Пайдаланылған әдебиеттер 3 страница

А Б І Л Е Т


16.Ой сергіту жаттығуы: «Таласқа» таластық

“Манас” — қырғыз халқының батырлық эпосы. Жырдың негізгі идеясы — халықтың бостандығы, бірлігі, бақытты өмір үшін қаһармандық күресі. “М-та” қырғыз халқы бастан кешкен түрлі оқиғалардың, тұрмыс-салттың, наным-сенімнің іздері бар. Ш.Уәлиханов эпос туралы “...қырғыздың барлық мифтерінің, ертегілерінің, аңыздарының белгілі бір уақытқа тән Манас батыр айналасына топтастырылып берілген жиынтығы” деп жазды (Таңдамалы, А., 1985). “М-та” қырғыз ауыз әдебиетінің барша байлығы, алуан жанрлары табиғи үйлесім тапқан. Жыр “Манас”, “Семетей”, “Сейтек” деп аталатын 3 бөлімнен тұрады. Бұларда қырғыз халқының сыртқы жауға қарсы соғыстарымен қатар ел ішіндегі қайшылықтар мен тартыстар, әдет-ғұрыптар, тұрмыс-кәсіп түрлері бейнеленеді. Уәлиханов 1856 ж. Ыстықкөлге жасаған саяхаты кезінде “М-тың” бір тарауы — “Көкетайдың асын” тұңғыш рет жазып алып, орысшаға аударды. Жырдың қырғыз халқының рухани өмірінде маңызды орын алатынын және эпостық сипаттамасын алғаш сөз қылған да Уәлиханов болатын. 1862, 1869 ж. акад. В.В. Радлов “М-тың” бірнеше нұсқасын жазып алған. Эпосты ғыл. тұрғыдан зерттеп, хатқа түсіру кеңес кезеңінде қолға алынды. “М.” эпосының 60-тан астам нұсқасы хатқа түсірілді. “М.” эпосы туралы зерттеу ісінің қалыптасып, дамуына М.Әуезов, В.М. Жирмунский, Б.Юнусалиев, А.Н. Бернштам, Ә.Марғұлан және т.б. ғалымдар мол еңбек сіңірді. Олар жырдың шығу тегі, кейіпкерлері, манасшылардың жырды жетілдірудегі қызметі, т.б. жөнінде күрделі пікірлер айтты. Эпостағы басты тұлға — халық азаттығы үшін қажымай-талмай күресетін Манас батыр. Оның бейнесінен ерліктің, парасаттың, отаншылдықтың асқан үлгісі көрінеді. Жырда қырғыз бен қазақ халықтарының тағдырластығын суреттеуге баса назар аударылған. Қазақ батыры Көкше Манастың сенімді одақтасы, кейде серігі ретінде сипатталады. Қазақ жыршылары да “М.” жырын өз елінің батырлық эпосымен бірге жырлап келген. Мыс., халық поэзиясының алыбы Ж.Жабаев “М-ты” жақсы білген, той-жиындарда айтқан. К.Әзірбаев өзінің кең тынысты жыр-дастандарында “М.” оқиғалары мен кейіпкерлері аралас келетін сюжеттерді жиі қолданған. “М-тың” ықшамдалған нұсқасы қазақ тілінде басылып шықты (1961 — 63). Жыр негізінде дүниеге келген “Манас”, “Айшөрек” опералары, сондай-ақ бірнеше кинофильмдер бар. Бішкек қ-нда “М-тың” қаһармандары мен манасшыларға арнап мүсін ескерткіш орнатылған. ЮНЕСКО-ның арнаулы шешімімен 1995 ж. “М.” дастанының 1000 жылдығы кеңінен атап өтілді және 2 томдық “Манас” энциклопедиясы жарық көрді (1995).

Нұрпейіс Байғанин (20.06.1860, қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы — 9.4.1945, Ақтөбе) — халық ақыны, жырау. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).

Жас жыршы[өңдеу]

Әкесі Байғана жоқшылықты көп көрген. Анасы Үміт әнші, домбырашы әрі ақын болыпты, айтыстарға қатысқан.

Ол ақындық өнерді ең алғаш анасынан үйренген. 16 — 17 жасынан-ақ “бала жыршы” атанады. Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыртәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі, батырлық жырларды үйренеді. Байғанин Нұрпейіс негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын “Құбығұл”, “Төрехан”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Айман — Шолпан” сияқты жыр, дастандарды жырлаған. Байғанин Нұрпейіс жырлаған “Қобыланды батыр” жыры — осы жырдың басқа ақын-жыршылар айтқан нұсқаларынан көлемі молы, оқиғасы жағынан мазмұндысы. Байғанин Нұрпейістің ертеректе жырлаған дастан, жыр нұсқалары кезінде жазылып алынбаған.[1]

Еңбегі[өңдеу]

