Тәртіп – адамдардың тіршілік қарекеті саласындағы реттілік

Этикеттің ережелеріне сүйену үшін, оның принциптеріне жүгіну керек

2.1. Әлеуметтік жұмыс мамандығының тәртіп этикеті мен мәдениетін білудегі маңыздылық.............................................................................................8

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................14

Тәртіптің сыртқы бейнесін сипаттайтын ережелерді саналы түрде құрастыруды кейбір зерттеушілер антика дәуіріне жатқызады, себебі бұл кезеңде адамдарды сымбатты тәртіпке, қылықтарға үйрету әрекеттері байқалады. Осы кезеңде күнделікті өмірдегі тәртіптің, сонымен қатар нақты жағдайдағы әрекет-қылықтар адамды оның ең жақсы қасиеттерінің көрінуіне бағыттаған, таңдай еркіндігін қалдыра отырып, осы қызметтің жалпы бағыт-бағдарын берді.

Адам өмірі – көп салалы, әрі көп қырлы. Осыған орай әркімнің өмірін жеңілдету, реніші мен қайғысын тең бөлісу үшін тәрбиелі, саналы, адамгершілікті адамның сол қайғы-мұңға ортақтаса білуі адамның жоғарғы сапасы. Себебі адамның тәртібі: жастардың үлкендерге сәлем беруі, жол беруі, құрдастарды, достарды құттықтауы, көршінің жақсы қылығын мадақтауы, т.б. секілді кәдімгі қарым-қатынастардан тұрады. И.Гете: «Ең алдымен өзіңді-өзің үйрет, сонда сен басқалардан үйренесің» - дейді. Адам тәртібінің екі түрі болады: сөздік және нақтылы. Сөздік тәртіп – өз ойымызды білдіруіміз, пікіріміз, дәлеліміз. Біздер, кейде ашу үстіндегі шаршаған кезде немесе жиналған халық арасында, жұмыстағы өз сөзімізге онша мән бермейміз. Ал әрбір сөздің мазмұны іс-әрекетіміз бен қимылымыздан бірден-бір кем емес. Швейцар жазушысы Лафатер: «Ақылды болғың келсе, орнымен сұрауға, көңіл қойып тыңдауға, байсалды түрде жауап беруге және басқа ештеңе жоқ кезде сөйлеуді үйрен» - деген. Атақты жазушы Ілияс Есенберлин: «Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады» деген екен. Сондықтан орнықты әңгімелесу, сөйлесе білу, сөз арқылы пікірді, ойды жеткізу – адам мәдениетінің бір саласы. Жақсы әңгімелесуші болудың бір ғана тәсілі бар, ол – тыңдай білу. Тыңдауда – алдарыңызға жан салмайтын біртоға адам болсаңыз, ал сөйлесу қажет болғанда – сөздің соңын күтуге тырысу.

Тәртіп – адамдардың тіршілік қарекеті саласындағы реттілік

Тәртіп (лат. disciplina) – адамдардың белгілі бір қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөн-жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаты; адам мінез-құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не әлдебір ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестігі. Тәртіп тұлғаның ұстамдылығын, іштей ұйымдасқандығын, жауапкершілігін, өз мақсаттарына бағыну мен қоғамдық нұсқауларға (заңдар, әлеуметтік нормалар, қағидалар) бағынуға әзірлігі мен дағдысын қамтиды. Қоғамдық тәртіп адамдардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысына үйлесімді сипат береді, ұжымдық іс-әрекеттің өнімділігін, әлеуметтік инабаттардың қалыпты қызмет атқаруының, тұлғааралық қатынастың дұрыс болуының алғышарты болып табылады.

Тәртіп - қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымнын жарлық талаптарына адамдардың мінез-құлығының сәйкестігін бейнелейтін қандай да болсын қауымдастықта, адамдардың тіршілік әрекеті сферасындареттіліктің ұйымшылдықтың сапалық сипаттамасы. Оқушылардың тәртібі - оқу орынында белгіленген тәртіпті қатаң және дәл сақтау, өз міндеттерін, мұғалімдер мен оқушылар ұжымының талаптарын мүлтіксіз орындау, өз борышына саналы қарау.

Гректер үшін ең бастысы әр нәрсенің шегін сақтау, саналы өмір сүру болатын. Сонымен қатар, ең бастысы – адамды жеке, ешкімнің көмегінсіз ойлауға үйрету, бұл тәртіптің ең дұрыс жолы болып табылады. Сонымен, антикалық дәуірдегі этикет тәртіптің практикалық тұрғыдан тиімділігін, және мақсатқа бағыттаушылығына көңіл аударылған, тәртіптің формасы оның мазмұны мен сипатына тікелей байланысты. Мысалы, өзін-өзі ұстай білетін тәрбиелі адам табиғатынан жомарт, жан дүниесі кең, жақсылық жасауға құштарлығы бар, бірақ одан жауап күтпейді, өзінен төмен адамдарды кемсітпейді, өзінің шамасын біледі.

Бірақ сәттілік этикалық нормаларына сай болуы керек, және әлеуметтік қызметкер өзінің жоспарлаған жұмысын бақылап отыруы керек. Егер оның нәтижесі оның моральды сезімдерін өкіндіретін болса, оған жұмысты бастау міндетті емес, ал жұмыстың негативті барысы оның талпыныстарын сұрақтардың астына алады.

Этикалық баға кез келген деңгейде объективті-субъективті сипат алады. Бағаның субъективтілігі бағалау адамдармен жүргізіледі, және жеке факторды алып тастау әрқашан орындала бермейтіндігімен байланысты. Мысалы, клиенттің әлеуметтік жұмысты бағалауы кезінде, оның пікірі , көбінесе, әлеуметтік қызметкер қаншалықты оның мәселесін шешкені , онымен қаншалықты және қандай деңгейде жұмыс жасағанымен тығыз байланысты.

Наши рекомендации