мен куәландыру хаттамасын жасаңыз, түсініктеме беріңіз. 3. «Анықтаушы – қылмыстық іс жүргізу құқығының субъектісі ретінде»- тақырыбына баяндама жазыңыз.     7-апта 1) Реферат, 2)хаттама жасау 3) баяндама, конспект,
1. Алдын ала тергеу сатысында тергеушімен жүргізілетін тергеу әрекеттері бойынша кесте құраңыз. 2. Сот медициналық сараптаманы тағайындау туралы қаулысын жасаңыз. Айып тағу хаттамасын жасаңыз. 3. «Қылмыстық процесс бойынша процесуалдық құжаттар»- тақырыбына реферат жазыңыз.   11-апта 1) кесте 2)қаулы, хаттама 3) реферат
1 Қылмыстық істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы қаулысын, Істі қосымша тергеуге қайтару туралы мәселені шешу үшін алдын ала тыңдауды өткізу туралы Қаулысын жасаңыз. 2. Қылмыстық істерді біріктіру туралы шешімді қабылдау үшін алдын ала тыңдауды өткізу туралы, қылмыстық ңстерді бөлектеу туралы конспект жазыңыз 3. Қылмыстық істерді бөлектеу туралы конспект жазыныз.     14-апта 1) қаулы 2) конспект 3) конспект    
  Барлығы    

Глоссарий

Бірінші сатыдағы сот – қылмыстық істі мәні бойынша қайта қарайтын сот.

Апелляциялық саты – бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулысына, апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қайта қарайтын екінші сатыдағы сот.

Қадағалау сатысы – тараптардың осы сатының сот алдындағы сот сатыларының заңды күшіне енген сот шешімдерніне шағым, наразылығы бойынша істерді қайта қадағалау тәртібінде қарайтын сот.

Судья– сот билігінің иесі. Осы лауазымға заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған немесе сайланған кәсіпқой судья.

Сот– сот билігі органы; ҚР-ның сот жүйесіне кіретін, істі алқалық немесе жеке қарайтын кез-келген заңды түрде құрылған сот.

Төрағалық етуші – қылмыстық істі алқылық немесе жеке қарау кезінде төрағалық ететін судья.

Алқаби – соттың қылмыстық істі ҚІЖК –де белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған ҚР-ның азаматы.

Басты сот талқылауы – бірінші сатыдағы соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы.

Процесске қатысушылар – қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар: прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілі, , жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері.

Тараптар– сот талқылауында бәсекелестікпен тең құқықтылық негізінде айыптауды және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдармен адамдар.

Қылмыстық ізге түсу – қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақысатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.

Алдын -ала трегеу – уәкілетті органдардың қылмыстық заңмен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.

Қылмыстық іс –жасалды деп жорамалданған бір немесе бірнеше қылмыстар бойынша қылмыстық ізге түсу органы мен сот жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу.

Аралық бақылау тапсырмалары.

Реферат тақырыптары:

Аралық бақылау.

1. Қылмыстық ісіті қозғаудың негіздерін сипаттаңыз.

2. Қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау қаулысын құрастырыңыз.

3. Қылмыстық іс жүргізудің сатыларын сипаттаңыз.

4. Алдын ала тергеу сатысын сипаттаңыз.

5. Алдын ала тергеу кезінде толтырылуға тиісті құжаттарды құрастырыңыз.

6. Тергеу іс әрекетінің хаттамасын сипаттаңыз.

7. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту хаттамасын сипаттаңыз, құрастырыңыз.

8. Беттестіру хаттамасын құрастырыңыз.

9. Жауап алу тәртібін сипаттаңыз және жауап алу хаттамасын құрастырыңыз.

10. Кәмелетке толмаған куәдан не меесе жәбірленушіден жауап алу алудың ерекшеліктерін жазыңыз.

11. Тексеру жүргізудің жалпы ережелерін жазыңыз.

12. Эксгумация жүргізудің процесуалдық тәртібін жазыңыз,

13. Куәландыру түсінігі, куәландыру хаттмамасын сипаттаңыз.

14. Тінту мен алу жүргізудің процессуалдық тәртібін сипаттап жазыңыз.

15. Тінту мен алу хаттамасын толтырыңыз.

Наши рекомендации