Денсаулық және тәрбие шарттары.
Денсаулықтағы негізгі фактор режимдік сәттерді дұрыс сақтау болып табылады. Ойыншықтармен құралдардың екі тобы болу керек: біріншісі күнделікті ойынға, екінші тобы үлкендермен бірге оқыту және сабақтарға арналған. Үлкендердің барлығы өзіне қызмет көрсету дағдыларымен байланысты балаларды оқытуда біркелкі талаптарды сақтауы тиіс: тамақ алдында және дәретханадан келгенде қолды жуу, тамақ ішкенде майлықты қолдану, қасықты дұрыс ұстау, үлкенді тыңдау, өздігінен қасықпен тамақ ішу, қасықты оң қолымен дұрыс ұстау, сол қолында нанды ұстау, ас ішіп болғаннан кейін орындығын жинау, ойыншықтары мен киімін өзінің артынан жинау және т.б.
Ересек адамдардың барлығы уақыт ауысымы туралы әңгіме жүргізуі керек. Мысалы, кешке: «бүгін біз ұйықтауға жатамыз, қараңғы батты, демалу керек. Ал ертең ойнаймыз. Сені апайың мен әпкең тосады, сосын біз серуендеуге барамыз». Өзің бірінші жақпен айтуға үйрету: «мен қалаймын», «мен істеймін», «мен серуендеуге бара жатырмын», «мен қолымды жуып жатырмын» т.б.
Осы процесс кезінде үлкендер баланың саусағына 2-3 рет 5 минуттан массаж жасайды.
Массаж: Ересек адамның баламен эмоциональды немесе вербальды қарым-қатынас кезінде жүргізіледі.
Жаттығу түрлері:
- Ересектер тұрғысынан 6-8 рет қолдың бетті бөлігін ұшына дейін әр қолды жеке сипалау;
- Ересектер баланың саусақтарын ашып-жұмдыру 4-тен 10-ға дейін әр қолы бойынша;
- Ашық алақанда баланың қолының ортасынан бастап қиғашынан жүргізу. Келесіде 2-4 рет әр саусаққа ауысу (сурет салу, орама жіпті орату т.б.);
- Сілтеме саусақпен белгіленген алақандағы нүктелерді басу, баланың әр саусағын 1-2 рет басып уқалау.
- Апару мен басу сұқ саусақпен баланың әр қолындағы саусақтарға апару әр алақанның саусақтарын 1-2 рет уқалау. Саусақтарға қайталау.
- Үлкендердің баланың үлкен саусағын үш бағытта бұруы: алдыға – артқа, бүйірден жан-жаққа және айналдыра;
- Үлкендердің баланың әр қолын ақырындап «шеттен орталыққа» бағытымен 5 – 6 рет сипалауы.
Тыныс алудың дамуы
Ойын және ойын ережелері
- Баланы допқа үйрету.
- Баланы ойыншықтарға үрлеуді үйрету.
- Қар бұршақтарының балалардың алақанына салып өздеріне үрлеуді үйрету.
Баланы қағазға үрлеуді үйрету үшін оларды түрлі-түсті қағаздардан дұрыс қиып үйрену керек: еменнің, аққайынның, көктеректің. Бір немесе бірнеше көбелек жасау үшін, әр көбелекке жіп байлау керек, ол ілініп тұруы тиіс, балаға шығар кезде көбелекті үрлеуді өтінеді.
Тыныс алуды реттеу (мұрынмен тыныс алып, қолды жоғары тыныстап жұтарда, ал тыныс алып болғаннан соң қолды төмен түсіру).
Зіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- Өздігімен қызмет көрсетуді үйрету; ұйқыдан тұрғаннан кейін төсегін жинау, пижаманы орнықты орынға қою. Қолыңды жуғаннан кейін сүлгімен сүрту, тісін тазалау, дәретхананың қағазымен дұрыс қолдану, одан кейін суды дұрыс ағызу, айнаның алдында шашты тарау, өзіне күтім жасай алу, киімін дұрыс қою.
- Ас ішу барысында үстелде дұрыс отыру, қасықты ұстай білу, шанышқыны, майлықты ас кезінде, астан кейін қолдана білу.
- Өз бетімен шұлығын шешу, бас киімін, аяқ киімін, майкасын кию, іш киімін, шұлығын.
- Шешіну, түймені шешудің әр түрлі тәсілдерін игеру, киюдің де, замок пен баспа түймелерді қолдана білу.
- Киім мен аяқ киімге күтім жасауды үйрету; жинақы бүктеу, шкафқа ілу, аяқ киімді орнына қою, қолының тазалығына қарау, өз бетімен аяқ жууды үйрену.
