Должность Претензии Роспись 4 страница
2. Көрсетілген автокөлік Мемлекеттік автоинспекция 2001 жылғы 4 маусымда берген № 254336 техникалық паспорттың негізінде маған, Тілегенов Қанат Дулатұлына тиесілі.
3. Автокөлік төрт жүз жетпіс бес мың (475000) теңгеге сатылады. Көрсетілген соманы қол қою кезінде азамат Сағынтаев Азамат Бекенұлы төлейді.
4. Осы уақытқа дейін көрсетілген автокөлік ешкімге саталған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарық өтеуге берілген жоқ.
5. Осы келісімшартты ресімдеудің шығынын азамат Сағынтаев Азамат Бекенұлы төлейді.
6. Осы келісімшарт үш дана етіп жасалынған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екінші данасы азамат Тілегенов Қанат Дулатұлына, үшінші данасы азамат Сағынтаев Азамат Бекенұлына берілді.
Тараптардың қолы сатушы
Сатып алушы
2008 жылдың 24 маусым осы келісімшартты мен, Сыздықова Алмагүл Алтайқызы, Көкшетау қаласындағы лицензия № 321 «Болашақ» нотариалдық кеңсенің нотариуысы куәландырдым.
Осы келісішартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, сатылатын автокөліктің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.
Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 254 тізбеге тіркелді. Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус қолы
Тапсырма.
Сөздікті оқып, есіңізде сақтаңыз.
Жекеменшік құқығы бойынша – по праву собственности
Сатушыға тиесілі – принадлежащий продавцу
Ешкімге сатылған жоқ – никому не продан
Қарыз өтеу- уплата долгов
Менің қатысуым кезінде- в моем присутствии
Тұтқынға алынған жоқ – под орестом не состоит
Беру – алу актісі – передачный акт
Тапсырма.
Сөз тіркестерін аударыңыз
Келісімшарт жасау, тараптардың қолы, куәландыру, автокөлікті сату – сатып алу туралы келісімшарт, келісімшартты рәсімдеу, жекеменшік құқығы, осы уақытқа дейін, кепілдікке алынбаған, куәгерлердің қатысуымен расталды.
Тапсырма.
Екі қатардағы мағыналары жақын сөздерді табыңыз
1 _____________ шағынаудан 1) салық төлеу 2 ______________ жұмсау 2) растау 3 ______________ салық алу 3) жіберу 4 ______________ куәландыру 4) мөлтек аудан 5 ______________ мерзімі 5) қолдану 6 ______________ пайдалану 6) осы күнге дейін 7 ______________ тиесілі 7) белгіленеді 8 ______________ төлем 8) уақыты 9 _______________ көрсетіледі 9) қатысты 10 ______________ осы уақытқа дейін 10) ақы |
Тапсырма
Тест тапсырмаларын орындаңыз
1. Келісімшарт қандай құжат?
а) Сенім білдіретін
ә) кепілдік беретін
б) келісімді белгілейтін
в) түсінік беретін
2. Келісімшарт қандай жағдайда жасалады?
а) Белгілі бір затты сатқанда неменсе сатып алғанда
ә) белгілі затқа кепілдік бергенде
б) келеңсіз жағдайда
в) түсінік бергенде
3. Келісімшарттың неше түрі бар?
а) 2
ә) 5
б) 3
в) 1
4. Келісімшарт неше дана етіп жасалады?
а) 2
ә) 5
б) 3
в) 1
5. Келісімшарт қайда куәландырылады?
а) кеңседе
ә) мекемеде
б) нотариуста
в) оқу орынында
6. Тараптардың қолы қандай құжатқа тиісті мәлімет?
а) түсініктеме
ә) қолхат
б) баяндаухат
в) өтініш
7. Құжаттың аты құжаттың қай бөлігінде жазылады?
а) ортасында
ә) басында
б) соңында
в) мәтінде
8. Келісімшартты кім дауыстап оқиды?
а) мұғалім
ә) нотариус
б) бағдарламашы
в) кәсіпкер
9. Сыйға беру ...... келісімшарт
а) арқылы
ә) туралы
б) келісім
в) келісілген
10. Келісімшарт ....... болды.
а) екіжақты
ә) түсінікті
б) анық
в) мақсатты
11. Шарт аудармасы?
а) условия
ә) требования
б) директор
в) фирма
12. Келісімшартқа менің қатысуымкезінде Тараптар ......
а) қол қойды
ә) айтылды
б) дауласты
в) сөйледі
13. «Стороны» дұрыс баламасын табыңыз.
а) қол қою
ә) екіжақты
б) көпжақты
в) тараптар
14. «Закон» қазақша баламасын табыңыз.
а) жарғы
ә) заң
б) тараптар
в) құқық
15. Жеке куәлік нөмірі қандай құжатта жазылады?
а) өтініш
ә) өмірбаян
б) мінездеме
в) келісімшарт
16. Нотариустың журналына ........ .
а) келісілді
ә) қол қойылды
б) қол қойдым
в) дауыстап оқыдым
17. Мен ...... Марат Әлімұлы
а) азаматша
ә) азамат
б) оқытушы
в) экономист
18. Пәтердің жалпы ауданы - ...... .... .
а) 7 метр
ә) 1991 жылы 10 қаңтар
б) 1 киллограмм
в) 105 шаршы метр
19. Келісімшартта қолданылатын сөз тіркесі сатып ........