Эпостық жырларды айтумен қатар, дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған “Ақкенже”, “Нарқыз” сияқты өз туындаларын шығарды. “Ақкенже” дастанында қазақ әйелдерінің тағдыры сол кезеңдегі нақты өмір мәнімен үндес, жан-жақты суреттеледі. “Нарқыз” — қазақ әйелдерін бостандыққа шақырған, идеясы анық, көркемдігі жоғары шығармаларының бірі. Байғанин Нұрпейістің дастан, эпостық жырларынан басқа да сатиралық өткір, қысқа өлеңдері және “Кектің дауысы”, “Қазақбаймен айтыс” сияқты көлемді шығармалары бар. Байғанин Нұрпейіс шығармашылық жағынан толысып, халық құрметіне бөленген шағында отансүйгіштік, халық тағдыры, тағы басқа тақырыптарды кеңінен жырлады (“Қазақстан”, “Гүлденген заман”, “Өңімдегі жұмбақ”, “Ғажайып көрмеде”, “Москва”, тағы басқа). 1938 жылы Жамбыл Жабаевтың мерейтойына қатысып, “Ақын шабыты”, “Жамбылға”, “Көрімдік”, “Ғасырдың қарт бұлбұлы”, тағы басқа жырлар шығарды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің ашылу салтанатына, Қазақстан жазушыларының екінші съезіне (1939) қатысты. Ақынның кейіннен “Өрістегі өмір” (1938),“Ақын” (1939), тағы басқа дастандары жарияланды. “Ер туралы жыр” (1942), “Жиырма бес” (1942) поэмалары Кеңес Одағының Батырлары Нарсұтбай Есболатов пенТөлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналған. Ол батырлық туралы жырларында ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдаланып, оны жазба әдебиеттің биігіне көтере білді. Көп жасаған, көп көрген, көп үйреніп, көп жырлаған, қазақ халқының мол сөз қазынасын меңгере, пайдалана білген ақынның шығармалары терең мағыналы, өткір тілді,шешендік сөздерге, мақал-мәтелге, афоризмге толы. Байғанин Нұрпейістің “Ақын шабыты”, “Ақынға”, “Отарба”, “Зор майданға шапшаң бар”, тағы басқа өлеңдері дәстүрлі терме мәнерінде жазылған.

Жетістіктері[өңдеу]

Ақын жыр алыбы Жамбыл сияқты Қазақстанның біраз жерлерін аралап, Алматы, Мәскеу қалаларында болып, ертеден келе жатқан жыраулық дәстүрді халқына қайта тарту етті. 1938 жылдан бастап Байғанин Нұрпейіске әдеби хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын М. Хакімжанова, Қ. Шаңғытбаев, Е. Ахметов, тағы басқа ақындар ұқыпты түрде дер кезінде қағазға түсіріп отырды. Байғанин Нұрпейіснің өмірі мен шығарм. Е. Ысмайыловтың, О. Нұрмағамбетованың, К. Сейдехановтың зерттеулерінде қарастырылған. Ақтөбе облысында Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және басқа қалалардағы көшелер мен мектептерге ақын аты берілген. Байғанин Нұрпейіс “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.[2]

Шығармалары[өңдеу]

· Өрістеген өмір, А., 1939;

· Ақын шабыты, А., 1940;

· Таңдамалы, 1945;

· Шығармалар жинағы, А., 1956;

· Избранные произведения, А.-А., 1946;

· Таңдамалы, А., 1991.

Оқу құралы. Қазақша алифба.Бұл кітап алғаш рет 1912жылы Орынбордағы жарық көрген. Автор«Балалар, бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тарту» атты ғибрат тақпағын оқулықтың беташары ретінде берген. Кітаптың əріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай орналастырылған. Əрі қарай қазақ əріптері төте жазу жолымен рет-ретімен беріледі де, əрбір харіптің тұсына таңбасы жəне сол таңбаның атауы жазылады. Жəне төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни нұсқаулығы қатар ұсынылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-ұзын мəтіндер емес, қысқа əрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мəселен: Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй сай- мандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары жəне ас- тағамдармен қатар, дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Оқу құралының екінші кітабы алғашқы əліппеге жалғасты ретінде толықтырылып, 1913 жылы шықса, «Əліппе – аста- ры» атты əліппеге жетекші құралын 1924 жылы жазылған. Оқулықтардың бала сауаттандырудағы қажеттілікті өтеудегі зор қызметіне, оның 1912, 1913, 1914, 1916, 1921, 1922 (2 рет), 1923, 1925 жылдары жиі басылым көруі айғақ. Кітап ғалымның аяулы есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі əріпке түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл білімі институтының дайындауымен 1992-ші жылы жарық көрген «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді(Б. 33-47).