- Өзінің аяқ киімін сүртуге үйрету.
- Айналадағы заттарға ықыласпен назар бөлу (киімге, аяқ киімге, ыдысқа, жиһазға, ойыншықтарға).
- Киімнің дұрыс тұрмағанын үлкендер арқылы түсіну.
- Өз бетімен қыдырып келгенде киімді ілуді, аяқ киімді орнына қоюды үйрену.
- Киімді түймелеу мен аяқ киім сырмасын дұрыс тағуға үйрену.
- Тамақты үлкендердің ескертуінсіз ұқыпты жеуге үйрену.
- Тамақтанғаннан кейін үстелді жинауды үйрену
- Тамақ істеуді көрсету: сарымсақ тазалау, піскен жұмыртқа аршу.
- Киімді шашыратпай жууға үйрену.
- Дәретханаға өз бетімен баруға үйрену.
- Жыл мезгіліне қарап киіп таңдауды үйрену.
- Киімін ретке келтіруге үйрену.
Леуметтік даму.
- Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыру, өз аты-тегін, жынысын үйрету.
- Айнаға қарап өзіне қол бұлғап мен деп өз атын айтады. Өз айналасын тани бастайды. Менің күртешем, менің затым, менің ойыншығым дейді. Бастысы үлкендердің сөзінде өзім есімдігі қолданған жөн. Мен саған келдім. Сен не істейсің? Сенің заттарың қайда? Өзіңнің күртешеңді ал. Менің қолым өз қолыңды бер. Сен ақылдысың. Сен өз бетіңмен киіне аласың, ақылдысың!
- Өзіне қажет нәрсені ажырата білу.
- Өзінің тілегі мен қажет нәрсесін айту: «су ішкім келеді, шаршадым, ұйқым келеді, ойнағым келеді және т.б.»
- Баланың басқа адамдарды сөзіне көңіл аударту: мен машина ойнағым келеді: «Саша, сенімен доп ойнағым келеді», «Ол сені ойнауға шақырды», «Таня су ішкісі келді, оған ожаумен су бер», т.с.с.
- Өз еркімен қолданысты жалғастыру. «Қалың қалай?», «Сенің қандай ойыншығың бар?», «Сенің атың қалай?», «Сен кімсің?», «Кубиктер әкеліп, жануарларға үй саламыз», т.с.с.
- Ойыншықтар арқылы көңіл-күй, сезім түйсігін жеткізу. Мысалы: Қуыршақ қуанды, жылады, тоңды.
- Үлкендерге «Апай міне...». «Рахмет» айтуға үлкендердің аты-жөні барына үйрету.
- Адамды дұрыс тыңдап, сөзін бөлмеуге үйрену.
- «Сен кімсің?», «Бұл не?», «Не істеп жатыр?» әр нәрсені ажытаруға және сұраққа жауап беруге үйрету.
- Анықтайтын «қайдан, немен?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.
- Іс-әрекетін қызықтыратын сұрақтарына жауап беруге үйрету «Кім үшін?», «Не үшін?»
- Заттың пішінін ажырататын сұрақтарға үйрету «Бұл не?», «Қандай түсті?», «Не үшін керек?»
- Сюжетті суреттерге қарап сұраққа жауап беруге үйрету.
- Әр түрлі нұсқадағы сұрақтарға.
- Өз еркімен сұрақ қоюға үйрету.
Дене тәрбиесі.
1) Қимыл-қозғалыстың дамуы.
- Айналым арқылы жүру және жүгіру, өкшемен, бармақпен, дабыл бойынша, керісінше жүгіріп жүру.
- Жіп арқылы секіріп үйрену, доп тебуге үйрену.
- Екі аяқпен секіріп үйрену: орында тұрып, қолды белге қойып, аяқты бірге қосып.
- Кішкене биіктіктен секіруге үйрету.
- Қолдың қимыл-қозғалысын жалғастыру.
- Әр түрлі қашықтық пен әртүрлі салмақтағы допты ұстауға үйрету.
- Үрленген үлкен допты екі қолмен лақтыру, саусақпен құрғақ мата алу, сабын көпіргішін екі қолмен ұстауға, бір уақытта екі іс істеуге (бір қолмен ұстап, екіншісімен басқа нәрсені алу), ойыншық тастап, пішіні мен сапасын үйрену.
- Биіктіктегі затты созылып алуға үйрену.
- Итеру, лақтыру, алу, ұстау, көтеру қимылдарын затқа пайдалану.
- Қолды айландыруға үйрету.
- Ұсақ заттарды бір не екі қолмен алуға үйрету.