ЖҰмсаҚ (ласково-нӘзік ) айт

ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ.

СЕРИЯ №1

Бұл тапсырма баланың өзіне бағытталған сөзді түсінуге бағытталған.

1.СУРЕТТІ КӨРСЕТ. Суретте көрсетілген заттардың функционалдық қолданылуын түсінуін анықтайды.

Көрнекілігі: заттардың суреті бейнеленген суреттер, балаға белгілі болуы тиіс ( қалпақ, қолғап, көзілдірік, жіппен ине, қайшы)

Тексеру әдістемесі: баланың алдына суреттер қойып, арасынан біреуін таңда дейді, ересектің нұсқауына сүйнеді: «Адамдар далаға шыққанда басына не киеді көрсетші? Қолдарына не киеді? Адамдар жақсы көру үшін не тағады? Қағазды немен кеседі?»

Бекітеледі: суретте бейнеленген бейнені атау мүмкіндігі, нұсқауға байланысты суретті таңдау.

2.ОЙЫНШЫҚТЫ ЖАСЫР.Шылауларды қолдана білу мен түсінігі тексеріледі: астында, үстінде, бетінде, жанында.

Көрнекілігі: ойыншық – қоян, машина, қорапша, үйшік.

Тексеру әдістемесі: балаға сөздік нұсқау бойынша әрекетті орындауын сұрайды: « машинаны қорапшаға сал», кейін: « машинаны қайда салды?». Кейінірек оған келесі әрекеттерді орындауын және ол туралы айтып беруін сұрайды: «Қояндарды үйге отырғыз. Машинаны қорапшаға сал. Машинаны қорапшаның жанына қой.

Бекітіледі: нұсқауға байланысты әрекеттер жасау, шылауларды белсенді сөйлесімде қолдану.

3.СУРЕТТІ КӨРСЕТ. Зат есімнің жекеше және көпше түрде түсінуін анықтау.

Көрнекілігі: бір немесе бірнеше зат суреттлген сурет.

Тексеру әдістемесі: баланың алдында жұппен суреттерді қойып: « шар мен шарларды көрсет. Саңырауқұлақ пен саңырауқұлақты көрсет. Қуыршақ пен қуыршақтарды көрсет. Алма мен алмалар қайда?»

Бекітіледі: нұсқауға байланысты суретті көрсету.

СЕРИЯ №2

Бұл тапсырма фонематикалық естуді қалыптасқандығын тексеруге бағытталған.

1.СУРЕТТІ КӨРСЕТ. Естілуі жағынан ұқсас, сөздерді диффренциациялау біліктілігін анықтау жүргізіледі.

Көрнекілігі: заттық суреттер.

Тексеру әдістемесі: баланың алдында жұп суреттерді қойып, «өріс пен өрімді көрсет. Қаз бен қасты көрсет, жаз бен жасты көрсет.

Бекітіледі: Нұсқауға байланысты суретті көрсету.

2.МҰҚИЯТТЫ БОЛ.Дыбыстар тізімінен белгілі бір дауыстыны табу біліктілігін тексереді.

Көрнекілігі: экран.

Тексеру әдістемесі: дауысты дыбысты (а, и , у) естісе, баладан қолын көтеруін сұрайды, логопед экранның артында мынадай дыбыстар тізімін айтады: (а), (м), (у), (с), (п), (и), (о).

Бекітіледі: нұсқауға байланысты әрекеттер жасау.

3.«ЭХО» ОЙЫНЫ. Көрсетілген кезектілік бойынша буын тізімін айтып білу, қабылдау, естіп көңіл аударуы тексеріледі.

Тексеру әдістемесі: балаға «эхо» ойынын ойнауын ұсынады. Ересек адам келесі буын тізімін атап,ғ қайталауын сұрайды: па-ба, та-да, ка-га, па-па-ба, та-да-та, па-ба-па.

Бекітіледі: нұсқауға байланысты тапсырманы орындау.

Серия №3

Тапсырма сөздік қорының даму деңгейіне бағытталған.

1.НЕНІ КӨРСЕТЕМІН, СОНЫ АТА.Заттық және іс-әрекеттік сөздігі тексеріледі.

