ТаҚырыпты таҢдау
Ғылыми зерттеу табыстылығының маңызды шарты-тақырыпты дұрыс таңдау.Тақырыпты таңдау –біржолғы процесс емес және қиын өзіндік ізденістің нәтижесі болып табылады. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
Зерттеу жұмысының басты шарты–оның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттенудің мақсатымен міндеттерінұғыну қажет. Мақсат–бұл зерттеушінің ізденіс нәтижесі.Зерттеу мақсаты нақты және қол жетерлік болсын.
Міндеттер–қадамдарды,мақсатқа жету кезеңдерін көрсету болып саналады. Жұмыстың өзектілігі–яғни бұл жұмыстың қазіргі кезеңіндегі проблемасы.
Болжам-логикалық дәлелденбеген,тәжірибемен нақтыланбаған алдын ала ойластырылмаған білім
Қорытындыдаболжамды дәлелдейтін жобаның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады, ұсыныстар беріледі.
Зерттеудің қол жетімді әдістері:
1.дербес ойлау
2.кітаптан оқып білу
3.кино,теле фильмдерден білу
4.интернет желісінен іздеп табу
5.басқа адамдардан сұрап білеу
6.байқау
7.эксперимент жүргізу.
Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін» , «Мен – жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен-зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.
Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.
Бастауыш сыныптан бастап ізденушілікке баулыса бала кішкентай кезінен өздігінен ой түйіп, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді, оны математика, логика сабақтарындағы оқушылардың белсенділіген байқауға болады. Оқушыларды зерттеу-ізденушілік жұмыстарға баулуды 2012 жылдан бері бастап, оқушылармен қызықты да өзекті тақырыптар таңдауға тырысамын. Биылғы оқу жылында оқушым Рахметтолла Аққу «Бәйтерек – асқақ арманның символы» ғылыми жобасын жоғары дәрежеде қорғап, аудан көлеміндегі «Нұрлы көжек – 2015» кіші жастағы оқушылар жобалары байқауында Гран-при иегері атанды. «Нұрлы көжек – 2014» аудандық байқауында оқушыларым Есенғали Ұлболсын мен Төлеген Жұлдыз «Қазіргі жастардың тіл мәдениеті» тақырыбындағы ғылыми жобасын сәтті қорғап, ІІ орын иегерлері атанды. Жұмабай Ермек «Киіз үйдің мәдениеті» зерттеу жұмысымен 3 орын алды. «Нұрлы көжек – 2013» кіші жастағы оқушылар жобалары байқауында Есенғали Ұлболсын еліміздің арғы бабаларымызды және осы күнге қалай жеткендігін анықтау мақсатында еліміздің аты «Жаманшұбар» тақырыбын зерттеп, ІІІ жүлделі орын алдық.
Зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән: білуге құмарлық,байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып,олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Алайда,бастауыш сатыда зерттеудің әдістерін қолданудың өзіндік қиындықтары бар.Төменгі жастағы баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине,ол табиғатынан туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі:проблеманы қалай анықтауға болады,болжамды калай құрылымдау керек,байқауды,эксперементті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы,оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді. Баланың айналаны өз бетімен танып білуге деген ұмтылысы негізінде құрылған оқытуда зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады.Балаларды оқуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бола болмысының білмекке құмарлығымен,оны қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі.Оқушылардың өзіндік зерттеулері,олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар,өзіндік зерттеулер интеллектуалды және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе,өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде»алмай,өз бетімен ашады. Кіші жастағы балалар тәжірибесінде жеке және ұжымдық зерттеулер қолданылады.
Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының:
- Ой-өрісі мен рухани жан дүниесінің дамуына ықпал етеді,
• Өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп,зерттеулер жүргізуге
бейімделеді;
• Ой жүйелілігі мен шешендік өнері қалыптасады;
• Танып-білу,талдау-жинақтау,салыстыру,бастысын бөліп
шығару,өмірде қолдану әдістерін меңгереді;
• Оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып,оқушылардың
жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз етеді.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әлімқұлова А.Б. Бастауыш сынып оқушыларының жобалық-зерттеу әрекетін ұйымдастыру [Мәтін]: Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал /… Әлімқұлова А.Б. // Бастауыш мектеп: ҚР МАжБКМ- Алматы, 2014- №7-8- Б.6- ISSN 0207-5474
Айтқалиева Г. Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік, жобалаушылық дағдыларын дамыту [Мәтін]: Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал / Г. Айтқалиева // Білім кілті- ҚР БжАМ.- Алматы, 2014- №4(70)- Б.7-9
Галиева Б.Х. Ғылыми-зерттеу жұмысын жобалау [Текст] / Б.Х. Галиева // Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы- 2013- 16-18 б.
Жұмағұлова А.З. Оқушылар арасында ғылыми жұмыстарды қалыптастыру [Мәтін] / А.З. Жұмағұлова // Открытая школа- 2013- №3-13б.
Мырзалинова А. Бастауыш білім беруде кіші жастағы мектеп оқушыларымен жобалық-зерттеушілік қызметті ұйымдастыру [Текст] / А. Мырзалинова, Долдинас Акышева Б. // Бастауыш мектеп- 2012- №11-12-12б.