Пререквизиттер мен постреквизиттер

Оқыту бағдарламасы

(силлабус)

Орал - 2016 ж.

«БЕКІТЕМІН»     «КЕЛІСІЛДІ»
Педагогикалық факультетінің деканы     КӘС жетекшісі
Джумакаева Б.С     Бекмашева А.Н
__________________     ________________
«___»_______20__ ж.     «___»_____20__ ж.

Құрастырған: аға оқытушы Нугманова Ж.Т.

Филология кафедрасы

«№ 514 кабинет»

Кредит саны – 3

Дәріс – 30 сағат

Семинар– 15 сағат

СОӨЖ – 22 сағат

СӨЖ – 68 сағат

Бақылау түрі – емтихан

Барлығы - 135 сағат

Кафедра отырысында қаралды «___»_____20__ ж. Хаттама №__

Кафедра меңгерушісі ______________________М.Қ.Ажгалиев

(қолы, ТАӘ)

Оқытушы туралы мәліметтер

Нұғманова Ж.Т. - «Филология» кафедрасының аға оқытушысы.

Ткізу орны мен уақыты

Өткізу уакыты: 5 семестр 2016-2017 оқу жылы

Өткізу орны: Орал қаласы, Ғ.Қараш көшесі 12, сағаттар сабақ кестесі бойынша өткізіледі.

Пререквизиттер мен постреквизиттер

Пререквизиттер: Жалпы тіл білімі, Психология, Педагогикалық психология, Педагогика.

Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, Балалар әдебиеті.

4. Курстың қысқаша мазмұны (таңдау компоненті)

- дыбыстау мүшелері, олардың қызметін;

- мәнерлеп оқудың амал – тәсілдерін;

- шағын фольклор жанр шығармаларын (ертегі, мысал, әңгіме, өлең т б ) окып, талдауы;

- көркем шығарманы кейіпкерлендіре білуі және талдауы;

- тіл дамыту әістемесінің міндеттерін, әдіс-тәсілдерін;

- тіл дамыту әдістемесінің міндеттері бойынша сабақ өткізу әдістемесін;

- әр топ балаларының тіл ерекшеліктерін;

- мектепке дейінгі ұйымдардағы топ Мазмұны:н, бағдарлама, оқу- әдістемелік кешендерін;

- әдістемелік жұмыстың формаларын.

Оқыту әдістемесі: лекция, практикалық сабақтар, лабораториялық сабақтар, студенттердің жеке жұмысы, аранаулы курстар мен арнаулы семинарлар барысында меңгертіледі. Сонымен бірге, студенттердің өз бетімен жұмыс орындауы, бақылау жұмысы, реферат, дипломдық жұмыс жазуы арқылы әдістемелік білімін жетілдіруді көздейді

Курстың мақсаты –Мәнерлеп оқу - баланың ой-өрісін кеңейту, акыл-ойын дамыту, мінез кұлқын, еркін тәрбиелеу. Бұл пәннің өзіне тән оқыту тәсілі, әдісі бар. Ол мәнерлеп окудың өзіндік табиғатына байланысты заңдылықгарға бағынады. Болашақ мамандарға көркем сөз оку өнерінен кейбір теориялық мәлімет бере отырып, мәнерлеп оку мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісіне-тәсіліне теселдіру, жаттығу материалдары аркылы сөйлеу техникасын дұрыс дем алу, дикция, /үні, сазы/, дауыс сапасын т.б. дамыту жолын үйретеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі бұл мектепке дейінгі педагогика және психология бөлімінің бір пәні. Келешек жас ұрпақты жан-жакты тәрбиелеу ғылымы. Балалардын сөйлеу тілін, олардың сөздерді және сөйлемдерде байланыстыра сөйлеуіне, грамматикалық формада дұрыс сөйлеуде дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге баулиды. Міне, осындай міндеттерді карастыра отырып, болашақ маман кадрларға жоғары білім бере отырып мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдіс- тәсілдері мен жолдарын үйретеді. Олардың тілін дамыту әдістемесінің мазмұнын, мақсаттарын қарастырады. .

Курстың міндеттеріКурстың теориялық бөлімінде «Тіл дамыту әдістемесі» пәнінің ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру, семинар сабақтары және зертханалық сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді.

Ø Тіл дамыту әдістемесі пәнін игеру барысында студент бала тәрбиесінің күрделілігі мен маңызын жете түсініп, ұстаздың этикет пен мәдениет деңгейінің жоғары болуын үнемі назарда ұстауы тиіс. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің тарихын терең меңгеріп, оның өкілдерінің шығармаларымен толық танысу.

Ø Пәнді ұйымдастыру кезінде оқушылардың жас ерекшелігіне айрықша көңіл бөлуді студенттерге ескерте отырып, игерту.

Ø Студенттердің, болашақ маман иелерінің өздері оқытатын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін үнемі назарларында ұстауға, балалармен қарым-қатынасты үйлестіре білуді үйрету.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет:

Істей білуі қажет:

Ø Теориялық талдау жасай алу;

Ø Алған білімдерін практикада қолдана білу;

Ø Балалардың сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру

Ø Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.

Дағдысы болуы қажет:

Ø Тіл дамыту әдістемесі пәнінің тарихын терең меңгеріп, оның өкілдерінің еңбектерін білуі керек

Ø Бала тілін дамытудың негізгі әдістерін меңгеру керек;

Ø Теориялық талдау жасай алу;

Ø Ана тілін ұғыну заңдылықтарының білім беру жолдары мен құралдарын меңгеру, түсіну;

Ø Өзіндік пікір айта алу;

Құзыретті болуы қажет:

Ø Балалардың психологиялық ерекшеліктерін үнемі назарларында ұстауға, балалармен қарым-қатынасты үйлестіре білуді үйрету.

Ø Болашақ тәрбиеші мұғалімдерге балаларды тіл дамытуға үйретуді яғни, балаларды ( дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру жолдарын саралап көрсету;

Ø Балалардың ой-өрісін кеңейту үшін сөздердің мағыналарын салыстыру, ажырату тәсілдеріне тоқталу;

Ø Грамматика салаларының өзара байланыстарын көрсету;

Ø Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеуді үйрету

Наши рекомендации