Құрылымы: баланың өмірінде жиі кездесетін заттық бейнелі суреттер: алма, кесе, мысық, машина, сәбіз, пальто, сағат, кәмпит, алмұрт, кастрөл, жылқы, кеме, қияр, шарф, түлкі, қызанақ, жұмыртқа, халат, диван, піл, алхоры, тасбақа, аквариум, қызғалдақ

Көрнекі материал: жинақ № 3, 198-212 сурет.

Балаларға таныс іс-әрекеттер бейнеленген суреттер: ойнап жатыр, оқып отыр, тамақ беріп отыр, катается

Көрнекі материал: жинақ № 3, 213-216 сурет

Тексеру әдістемесі: үлкен адам балаға түрлі заттық және іс-әрекеттік суреттерді кезектілікпен көрсетіп оларда атауын сұрайды. Қиындық туған жағдайда үлкен адам балаға белгілі бір суретті көрсетіп оны атауын тапсырады.

Қалыптасады: суретте берілген заттар мен іс-әрекетті тануы; оларды өздігінен немесе көрсеткеннен кейін атауы.

БІР СӨЗБЕН АТА.

Заттарды жалпы бір сөзбен атауы және суреттегі бейнелерді және жүйелі белгілері бойынша топтастыруы тексеріледі.

Құрылымы: ойыншықтар-машина, қоян, тышқан, пирамида, матрешка; бірнеше заттар бейнеленген суреттер: көкөністер, киімдер, ыдыстар, жиһаздар.

Көрнекі материал: жинақ № 3, 217-220 сурет

Тексеру әдістемесі: балаға көкөністер , киімдер ойыншықтар бейнеленген суретке қарап оларды бір сөзбен атауы сұрайды.

Қалыптасады: баланың заттар тобын жалпы бір сөзбен айта білуі.

КЕРІСІНШЕ АЙТ.

Заттың белгілерін білдіретін сөздерді пайдалана білуі анықталады.

Құрылымы: қарама-қарсы мағыналы заттар бейнеленген суреттер: дені сау-науқас, таза-лас, ақ-қара, жуан-жіңішке, биік-аласа, үлкен-кіші, тез-ақырын, жақын-алыс.

Көрнекі материал: жинақ № 3, 221-228 сурет

Тексеру әдістемесі: балаға қарама-қарсы мағынадағы сөздерді таңдау ойын формасында беріледі. Мысалы: «Мына баланың қолы таза екен, ал мына баланікі қандай?» және т.б.

Қалыптасады: баланың қарама-қарсы мағына білдіретін заттарға сәйкес сөздерді таңдай білуі.

ЖҰМСАҚ (ЛАСКОВО-НӘЗІК ) АЙТ

Зат есімдерді уменьшительно-ласкательный жұрнақтармен түрлендіре алуын тексеріледі.

Құрылымы:үлкен және кішкентай заттық-бейнелік суреттер: үй-үйшік, қалпақ-қалпақша, қап-қапшық.

Көрнекі материал: жинақ № 3, 229-232 сурет.

Тексеру әдістемесі: баланың үлкен және кішкентай заттық-бейнелік суреттерге қарауын және оны атауын сұрайды.

Қалыптасады:Зат есімдерді уменьшительно-ласкательный жұрнақтармен түрлендіре алуы.

СЕРИЯ 4

Тапсырма сөйлеу тілінің буындық құрылымын тексеруге бағытталған.

1. ҚАЙТАЛА.Буындық құрылымын сақтай отырып, баланың сөзді қайталау тексеріледі.

Тексеру әдістемесі: мұғалім реттілікпен сөздер қатарын айтады және баланың еліктеу арқылы қайталауын сұрайды: орамал, көбелек, матрешка, түйме, бақа, сабын.

Тіркеледі: баланың қайталау арқылы күрделі буындық құрамдағы сөздерді айта алуы.

2. АТА.Баланың күрделі буындық құрамдағы сөздерді өздігінен айта алуы.

Құрал-жабдықтар: заттар бейнеленген суреттер (қазан, тасбақа, кеме, аквариум, қызғалдақ.

Наши рекомендации