Этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы

Қазақстанның ерекшелігі халқының көп этникалық және көп дінді құрамымен айқындалады. Сондықтан мемлекеттің этникалық әлеуметтік ахуалды тұтас және оның жекелеген қырларынан пайымдайтын этносаралық қатынастар саласындағы ресми саясатын жасау өзекті мәселеге айналады.

Білім беру саласында халықтың этникалық мәдени мүдделерін іске асыру тұжырымдамасы оның бір бөлігі болуға тиіс.

Этникалық-мәдени білім тұжырымдамасының өте қажеттілігі сондай-ақ өтпелі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі дағдарыстан да туындайды. Оқыту мен тәрбие беру мазмұнын бір ізге түсіру елдің ұлт пен ұлттық топтарының этникалық-мәдени қажеттерінің қанағаттандырмауына әкеп соқты.

Этникалық-мәдени білім стратегиясы өзара байланысты екі мақсатты: этникалық сәйкестендіру мен мелекеттік интеграцияныжүзеге асыруға бағытталады.

Халықтың этникалық-мәдени сәйкестілігі өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білу, қалыптасқан рухани құндылықтарға адалдық, ұлт қаһармандарын қастерлеу нәтижесінде құралады. Ол ұлттың азат және ерікті жасампаздық шығармашылығы процесінде қалыптасады.

Этникалық-мәдени сәйкестілік жағдайына халықтың өзі тудырған әлеуметтік жүйе арқылы қол жетеді. Оған отбасы, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық мәдени орталықтар, журналдар мен газеттер, көркем ғылыми әдебиет, ғылыми зерттеу және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады.

Мемлекеттік интеграция - этникалық-мәдени білім берудің ілгерлі және стратегиялық мақсаты. Егер жекелеген халық этникалық сәйкестікке біршама қысқа мерзімде жете алатын болса, мемлекеттік интеграцияға қол жеткізу - мемлекеттегі барлық этностардың күш-жігерін қажет ететін ұзақ процесс. Қазақстанды мекендеген халықтардың этникалық сәйкестілік мүмкіндігінің негізгі шарты болып табылады.

Этникалық-мәдени және мемлекеттілік сәйкестілікке білім беру жүйесі арқылы барынша қол жеткізуге болады.

Білім беру – ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени-тілдік мүдделерді жүзеге асырудың құралы ретінде мынадай төрт функцияны атқаруға тиіс.

· таратушылық,

· дамытушылық,

· саралаушылық,

· ынтымақтастырушылық.

Білімді адам ғана тарихи және мәдени дәстүрлерді ұстана алады. Ол өзінің белгілі бір қауымдастық пен халыққа қатыстылығын сезінеді, оның бойында мәдени қажеттіліктер: адамгершілікке, ойлы іс-әрекетке, сұлулыққа, жоғары-рухани бастауларға құлшыныс қалыптасады.

Білім берудің тағы бір талабы - өзге мәдениетті түсіну және қабылдай білу. Мәдениеттердің өзара байланысы бір-біріне ықпалдастығы жағдайында ғана әрбір жекелеген мәдениеттің принциптері мен ерекшеліктері айқын танылады.

Этникалық-мәдени білім –бұл ана тілі мен төл мәдениетті әлемдік мәдениеттің құндылықтарын қоса игеру арқылы тұлғаның этникалық-мәдени сәйкестілігін сақтауға бағытталған білім.

Этникалық-мәдени білімнің принциптері:

- этникалық және тілдік топтарға білім беру қызметтерін көрсету саласына саяси партиялардың өзге де қоғамдық, оның ішінде діни бірлестіктердің, жеке адамдардың қатысуы заң шеңберлерімен шектеулі болуға тиіс;

- ұлттар мен ұлттық топтардың білім беру саласындағы этникалық-мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда іс жүзіндегі тең құқықтылығының қамтамасыз етілуі ;

- жеке адамның этникалық-мәдени сұраныстарының қоғам мүдделерінен, «қажеттілік» пайымдауларынан басымдығы туралы ереженің түсіндірілуі және қабылдануы;

- мемлекеттік саясаттың қоғамда Қазақстанның прогресі мен гүлденуінің маңызды шарты ретінде этникалық-мәдени келісімді қамтамасыз ету негізінде іске асуы;

- интеграцианалдық мәдениеттің аса маңыздықұндылықтары: бірігу мен ұлтаралық татулықтың, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының және т. б. практикаға енгізілуі;

- проблеманы шешудің бағдарламалы және кешенді жолдарының, көп ұлтты мәдени болмыстың күрделі процестерінің әртүрлі жақтарының ескерілуі.

Этникалық-мәдени білімнің міндеттері:

- жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу;

- көп тілді жеке адамды қалыптастыру болып табылады.

Наши рекомендации