Арым-қатынастың коммуникативті қырларын айқындаңыз

Қарым – қатынастың үш жағы бар.
1. Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы
2. Интерактивтік жағы
3. Перцептік жағы
Коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ мимика (бет, ауыздың әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым – жымдар жатады. Коммуникативтік процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір – біріне әсер етуі. Қарым қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл –күйімен, сезімдерімен т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады.
Адамдар арсындағы коммуникативті процестер техникалық қоедырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болды, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі – кері байланыс процесі. Коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі сияқты процестермен байланысты.
Кері байланыс дегенміз – Кері байланыстың берілу жолдары әртүрлі болады.Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды» , «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де әртүрлі қимыл – қозғалыс (жест) , ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады. Жанама кері байланыс – психологиялық мәлметті берудің асыратын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұақтар , кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда камуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсінуі әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсіну қиынырақ болады.
Коммуникация туралы сөз болғанда ең алдымен адамдардың өзара әрекеті барысында болатын көзқарас, пікір, қызығу, көңіл-күй, сезім, бағдар алмасу деп түсінеміз. Бұлардың бәрін ақпарат (информация ) деп қарастырсақ, онда коммуникация процесін информация алмасу процесі деп қарастыруға болады.
Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері:
1.Коммуникация екі құрылымның арасындағы «информацияның қозғалысы» емес, ол екі индивидтің өзара қарым-қатынасы, олардың әрқайсысы белсенді субъект, яғни коммуникативтік әрекетке қатысушылардың әрқайсысы өзінің партнерінің белсенділігін болжап отырады. Келесі қатысушы да субъект ретінде қатысады. Осыдан келіп оған информация берерде оның мотивтеріне, мақсатына, бағыт-бағдарына сүйенеді. Бірақ берілген информацияға жауап келесі партнердан шыққан жаңа информация түрінде алынатынын болжау керек. Сондықтан коммуникативтік әрекет барысында қарапайым «информация қозғалысы» ғана емес белсенді алмасу процесі болады.
Адамдардың өзара информация алмасуында әрбір қатысушы үшін информацияның мәні маңызды роль атқарады. Мұнда адамдар информация мәнін алмасып қана қоймайды, олар оның мазмұнын ашуға тырысады. Бұл информация қабылдағанда ғана емес, ол түсінікті, әрі мазмұны ашылғанда ғана болуы мүмкін. Сондықтан коммуникацияда әрекет, қарым-қатынас және таным бірлікте беріледі.
2.Информация алмасу барысында партнердің мінез-құлқына әсер етуі тиіс, яғни коммуникация қатысушылардың көңіл-күйін өзгерту. Коммуникативтік әсер ету коммуниканттың біреуінің екіншісіне мінез-құлқын өзгерту мақсатында психологиялық ықпал жасауы. Коммуникацияның тиімділігі осы ықпалдың қаншалық әсер еткенімен өлшенеді.
3.Коммуникативтік ықпал егер информацияны бағыттаушы (коммуникатор) адам мен информацияны қабылдаушы (реципиент) бірдей белгілер жүйесін қолданғанда яғни белгілердің негізгі мағыналары коммуникация процесіне қатысушыға бірдей белгілі болғанда ғана мүмкін болады. Жәй сөзбен айтканда:”барлық адамдар бір тілде сөйлеу керек”. Тек белгілердің бірдей жүйесін қабылдау ғана партнерлардың бір-бірін түсіну мүмкін болады. Бірақ сөздердің мағынасы бірдей болғанымен адамдар оларды бірдей түсінбейді, оған әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктері себеп болады.
4. Адамдардың коммуникациясында ғана коммуникативтік барьерлер болады. Олар әлеуметтік және психологиялық сипатта болады. Барьерлер бір жағынан ортақ белгілер жүйесі жоқ болғаннан болса, сонымен қатар партнерлар арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіптік айырмашылықтарға да байланысты, олар коммуникация кезінде қолданылған ұғымдарды түрліше талдайды. Екінші жағынан коммуникация “таза”психологиялық сипатта болады. Олар қарым-қатынасқа түсушілердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.(мыс ұялшақтық). Жекелеген адамдарға немесе жекелеген ақпарат қабылдаушыларға сигналдар бағытталса онда ол аксиальді коммуникативтік процесс болып табылады. Егер сигналдар көпшілікке бағытталса, онда ол ретиалды коммуникация болып табылады.
2. Кез-келген ақпаратты алмасу белгілер жүйесі арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік процесте бірнеше белгілер жүйесі бар, осыған сәйкес коммуникативтік процестің классификациясын құрастыруға болады. Коммуникацияны вербальды және вербальды емес деп екі топқа бөлуге болады.

Наши рекомендации