Көркем фильмді сабақта қолданудың тиімділігі

15.07.2014 | Ғалым мінбері | 173 рет оқылды 0 пікір

Көп тәжірибелерден оқып, талдағаннан бай­қа­ғанымыз, видеофильмдерді сабақта пай­­­далану оқушылардың ойлау қабілеттерін ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар, мұ­ғалімге оқытудың бірнеше мақсатын іске асыруға көмектеседі. Оқушылар тілін оқитын елдің өмірі, салты, дәстүрі туралы көрнекі мағлұмат алады және осы арқылы олардың сол елдің тілін түсініп, үйренуге деген талпыныс құштарлықтары арта түседі. Видеофильмдер, киноүзінділер, киноклиптер оқу үдерісін жетілдіріп, оған барынша коммуникативті бағыт береді. Олар сабақта қосымша тілдік орта құрып, тілдік сөйлеу жағдаяттарын дыбыстық және көру арқылы іске асыратын көрнекілігі жоғары материалдар болып табылады[2,188].

Видеоматериалдарды таңдау белгілі ұста­ным­мен жүргізілуі қажет. Сабақта фильмді пайдалануда міндетті түрде мынадай жағ­дайларды ескеруі керек:
- тіл үйренушілердің қызығушы­лықтары;
- лингвоелтанымдық мәліметтердің құнды­лығы;
- материалдың заманауилығы мен көкей­тестілігі;
- видеофильмнің елтанымдық және тәрбие­лік маңыздылығы;
- оқушының көңіл-күйіне әсер ету деңгейі;
- бағдарламаға сай әдістемелік бірізділігі мен жүйелілігі.
Сабақта қолданылатын видео өнімдердің ішіндегі ең тиімдісі және тартымдысы ау­тент­ті көркем фильмдер болып табылады. Мұнда оқушының білімін тереңдету, оның ел­танымдық білімі мен тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу дағдыларын жетілдіруге мән беріледі. Осы мақсатқа жауап беретін, тілдік талаптарға және қазіргі оқушы жастардың сұранысы мен тілегіне сай келетін көркем фильмдерді таңдау оқытушының оң нәтижеге жететін әдістемелік шешімі болып табылады.

Көркем фильмді таңдағанда оның аутенттігі де ескерілуі керек. Онда кино кейіпкерлерінің сөйлеу тілі стандартты тіл болып, фильмнің тақырыбы көрермен оқушыларға қызықты болуы тиіс. Оқытушы фильммен жұмыс барысында алдын-ала жаңа сөздермен жұмыс жүргізеді. Бұл оқушылардың фильм мазмұнын түсінулерін жеңілдетеді.
Фильмді көруге даярлық барысында фильм­нің ең қызық деген тұстарымен жұмыс жүр­гізілуі тиіс. Сабақ мақсатына сай, басқа тілдің реалийлеріне түсініктеме беріп, басқа мә­дениет пен ділдік айырмашылықтарға шолу жасауы мұғалімнің оқушымен дұрыс әдіс­темелік байланыс орнатуының басты әдісі. Бұл жаттығулар жүйесі барлық әдістемелік жұ­мыстарда: фильмді көрер алдындағы, фильмді көріп отырған кезде орындалатын тап­сырмалар және фильмді көріп болғаннан кейін оқушының орындайтын жұмыстары деп аталып жүр[3,2;4].

Фильмді көрер алдындағы тапсырмалар ретінде мынадай жұмыстарды атауға болады:
- Фильм тақырыбы бойынша алдын-ала түсіндіріп,мағлұмат беру;
- Кезеңдердің маңыздылығын түсін­діру;
- Фильмді бір рет дауыссыз көріп шы­ғу;
- Жаңа сөздердің аудармасы мен қолдану жолдарын түсіндіру, мысалдар келтіру;
- Фильмді көріп отырған кезде орындалатын тапсырмаларға мына жұмыстарды атауға болады:
- Тілдік мәліметті іздестіру, фильмнен үзін­ді көрсетіп, керекті сөздер, сөз тіркесі не фра­за­­ларды шет тілінен қазақ тіліне аударып, бала­ма­сын табу;
- сөйлемдегі бос орынды көріп отырған фильмнен алып жаңа сөздермен толтыру;
- етістіктерді дұрыс грамматикалық формасында беру;
- оқушының дұрыс сөйлеу қабілетін қалып­тастыру үшін монологтық, диалогтық сөйлеуге арналған фильмнен үзінділермен жұмыс жасау;
Фильмді көріп болғаннан кейін оқушының орындайтын тапсырмалары оқушының фильм­нен туған танымдық ойын дамытуға, шы­ғармашылықпен жұмыс істеуіне әсер етеді. Бұл кезеңде мынадай жұмыстар істеуге болады:
- жобалық жұмыс, оқушы көрген фильміне ұқсас бейнефильмдер даярлайды, мысалы, қаланы аралау, концертке, театрға саяхат, өз үйі туралы әңгімелеу;
- рөлдік ойындар, оның негізіне көрген фильм алынады. Бұл жұмыстар мынадай сұрақтарға жауап бере отырылып жүзеге асырылады:

Сонымен, сабақта аутентті көркем фильмді пайдалану барлық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға септігі мол, шетел тілін тереңдетуде тиімді әдіс ретінде танылады. Фильм оқушыны сөйлеуге, әңгімелесуге құлшындырады, сонымен бірге ол тіл үйренушіге сол ел туралы нақты мәліметтерді өз көзімен көріп, танысатын көрнекілік болып табылады.
Арайлым Әмірбекова,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
2 курс магистранты

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ильченко З.Е. Использование видеозаписи на уроках английского языка //Первое сентября, Английский язык. — 2003 г.- №9, стр.7
2. Комарова Ю.А. Использование видео в процессе обучения иностранному языку в старшей школе /Методики обучения иностранным языкам в средней школе. – Санкт Петербург: изд. КАРО, 2005, стр.188
3.Соловова Е.Н. Использование видео на уроках иностранного языка //
ELT NEWS & VIEWS — 2003 г.-№1, стр. 2
4. БесироваН.Шет тілі сабағында коммуникативтік құзыреттіліктіқалыптастыру әдісі ретінде бейне жазбаны қолдану. Ақиқат журналы. – Алматы, 2014.
In the article is discussed the efficiency of using of a feature film and its viewing stages in the foreign language teaching process.

Орытынды

Қазіргі заманғы ғылым мен техникалық даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта мультимедиалық құралдарды пайдалану - заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электрондық телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау.

Соңғы жылдары көз алдымызда адамдардың әлеуметтік, мәдени, ғылыми және өндірістік қызмет аясына тікелей әсер еткен компьютерлік революция болды. Компьютердің оқу процесіне де тигізетін өзіндік әсерін жоққа шығаруға болмайды.

Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша білім беру мекемелерінде мультимедиалық құралдарды пайдалану оқушылардың коммуникативті қабілеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызатындығын және оны жүзеге асыру жолдарын тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында дәлелденді. Шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытып, заманауй дерек көздерін үйлесімді пайдалана отырып шетел тілін практикалық тұрғыдан жетік меңгеруіне, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Жүргізілген зерттеу жұмысының барысында қарастырылған теориялық мәліметтер мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу барысындағы нәтижелер бойынша мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

- оқу үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері жөніндегі Б.А.Досжанов, Ұ.Т.Нұрманалиева, С.Т.Сиргебаева, Б.Т.Абыканова, Г.Б.Таутаева, Ж.А.Қараев және т.б. педагог ғалымдардың еңбектерін зерттеу жұмысымыздың тірегі ретінде қарастырдық.

- зерттеу жұмысымыздың тақырыбы төңірегінде отандық және шетелдік ғылыми-әдістемелік еңбектері мен тәжірибелік-эксперименттер төңірегінде жасалған талдаулардың нәтижесінде зерттеу жұмысының алға қойған мақсаты орындалып, шетел тілін оқытуда мультимедиалық құралдарды пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктерінің теориялық тұжырымдамасы айқындалып, олардың тиімділігі анықталды.

- зерттеу жұмысының ғылыми болжамын жүзеге асыру мақсатында алдын-ала зерттеу жұмысының міндеттері мен мақсаттары айқындалып, шетел тілін оқытуда мультимедиалық құралдардың қолданыс аясы мен білім беру мекемелеріндегі алатын орны анықталды.

- жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесінде оқушылар жаңа ақпараттық құралдарды жетік меңгеруге, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік алады.

- шетел тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда компьютерлік технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылып, оқыту үдерісінде мультимедиалық құралдарды дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтарда пайдалану арқылы білімді әрі жан-жақты тұлға қалыптастыруға болатындығы анықталды.