а) алушы
ә) келуші
б) беруші
в) қалған
20. Сатылған заттың ... сөзбен жазылады
а) бағасы
ә) тариф
б) нөмірі
в) тізбе
Әдебиеттер:
1.Б.Б.Жахина, А.Қ.Құрманова, И.С.Қайырбекова. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. К., 2003. 83 бет
2. Ә.Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. А.,2004. 348 бет
АПТА
№ 14 ІССАПАР КУӘЛІГІ
Іссапар – еңбек құқығында жұмыс берушінің өкімімен қызметкердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде қызмет бабындағы тапсырманы орындау үшін белгілі бір мерзімге барып қайтуы. Әдетте іссапар мерзімі заңнамада белгіленген мерзімнен аспайды. Егер қызметкер басқа жерге ұзақтау мерзімге жіберілген болса, онда бұл уақытша ауыстыру болып есептеледі. Жұмыс берушінің іссапар туралы өкімі қызметкер үшін міндетті; іссапардан тек дәлелді себептермен ғана бас тартуға болады, әйтпесе ол тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылады. Қызметкерді іссапарға жіберу туралы басшының бұйрығы шығарылады, соның негізінде қызметкерге бірыңғай үлгідегі іссапар куәлігі және ақшалай аванс беріледі. Қызмет бабындағы іссапарға жіберілетін қызметкерлерге іссапарда болған уақыты үшін тәуліктік қаражат, жіберілген жерге барып-қайту шығыны, тұрғын үй жалдау шығыны төленеді. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің жұмыс орны (қызметі), орташа жалақысы сақталады.
Тапсырма.
Мәтінді оқып, іскерлік іссапараға қатысты жағдаяттар құрастырыңыз.
Исин Ержан Мәскеудегі «Красная Москва» фирмасында қызмет етеді. Олардың фирмасы Алматыдағы кондитер фабрикасымен байланыс жасамақ ниетте. «Красная Москва» фирмасы Е.Исин мырзаға сенім білдіріп, сенімхатқа қол қойып, өкілетті етті. Хатшы іссапарға қажетті құжаттарды ресімдеп берді.
Ол алдын-ала Алматы кондитер фабрикасымен байланысып, телефонхат жіберді.
Іссапар мақсаты – тәжірибе алмасу үшін келісімшарт жасау.
Алматыда оны фабрика өкілі қарсы алып, қонақүйге орналастырды.
Тапсырма.
Мәтінді пайдалана отырып, Е.Исинге сенімхат жазыңыз.
Тапсырма.
Берілген анықтаманы мекеменің атауына қарап, толықтырыңыз.
Министерство финансов Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі | Іссапар куәлігі № ____ Берілген _______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) _____________________________________________________________ (лауазымы) _____ ______ (куәлікті берген мекеменің атауы) _______________________________________ (бару орны) Іссапар мерзімі « » күн __ ___ __________ 200__ ж. Негіз: № «______» бұйрық ____________ж. ________________________________________________________ Жауапты хатшы А. Жапарова |
Тапсырма.
Төмендегі іссапар куәлігін толықтырыңыздар.
Іссапардың куәлігі № ____________ «____» __________________________________ 200__ ж. _______________________________________________________________ Жіберілген______________________________________________________ (мекеменің мекен-жайы) жолдасқа берілді. Сапар мерзімі 200___ жылғы ______________________________________ ________________________ бастап ___________________________ күн. Мекеме басшысы Қолы Аты-жөні Жіберілген жерлерге келіп-кеткендігі туралы белгі _________________ келген күні. __________________ кеткен күні. _________ _________ 200__ ж. ________ ________________ 200 __ ж. Мөр Қолы Мөр Қолы _________________ келген күні. __________________ кеткен күні. _________ _________ 200__ ж. ________ ________________ 200 __ ж. Мөр Қолы Мөр Қолы _________________ келген күні. __________________ кеткен күні. _________ _________ 200__ ж. ________ ________________ 200 __ ж. Мөр Қолы Мөр Қолы |
Тапсырма.
Мәтіндегі көп нүктенің орынын тиісті сөздерді қойыңыз.
Іс – сапар шығыстары
Іс-сапар шығындары деп .............. басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа .............. бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын ала жасалған еңбек шартымен, ......... «Еңбек туралы» заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. ........ шығындары өтелетін шығындар қатарына жатады.
Әдебиеттер:
1.Б.Б.Жахина, А.Қ.Құрманова, И.С.Қайырбекова. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. К., 2003. 83 бет
2. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. А.,2000.
3. М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов. Екі тілде іс жүргізу. А.,1994.
4. Қазақ тіліндегі іс қағаздары. А., 1990.
АПТА
№ 15 КЕТУ ҚАҒАЗЫ
Кету қағазы-қызметкер, жұмыскер, студенттің жұмыстан немесе оқудан шыққанда, басқа жұмыс орынына, оқу орынына ауысқанда толтырылып, кадр бөліміне тапсырлатын құжаттың бір түрі.
Тапсырма
Үлгіні оқыңыз, дәптерге жазыңыз.
КЕТУ ҚАҒАЗЫ
Студенттің аты-жөні………………..
Курсы…………. оқу тобы…………
Факультеті….......................................
Кітапхана…………………………….
Оқу залы…………………………….
Қалалық кітапхана………………….
Бухгалтерия…………………………
Декан………………..........................
Жатақхана коменданты……………
Кастелянша…………………………
Студ.кеңсе бөлімі………………….
Тапсырма
Үлгіні оқыңыз, қазақ тіліне аударып, дәптерге жазыңыз.
ОБХОДНОЙ ЛИСТ
_________________________________________. «___»__________200__ года
( Ф . И . О . работника )
Должность Претензии Роспись
Начальник службы
Зав. складом