Студенттің білімі мен біліктілігіне қойылатын кәсіби талаптар.
Практикадан соң студент білуі тиіс:
- Педагогикалық процесс теориясын мектеп тәжірибесіне енгізудің жолдарын, бастауыш білім беру жүйесіне байланысты мұғалімнің қызметінің әрбір сыныптағы, әрбір пән бойынша ерекшеліктерін;
- Тәжірибелік – эксперименттік, ғылыми зерттеушілік бағыттағы жұмыстарды жоспарлау, жүргізу, қорытындылау әдістерін;
- Кәсіптік жұмысын бастауыш білім беру проблемаларына, сыныпта туындап отырған нақты жағдайларға, өзіндік талдауға негіздеп, педагогикалық процестің нәтижелігін қамтамасыз ету жолдарын ;
- Жаңа педагогикалық технологиялар мен озат тәжірибелерді оқу – тәрбие процесінде тиімді пайдалану жолдарын т.б.
Практикадан соң студент бойында төмендегі біліктіліктер қалыптасуы тиіс:
- бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндер бойынша сабақ жүйесін өз бетінше жоспарлау және өткізу;
- сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие шаралары, ата – аналармен жұмыс түрлерін өз бетінше жоспарлау, өткізу;
- ғылыми зерттеу, тәжірибелік экспериментжұмыстарын проектілеу, өткізу, қорытындылау;
- шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыстарын жинақтау, ашық сабақ түрінде көрсету;
- педагогикалық процестің, іс-әрекеттің нәтижесіне ғылыми тұрғыдан болжам жасап, оның әдістерін, формаларын, технологиясын жетілдіру.
Аталған БН төмендегі компетенциялардың қалыптасуының негізі болып табылады: (ҚР МЖМБС 5.03.005-2009 (2009.09.01) (университеттің ПП 08.06/16) және негізгі білім бағдарламасын (НББ) игеру нәтижесіне сәйкес)
Практикадан өтудің мақсаты төмендегідей білім жетістіктеріне жету нәтиежесімен анықталады:
Білім:
-ҚР-ның кәсіптік әрекет аясындағы құқықтық және адамгершілік –этикалық нормалар жүйесінің негізін;
- адами құндылық нормаларына негізделген толеранттық, адалдық, әділдік, мамандығына және балаларға деген сүйіспеншілікті;
- Педагогиканың методологиялық негіздері мен категорияларын; даму заңдылықтарын және кіші мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік қалыптасуын;
- кіші мектеп жасындағы баланың жас ерекшелігін, анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын;
– мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін;
- Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға ата-аналарды тарту әдістері мен инновациялық формаларын;
- педагогикалық үрдістегі үштік ( бала ата-ана, тәрбиеші) қарым-қатыстың орыны мен маңызын;
мұғалім және мектепке оқу-тәрбие процесі туралы студенттердің толық түсінігін қалыптастыру.
Білік:
- оқу-тәрбие үрдісін жобалау, педагогикалық әрекетті жоспарлау, педагогикалық мақсатқа жету;
- тұтас педагогикалық үрдістің нәтижесін бағалау, реттеу, оқу-тәрбие –үрдісін құру;
- кіші мектеп жасындағы балалардың жас және жеке-даре ерекшелігін есекріп, оқу-таным әрекетін ұйымдастыру;
- кіші мектеп жасындағы балалардың жеке және топтық қарым-қатынасын ұйымдастыру;
- кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қазіргі технологияларды пайдалану;
-кіші мектеп жасындағы балалардың өзіндік, танымдық, шығармашылық әрекетін ұйымдастыру үшін заттық, кеңістік орта құру;
- кәсіби әрекетте және күнделікті өмірде денсаудық сақтау технологиясын қолдану;
- өздігінен оқу, өзіндік үйрену стилін сезіну, ойлау, өздігінен білім алу, өзіндік даму қажеттілігін жетілдіру.
- мектептегі мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне кәсіптік қызығушылықтың негізінде студенттердің кәсіптік позицияны және тәрбиеші еңбегінің қыр-сырын оқып-үйрену біліктілігін қалыптастыру.
Дағды : педагогикалық мәдениетті қалыптастыру мен байқау жазбаларын жүргізе, талдай, алынған хабарларды тарата, оларды практика күнделігінде толық және дұрыс бере білугк дағдыландыру.
- компьютерлік сауаттылығы;
- тілдік және сөздік дамуы;
- кіші мектеп жасындағы балалармен қарам-қатынасты ұйымдастыру; шығармашылық іс-әрекет;
- мектептегі тұтас педагогикалық үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану;
- жалпы мәдени құндылықтарды және әдет-ғұрыптарды балаларға жеткізе білу, өзін тұлға ретінде сезіну;
- педагогогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру (бала- педагог, педагог - бала, педагог - ата-ана).
Жұмыс бағдарламасы төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастырады:
- Жалпы мәдени құзыреттілік
- басқа адамдармен қажетті қатынасты ұстау және қолдау қабілеттілігі;
- ақпараттық технологияны меңгеру қабілеті, барлық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуі, өздігімен іздей білуі, қажетті ақпаратты таңдауы және талдауы, ұйымдастыруы, жасауы, сақтауы және жеткізе алуы.
- өзінің міндетін атқаруда кешенді келуі және талдау ойлай білуі қабілеті, өзін-өзі жетілдіру және дамыту, тұлғаның кәсіби өзгеруін құралдарын меңгерген.
- әлеуметтік өзара әрекетте өмір сүре алуы және қалыптасу қабілеті, басқалармен келісе алу мүмкіндігі және жауапкершілік пікір таласта тиімді бейімделуі мен өзгере алуы. Кәсіби бірлестікте қатынасты сақтауы, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілікпен қарауы..
- ақпараттық технологияны меңгеру қабілеті, ақпараттың барлық түрімен жұмыс істеуі, ақпаратты өздігінен іздеп тауып, талдау, керекті мәліметті алу, ұйымдастыру, қайта құру, сақтау және оны бере білу қабілеттілігі.
- Кәсіби құзыреттілік
- Арнайы құзыреттілік
- Коммуникативтік құзыреттілік
- Ақпараттық құзыреттілік
- Зияткерлік құзыреттілігі
- Әлеуметтік
- Дара құзыреттігігі
- Бейіндік құзыреттілігі