Технологиялық карталар. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка»

Наурыз

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Торғайлар» Мақсаты: әуенге эмоциялық үн қосуға,сюжетті-рөлді ойындарға белсене қатысуға,ырғақты ажырата білуге дағдыландыру. Қолданылатын көрнекі – құралдар: торғай суреті немесе ойыншық торғай;құс ұясы,бала санына қарай торғайдың және мысық атрибуттары. Сөздік жұмыс: торғай,шиқ-шиқ,ұя.

Оқу іс – әрекет-інің кезең- дері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивциялық- қозғаушылық. Марш ( М.Раухвергер) ойналып,балалардың,ырғақпен нық басып жүрулерін сұрайды. Нық басып келеміз, Бір,екі,үш! Көңілді жүреміз, Бір,екі,үш!- деп әндетіп, балаларды қосылып айтуға икемдейді. Кенет музыка жетекшісі үйшік үстінен торғайды көріп қалғандай болады. Балалар мұнда, келіңдер, Қызықты көріңдер! Торғай ұшып келіпті, Үй үстіне қоныпты,- деп таңқалған болады.   Балалар ырғақты сезіне нық басып жүруге талпынады. « Бір,екі,үш» сөздерін қосылып айтуға әрекеттенеді.   Балалар жүгіре басып келіп, торғайды көріп, таңғалады, қызығушылық танытады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Үнтаспадан торғайлар дауысы естіледі. ( «Табиғат әуендері» жинағынан). Шиқ-шиқ етіп дауыстайды, Ешбір құстан қалыспайды,- деп балаларға торғайдың дауысын қайталауды ұсынады. Тұмсығымен жем шоқып, Тары,бидай тереді,- деп торғайды ұстап,жем шоқыған қимылын көрсетіп, балаларға қайталап көрсетуін сұрайды. « Құстар жем шоқиды» ( Е.Тиличеева) әуені ойналып,торғайлардың қимылын бірге көрсетулерін сұрайды. -Балалар, торғайды ағаш бұтасына қондырайық, ал біз бәріміз ән айтып берейік. « Торғай» ( А.Райымқұлова) әні орындалып, тыңдалады. Әнді қайталап айтып, балалардың мәтінге сай өз беттерінше қимыл көрсетулерін сұрайды. Келесі кезекте балаларға торға атрибуттары кигізіледі. -Торға қалай ұшады? – деп сұрап,балаларға еркін қимылдауға мүмкіндік беріледі. Кәне, қанат жазайық, Көк аспанда самғайық,- деп әуенге ілесе торғайдың ұшқанын, қанат қаққанын көрсетеді. « Құстар» ( Л.Банникова) әуенінің ырғағымен ілесе, қолдарын созып, « ұшуларын» сұрайды. Музыка жетекшісі үйшік шатырында ойыншық мысықты көрсетіп: Ала мысқ пырылдап, Жалықпайды, ұйықтайды. Торғайды аңдып шатырдан, Күні бойы шықпайды. Мияу-мияу...- деп балаларды- « торғайларды» мысықтан сақтандырады. Торғайлар дауысын естіп,еліктеп қайталауға талпынады. Ойыншық торғайдың қимылына қарап, тізелерін бүгіп отырып, саусақтарымен торғайдың тұмсығын бейнелеп, « жерді шоқып» жем жеуін көрсетеді. Балалар отырып әнді зейін қойып тыңдайды. « Шиқ-шиқ» сөзіне қосыла әндетуге талпынады. Балалар көңілдене торғай қанаттарын көрсете, қолдарын екі жаққа созып,жеңіл жүгіреді. Әуен ырғағымен бірге ілесе «ұшып», Әуен тоқтағанда «қонады»-жерге тізе бүгіп отырады. Балалар жетекшінің сөзіне көңіл аударып,мысықты көріп, таңғалады. « Торғайлар» ұшып,шапшаң қимылдауға,мысыққа ұсталмауға әрекеттенеді. Балалар ойынды қызыға ойнайды,белсене қатысады.
Рефлексиялық – түзетушілік. « Мысық пен торғайлар» ойыны Ұйымдастырылады. Ойын барысында торғайлардың мысықтан қашып барып, «сымға»-ұзын жіпке тізіліп, қонып үлгерулерін қадағалайды. Шиқ-шиқ еткен торғайды, Қорғамасақ болмайды,- деп балаларға торғайды сипатады. Қамқорлыққа алайық, Ұясына салайық!-деп торғайды ұясына апарып кіргізеді. Нан қиқымын шашапаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Жинап алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар!   Балалар торғайды сипап,қызықтайды.   Торғайды ұясына жеткізіп, көмектесуге әрекеттенеді. Көңілді қоштасып,шығып кетеді.

Күтілетін нәтежие:

Біледі:торғайдың дауысын салып, қайталау,әннің сөзін анық айту,көпшілікпен бірге ырғақты сезіне қозғалуды.

Игереді: сюжетті-рөлді ойындарға белсене қатысуды.

Меңгереді:қолдарын созып, « қанат қағып», жеңіл-жүгіру-«ұшуды», әннің жеке сөзіне қосыла айтуды,кейіпкер-торғайлар рөлін көрсете білуді.

Технологиялық карталар.

