Технологиялық карталар. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка»

Наурыз

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Шуақты көктем» Мақсаты: Әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту, қарапайымби қимылдарын орындауға дағдыландыру, табиғи дауыспен ән айтуға үйрету. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Көктем көрінісін бейнелейтін суреттер, биге қолданылатын гүлдер. Сөздік жұмыс: көктем, шуақ, алуан – алуан.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивциялық- қоз ғ аушылық. Балаларды қарсы алып, көктемгі баққа қыдыруға шақырады.Балаға әуен ырғағымен ілесе адымдап,нық басып жүруді ұсынады («марш» М.Раухвергер) Біз адымдап жүреміз. Бір, екі, үш! Серуендеп келеміз. Бір, екі, үш! – деп балалардың қосыла айтуын сұрайды. -Балалар, баққа тез жету үшін енді жарыса жүгірейік, - деп ынталандырады. «Кімнің жүгіргшіі келеді?» (Л.Вишкарева) әуені ойналыпбалалардың ырғақты тыңдай, жеңіл жүгірулерін қадағалайды. Балалар қол ұстасып көтеріңкі көңіл – күймен зал ішінде еркін жүреді. Ырғаққа ілесе нық басуға талпынады.     Бір – бірінің артынан жеңіл жүгіреді. Әуен аяқталғанда тоқтап, жетекшінің іс – әрекетіне назар аударады..
Ұйымдастырушылық- ізденістік Әуен соңында: міне, баққа да жеттік. Енді бақ ішін аралап, қыдырайық, - деп, балаларды көктемгі бақ бейнеленген көрініске жақындатады. -Қараңдаршы, балалар, бақ іші қандай әдемі! Мұнда қызыл, жасыл алуан гүлдер жайнап тұр екен!- деп балалардың назарын аударуға тырысады. Бақ іші қандай тамаша, Алуан гүлдер тұнып тұр, Демалайық отырып!- деп демалуға жайғастырады. Үнтаспадан құстардың дауысы естіледі. («Табиғат әуендері» жинағынан) -Балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар? Бұл құстардың дауысы. Құстар қалай дыбыстайды екен? Құстар қалай ұшады? Қолымызды жаяйық, Құстай қанат қағайық!- деп, балаларға құстың қанат қаққанынкөрсетулерін сұрайды. Қандай қызық көктемде, Күн шуағын төккенде. Гүл тереміз алуан, Шығып алып бөктерге,- деп «көктем» әнінің (муз. К.Қуатбаев,сөзін жазған А.Асылбек) Бірінші шумағын орындап береді. Әнді екінші рет орындағанда балаларға педагог мәтінге сай қимылдар көрсетіп қайталатады. Ән аяқталысымен балаларды алдын – ала «Гүлдер өсіп тұрған» гүлзарға шақырып: Қызыл, сары, жасыл, көк, Гүлдерді біз терейік.-Деп гүл жинауды ұсынады. Достығымыз жарасып, Көңілді би билейік. «Гүлдермен би» (Т.Вилькорейская) қимылдарын көрсетіп, балаларды биге машықтандырады. Шеңбер бойымен гүлдерді жоғары көтеріп, жеңіл жүгіруді, бір орында тұрып тербелуді,ортаға жиналуды, кері қарай жүру қимылдарын жасауды үйретеді. Өз беттерінше еркін жүріп, жан – жағына қарайды. Суреттерді қызықтап көреді.   Гүлдерге таңырқай қара ұстап көреді.     Кілемге жайғасып отырады.   БАлалар құстар үніне ден қойып қызыға тыңдайды, қызығушылық сезімдері оянады.   Қолдарын созып « ұшуға» әрекеттенеді.   Балалар әнді ынта қойып тыңдап, түсінуге талпынады.   П едагогтың жасаған іс – қимылын қайталап, көрсетуге тырысады.   Қолдарын көкке созып күнді, өсіп тұрған гүлдерді көрсетеді.   Балалар қуана жүгіріп,гүлдерді теріп алады.   Шеңбер бойымен тұрып, педагогке қарап би қимылдарын қайталайды.Гүлдерін жоғары көтере бірге тербеліп, ырғайналып,ырғақпен билеуге талпынады.  
    Ырғақпен билеуге талпынады.
Рефлексиялық – түзетушілік. Көктем келіп шуақты, Балаларды қуантты. Алақай – ау, алақай, Құстар сайрап, Бақтар жайнап,гүл атты! -Балалар, сендерге бақ ұнады ма? Құстар қалай әндетеді екен?Гүлдер қандай? Мен сендерге әдемі гүл сыйлаймын,-деп алдын – ала түрлі – түсті қағаздан қиылған гүлдерді таратып береді. Балалар қуанып қол шапалақтайды.     Сұраққа тұсініп жауап беруге әрекеттенеді.Балалар арқымет айтып көңілді қоштасады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі:Ырғақты сезіне қозғалу, ән мазмұнын түсіне, көпшілікпен бірге қимылдарды көрсету, жеке сөздерді әндете айту.

Игереді: Әнді әуенмен және табиғи дауыспен айтуды, баяу,сазды әуенді сезінуді.