Сондай-ақ, Қырғыз республикасының филолог-ғалымы Дый- канов Карбоз өз қаражатымен осы кітаптың 1914 жылғы басы- лымын 1991 жылы 5000 данамен қайтадан бастырды. Кітап қаз- қалпында, яғни төте жазумен жарияланды. Ал кітаптың əр жылдары жарық көрген барлық нұсқаларын тауып, салыстыру мүмкіншілігі болмады. Ұлттық кітапхананың сирек қорында бұл 1912 жылғы кітаптың қандай да данасы сақталмаған. Бұл оқулықтек Тіл білімі институтының мұрағатында ғана сақталса керек.

«Оқу құралы. Қазақша алифба».Бұл оқулық алғаш рет 1912 жылы Орынбордағы жарық көрген. Автор «Балалар, бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тар- ту» атты өлеңін оқулықтың беташары ретінде берген. Кітаптың əріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай орналастырылған. Əрі қарай қазақ əріптері төте жазу жо- лымен рет-ретмен беріледі де, əрбір харіптің тұсына таңбасы жəне сол таңбаның атауы жазылады. Жəне төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни, нұсқаулығы қатар ұсы- нылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзынан-ұзын мəтіндер емес, қысқа əрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мəселен: Туысқан-туған атау- лары, тұрмысқа қажетті киім, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары жəне ас-тағамдармен қатар дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Осы кітаптың сол тұста оқырман қажетін өтеудегі зор қызметіне, оның 1912, 1914, 1921, 1922, 1923, 1925 жылдары дүркін-дүркін басы- лым көруі айғақ. Аталмыш кітап А.Байтұрсынұлының аяулы есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі əріпке түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл білімі институты тарапынан 1992 жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді. Қырғыз республикасының ғалымы Дыйканов Карбоздың өз қаражатымен осы кітаптың 1914 жылғы ба- сылымы 1991 жылы 5000 данамен қайта жарық көрді. Кітап қаз-қалпында, яғни төте жазумен жарияланды. Ал кітаптың əр жылдарда жарық көрген барлық түпнұсқасын жинақтап, салыстыру мүмкіншілігі болмады. Ұлттық кітапхананың си- рек қорында бұл кітаптың ешқандай данасы сақталмаған.

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"

Сабақ – қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы

Жарияланды 20-10-2012, 12:56 Категориясы: Ұстаздарға

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектептің сурет және сызу пәнінің мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Тақырыбы: Сабақ – қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық - жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.

Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты - сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.
Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде - динамикалық
құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму тенденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.

Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік – білім беру – тәрбие –даму – қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.
Сабақты дамытудың басқа тенденциясы сабақты өмірлік маңызды мазмұнмен толықтыруда, оқытуды оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған байланысты сабақ танымның арнайы ұйымдастырылған формасы болып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан алғанда толыққанды араласу болып табылады. Ол танымдық мүддені, оқуға және дамытуға белсенді оң қатынас қалыптастыруға бағытталған, оқу қызметінің өзгеше коммуникативтік фонын қамтамасыз ету құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның пайда болуы оқытудың сұхбаттық формасын (әңгіме, талқылау, пікірталас), проблемалық элементтерін, оқу жұмыстарының фронтальды, топтық және жекелей формаларын сабақтастыруды кеңінен пайдалану және оқытудың топтық, ұжымдық формасының үлесін кеңейту болып табылады.

Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады. Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру. Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар.[1]

Ашық сабақ[өңдеу]

Ашық сабақ - басқа мұғалімдер мен шақырылған адамдар қатысатын сабақ. Ашық сабақты оқу тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді амалдарын көрсету және тарату мақсатымен, әдістемеде қиын және жеткіліксіз өңделген оқу бағдарламасының тақырыбы бойынша білікті мұғалімдер өткізеді.

Қорытынды сабақ[өңдеу]

Қорытынды сабақ - өткен тақырып немесе оқу пәнінің тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және бекіту мақсатымен жүргізілетін сабақ. Мұндай сабақ, әсіресе, қорытынды қайталау кезеңінде қажет, сонымен қатар емтиханға дайындау кезінде қажет. Қорытынды сабақтың келесі құрылысы бар: мұғалімнің сабақтың тақырыбы мен мақсаттары туралы қысқаша кіріспе сөзі, өткен материалды қайталау, мұғалімнің қорытындысы. сабақта қойылатын сұрақтарды алдын ала хабарлау керек. Қорытынды сабақ, ең бастысы, әңгімелеу түрінде өткізіледі.[2]

Сабақтың жабдықталуы[өңдеу]

Сабақтың жабдықталуы - оқу құралдарының, дидактикалық материалдардың, аппаратураның, реактивтің және б. сабақтың тақырыбына үйлесетін және көрсетуге қажетті немесе оқушылардың өздік жұмыстарына іріктелуі және дайын күйге келтірілуі.[2]

Сабақтың типтері, құрылымы

Сабақтың типтері, құрылымы. Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):
1. Жаңа білімді игерту.
2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.
Сабақтың құрылымы деп «сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1,19).
Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді.
Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.
Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі:
— дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
— дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
— оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
— сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ — практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл
аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).

Наши рекомендации