Азақстан Республикасының "Білім туралы" заңы.

Білім беру жүйесі өз қызметінің барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Аз ғана уақыт аралығында елдегі сауатсыздық жойылып, жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары құрылып, жалпыға бірдей оқу ісі жүргізілді. XX ғасырдың 60-жылдарындағы ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша КСРО дүние жүзінде екінші орынды иеленді. ЮНЕСКО бақылаушылары ақысыз орта және жоғары білім беруді жоғары бағалады. Олардың көзқарастары бойынша Кеңес Одағының тәжірибесін сақтап қалу тиімді, ол ұлттық негіздегі білім беру жүйесі, осы тәжірибеге сүйенуі керек. Бірақ, айта кететін бір жәйт, кеңестік білім беру

саласында оның дамуына кедергі келтірген кемшіліктер де болды. Әсіресе, Білім беру жүйесінің шектен тыс идеологияландырылуы, өмірденжәне әлемдік тәжірибеден алшақ болуы, тарихи-мәдени, этнопедагогикалық құндылықтарды ескермеу, оқу орындары мен білім мазмұнының қатаң әрі біркелкі болуы т.б.

Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік-экономикалық өмірдің түбірімен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына қажеттілік туғызды. Бұл орайда, жүргізіліп жатқан реформалар, бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін әрі қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда, егемендіктің алғашқы жылдарында бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті орта білім беру ісі өзгерістерге ұшырап, батыстық үлгіге көшуге талпыныс жасалды. Ендігі жерде білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемлекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнайы талдау жасау қажеттігі туды. Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынды. 1992 ж., 1999 жыл білім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы, орта білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекетік стандарттары бекітілді.

Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңының ережелеріне сүйенеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы (Ата заңы) бойынша, (30 бап):

-азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында ақысыз орта білім алуға кепілдік береді, орта білім міндетті:

-мемлекет жалпыға міндетті білім стандарттарын белгідейді, кез-келген оқу орындарының қызметі осы стандарттарға сәйкес болуы керек.

1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:

1.ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.

2.Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.

3.Білімнің зайырлылығы

4.Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

5.Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.

6.Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.

7.Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.

8.Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.

9.Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.

10.Оқушыларды көсіптік бағытқа бейімдеу.

11 .Білім беру саласының информатикаландырылуы.

Заң орта және бастауыш кәсіптік, сондай-ақ конкурстық негізде (мемлекетті білім беру заңына сәйкес) орта кәсіптік ақысыз білім алуға кепілдік береді, егер азамат осы деңгейлердің әрқайсысын бірінші рет білім алса. Білім бағдарламалары үздіксіз және сабақтастық қағидалар негізінде білім берудің төрт деңгейін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 1-6 (7) жас аралығында мектепке дейінгі оқыту орындарында немесе отбасында жүзеге асады. Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте немесе отбасыңда 5-6 жасар балалар міндетті түрде мектепке дайындау жүргізілуі тиіс. Орта білім-жалпы орта (бастауыш, негізгі, орта) немесе кәсіптік (бастауыш, орта) білімді қамтиды.

Наши рекомендации