Меңгереді:Гүлдермен бір орында тұрып тербелуді, айналуды, кіші, үлкен шеңберлер жасауды, ән мәтініне сай бірге қимылдауды.

Технологиялық карталар.

Наурыз

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Әдемі көбелек» Мақсаты: көркем-ойындық бейнелерге сай қимылдарға еліктеу,әуенді есту,сезіну,ән айту қабілеттерін әрі қарай дамыту. Қолданылатын көрнекі – құралдар: бірнеше себетке салынған гүл шоқтары,сымға қондырылған қағаздан жасалған көбелек. Сөздік жұмыс: көбелек,ақ қанатты,көк қанатты.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивциялық- қоз ғ аушылық. Зал ішіне гүлдер қойылып, «гүл алаңы» жасалады. Музыка жетекшісі балаларды көңілді қарсы алады. Біз гүлдерді терейік, Ұқыпты боп жүрейік, Анамызды қуантып, Көңілді билеп берейік,-деп « Гүлдермен би» ( Т. Вилькорейская) жаттығуын қайталайды.Әуен ырғағын тыңдап,жеңіл,еркін қимылдауларын қадағалайды. Кәне,достар,тұрмайық, Гүлдерді тез жинайық!-деп гүлдерді себетке жинап салуды ұсынады. Балалар ішке кіріп, гүлдерге көңіл аудара қарап,қызықтайды. Гүл алаңынан ұнаған гүлдерді таңдап алады.     Балалар үлкендердің көрсетуімен бірге билеуге әрекет етеді.   Көңілді жүгіре бастап гүлдерді себеттерге салуға талпынады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Музыка жетекшісі себеттерді залдың ортасына қойып,көбелекті « ұшырып» әкеледі.Үнтаспада вальс ( музыка жетекшісінің қалауымен) ойналып,көбелек сымын ырғақпен қозғалтады. Көктем қандай көрікті, Балақайлар көріпті. Дала гүлге толыпты, Көбелек гүлге қоныпты!-деп,көбелекті гүлдерге қондырады. -Балалар, қараңдаршы,қандай әдемі көбелек! Қанаттары құлпырып,көз тартады.Көбелекті гүлге қондырдық,енді ән тыңдайық. Ән тыңдау: «Көктем» ( музыкасын жазған К. Қуатбаев сөзін жазған А.Асылбек) әннің екінші шумағын орындап береді.Әннің: Жаңбыр жауар себелеп, Көлбеңдейді көбелек,-деген сөздерінде балалардың қолдарымен жаңбыр тамшыларын, көбелек қанатын көрсетіп,қайталауларын өтінеді. Ән мәтініне сәйкес педагогпен бірге қимыл-қозғалыс жасауларын бақылайды. « Гүлзардағы көбелектер» ойыны. Көбелек-ау,көбелек, Ұшасың сен көлбеңдеп. Қызыл,жасыл керемет, Гүлге қоншы,көбелек!-деп,балаларды ойынға шақырады. « Вальс» ойналып,( А.Аренский), ырғақпен жеңіл қозғалуларын бақылайды. Әуен соңында: Ақ қанатты көбелек, Көк қанатты көбелек, Бақшамызға қона кет!-деп, «көбелектерді» гүлдерге қондыру қажеттігін түсіндіреді. Балалар « ұшып жүрген» көбелекті көріп, қуанады.   Көбелекке жақындап қызықтайды.Қанаттарын ұстап көруге талпынады.Балалар әнді шаттана қабылдап,мәтінге сай қимылдарды көрсетеді.   Қолдарын созып күнді,саусақтарын қозғалта тамшыларды бейнелеп көрсетеді. Қолдарын екі жаққа созып,көбелек қанаттарын көрсетіп жеңіл жүгіреді,айналады.   Балалар гүлдерге бөлініп жүгіреді,қуанады. Қолдарын созып,көбелектер қанаттарын бейнелеуге әрекеттенеді.   Әуенмен ілесе жеңіл жүгіріп,бір орында айналып,гүлге жақындап отырады.   Көбелектер «гүлге қонады»  
Рефлексиялық – түзетушілік. Балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін,екінші рет қайталанғанда өз еріктерімен ойлауға мүмкіндік береді, « Көбелек қандай? Қалай ұшады?» деген сұрақтар қою арқылы жасаған іс –әрекеттерін пысықтайды. Залдан әуен ырғағымен көбелектер болып, «ұшып» шығуды ұсынады. Балалар көңілді еркін қимылдап,шаттанады.   Қабілеттеріне қарай жауап беруге талпынады.   Көңілдене қоштасып, «ұшып» шығып кетеді.

Күтілетін нәтежие:

Біледі:әуенді тыңдай білу,қимыл-қозғалысты көппен бірге,ырғақты сезіне жасау.

Игереді: музыканы сезіне тыңдауды,әнді нақышына келтіре айтуды,ойын шарттарын ретімен орындауды.

Меңгереді:көркем-ойындық бейнені сезіну,көбелек болып «ұшу,қону», әуенмен ілесе жеңіл қимылдауды.

Наши рекомендации