Наурыз

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Жау,жаңбыр» Мақсаты: табиғи дауыспен ән айтуға,әнді бірге бастап,бірге аяқтауға,әуенге ілесе қарапайым би элементтерін еркін орындауға үйрету. Қолданылатын көрнекі – құралдар: автобус макеті,жаңбыр тамшылары-көгілдір лентелар ілінген таяқшалар; ойыншық қолшатырлар

(диаметрі 25-30 см). Сөздік жұмыс: жаңбыр,тырс-тырс,тамшы,төк-төк,қолшатыр,шуақ.

Оқу іс – әрекет-інің кезең- дері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивциялық- қозғаушылық. Жетекші балаларды қарсы алады: -Балалар, біз бүгін ойыншықтар дүкеніне барамыз. Дүкенге автобусқа отырып,тез жетіп алайық. Автобус макетіне тізіле орналасқан орындықтарға балалардың жайғасып отыруын қадағалайды. « Машина» әні ( музыкасын жазған К. Қуатбаев сөзін жазған Т.Тұяқбаев) орындалып, «жолға шығады». Балалардың көңілді әнге қосылуларын сұрайды. « Бип-бип» сөздерін анық, таза айтуға үйретіп, дағдыландырады.Ән аяқталысымен автобустан түсіп,дүкен аралауға шығады. Алдын ала қойылған ойыншықтарды көріп, атын атап көрсетулерін сұрайды. Балалар автобусқа жайғасады.   Балалар әнге қосылып,өз дауыстарымен, таза айтуға талпынады. Автобустан түскен балалар «дүкен аралай» бастайды.Балалар зал ішінде еркін жүреді. Ойыншық қоян,аю,мысық,доп,т.б. алып көреді,аттарын атауға тырысады.
  Ұйымдастырушылық- ізденістік Үнтаспада жаңбырдың дауысы естіліп, күн күркірейді. -Балалар, жаңбыр жауды,дүкеннен қолшатыр сатып алайық. Біз көңілді балдырған, Сескенбейміз жаңбырдан!- деп аяқтарын топылдата жүрулерін талап етеді. « Жау,жаңбыр» ( Т.Сарыбаев) әні орындалып,мазмұныныа сай қимылдар көрсетіледі. Балалардың епті,жеңіл қозғалуына мән беруі тиіс. « Балалар мен жаңбыр» ойыны ұымдастырылады. « Жаңбыр» әуені ( Т. Ломова) ойналып, педагог жаңбыр «таяқшаларын» ұстап,зал ішінде жүгіреді. Әуен соңында балалар қолшатырлар астына жасырынып үлгеруі тиіс . Қолшатыр астында отырып: Жаңбыр,жаңбыр,төк-төк, Шықсын гүлдер көп-көп!- деп айтады. Музыка жетекшісі көңілді дауыспен: Күннің көзі ашылды, Алтын нұры шашылды!- дегенде « Балалар полькасы» ( М.Глинка) ойналып, балаларға жүгіріп, секіруге еркіндік беріледі. Ойын екі рет қайталанады. Жаңбыр жауып басылды, Күннің көзі ашылды. ( Ә. Дүйсенбиев). « Күннен қуат аламыз» психожаттығуы ( « Табиғат әуендер» жиынтығынан). Педагог кілемге жатып көрсетіп, өлең оқиды: Жасыл кілем-көк шөпке Аунап біздер жатамыз. Алтын күнге арайлы Бетімізді тосамыз... Күн шуағы арайлы Денемізге тарайды!- деп, балалардың денелерін бос, еркін ұстауын қадағалайды.   Балалар жаңбыр дыбысын естіп, көңіл аударады. Әртүрлі қолшатырларды таңдап алып, қуанады. Сөзді қайталап,аяқтарын топылдата жүреді. Ән мәтініне сай жеңіл қимылдар көрсетеді. Көтеріңкі көңіл күймен шаттана жүгіріп, қолшатыр астына жасырынуға тырысады. Жаңбырды шақырып, бірге қосыла әндетуге әрекет етеді. Көңілді әуенді сезіне еріктерінше билеп,секіріп қуанады. Ойын соңында қолшатырларын жинап қояды. Балалар жерге жайғасып, отырады. Терезеге қарап,күнге көңіл аударады. Шалқаларынан жатып аяқ-қолдарын созады, көздерін жұмады. Тыныш күйде жатып,әуен тыңдауға,денелерін бос ұстап, бірқалыпты болуға тырысады . Күннен қуат алады.    
Рефлексиялық – түзетушілік. -Балалар, күннен қуат алып,күш жинадық. Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, Айдай толған кезімде Би билеймін дөңгелеп,- деп көңілді биге шақырады. Үнтаспадат Р.Рымбаеваның орындауында « Айгөлек» әні қойылып,балалар ортаға шығады, өз беттерінше еркін билеуге мүмкіндік беріледі. Балалар екеуден қол ұстасып, айналып, тербеліп, бірге аяқ топылдатады.   Қол шапалақтап, шаттана секіріп, өздеріне таныс қимылдарды орындап , көңілді биледі.

Күтілетін нәтежие:

Біледі:ырғақты сезіне қимылдау-жүгіру,секіру, әуен аяқталғанда тоқтау, ән мазмұнын түсіну.

Игереді: әдемі әуен, жаңбыр қатты жауады, күн жарқырайды деген ұғымдарды түсінеді.

Меңгереді:қолшатырды ұстап,би қимылдарын өз беттерінше орындау, әннің сөзін анық, таза айтуды.

Наши рекомендации