- шетел тілін оқытудың тиімділігін арттыру үшін бүгінгі күннің талабына сәйкес интерактивті оқыту әдісін, электронды оқыту құралдарын, компьютерлік бағдарламаларды, Интернет-сайттар, видео немесе көркем фильмдерді жүйелі түрде пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға болады.

- мультимедиалық құралдардың заманауи технологияларын енгізу – оқу процесінің мәнін байытады, оқушыларға қатты әсер етеді, балалардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырып, көрнекілік қағидасының жаңа жолдары қарастырылып, олардың оқытудың барлық кезеңдерінде әр түрлі педагогикалық формада жүзеге асыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытудағы маңызы айқындалды.

- сабақ өткізу барысында Интернет ресурстарын пайдалану оқушыларды шетел тілін ақиқат өмірде қолдана алуға үйретіп, мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік жасай отыра, оқушының коммуникативті қабілетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасай алатындығы дәлелденді.

- аутентикалық және шынайы видео мәліметтерді шетел тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың өз бетімен білім алуына және танымдық белсенділіктерін ынталандыруға мүмкіндік беретіндігі айқындалды.

Білім беру саласында көтерілетін өзекті мәселелердің бірі - жаңа ақпараттық технологияларды орта мектептерде қолдану тиімділігі. Бұл шетел тілін оқытудың жаңа техникалық құралы ғана емес, сонымен қатар тілді үйретудің жаңа форма мен әдісі ретінде қарастырылып отыр. Шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушының коммуникативті мәдениетін қалыптастыру және дамыту, оның шетел тілін практикалық қолданыста пайдалану қабілетін дамыту.

Қазіргі таңда білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қажет не қажет еместігін талқылауды қажет етпейді. . Қазіргі заман қоғамы бұл сұраққа жаңа ақпараттық мәдениетті құру арқылы белсенді түрде еніп кетті.

Мемлекетте білім жүйесін жаңарту үдерісі жүріп жатқан қазіргі таңда мұғалімнің кәсіби қызметіне қойылатын негізгі талап ақпараттық таным болып табылады. Ал, мультимедиалық құралдарды қолдану оқу барысын жеңілдету, одан әрі дамыту мен оқушыларға оқу материалдарын жеткізу мақсатын көздеуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. //Астана, - 2004. – 65б.

2. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы. //Алматы, – 2010. - 75б.

3. Қараев Ж.А. Активизация позновательной деятельности учащихся в условиях преминения компьютерной технологии обучения: дисс. док. пед. наук. - Алматы, 1995. – С.335.

4. Нұрғалиева Г.К., Тілеуова С.С. Ақпараттандыру – білім беруді реформаландырудың негізгі механизмі. //Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – Алматы, 2006. - №1. - 286б.

5. Дацюк Г.И. Психолого-педагогические особенности применения информационных-коммуникативных технологий в учреждених общего среднего образования: дисс. канд. пед. наук. - М., 2001. – С.175.

6. Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса: Методические основы – М.: Педагогика, 1982. – С.192.

7. Молдабаева К.Е. Білімді ақпараттандырудың маңызды факторы – Интернетке шығу. //Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың ІV- Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы Алматы, 2006. – 392б.

8. Могилёв А.В. Интернет приходит в школу. Воронеж: ВГПУ, 2001. – С.240.

9. Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка. //ИЯШ. – 2000. - № 2.- С.98.

10. Беспалько В.П. Системно-методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса подготовки специалистов. – М.: Высшая школа, 1998. – С.288.

11. Вымятнин В.М., Демкин В.П. Мультимедия курсы: методология и технология разработки. – Томск, 2003. – С.265.

12. Гаффин А.К. Путеводитель по глобальной компьютерной сети Интернет. – М.: ТПП Сфера, 1995. – С.269.

13. Соболева М.Н., Гомулина Н.Н., Брагин В.Е. Электронный учебник нового поколения. //Информатика и образование. – 2002. - №6. – С.239.

14. Пассов Е. И. Основы коммуникативной методики. - М.: Русский язык, 1989. – С.278.

15. Добудько Т.В. Формирование профессианальной компетентности учителя в условиях информатизации образования: дисс. док. пед. наук. – Самара, 1999. – С.171.

Summary

on the thesis submitted to confer for scholarly degree of "Master of Education"

Наши рекомендации