Адам. Іс-әрекеттерді жоспарлау

Сіздің дамыту жұмысыңыздың ықпалын түсініп қана қоймай, осы жұмысты басқаруда көмектесетін нақты жоспар әзірлеу де маңызды. Дамыту барысында осы элементтер туралы ойлану (6-тапсырма) іс-әрекеттерді жоспарлауыңызды үйлестіреді.

Сіздің іс-әрекет жоспарыңызда, төмендегі диаграммада көрсетілгендей, 3 элемент тепе-тең жағдайда болу қажет. Диаграммада сауатты жүргізілген дамыту жөніндегі жұмыс сынып жағдайында жаңа тәсілдерді сынау арқылы әріптестерді іс-тәжірибені талқылап, бағалауға тарту идеясын бейнелейді. Деректерді әртүрлі мақсаттарда жинауға болады: айталық, сізге сыныптағы жұмыс туралы оқушылардың пікірлерін жинау керек болды делік; немесе сізге сабақты қадағалау арқылы дерекжинауға тура келуі мүмкін.

Адам. Іс-әрекеттерді жоспарлау - student2.ru

Адам. Іс-әрекеттерді жоспарлау - student2.ru

Адам. Іс-әрекеттерді жоспарлау - student2.ru Адам. Іс-әрекеттерді жоспарлау - student2.ru

Адам. Іс-әрекеттерді жоспарлау - student2.ru Адам. Іс-әрекеттерді жоспарлау - student2.ru

Адам. Іс-әрекеттерді жоспарлау - student2.ru

8-тапсырма сіздің іс-әрекет жоспарыңызды дамытуға көмектеседі.

8-тапсырма: Іс-әрекет жоспарын әзірлеу

Сіздің іс-әрекет жоспарыңыз әрқашанда белгілі бір уақытқа арналуы керек. Сіз мектеп жағдайында жоба қалай жүзеге асатынын болжай алмайсыз және проблемалардың туындауына дайын болуыңыз керек. Сіз жоба барысында туындайтын идеялар мен түсінік бағыттың өзгеруіне әкелетінін байқауыңыз мүмкін. Сондықтан сіз жоспарды қанша рет қажет болса, сонша рет қайта қарап түзету үшін сақтауға міндеттісіз. Егер сіздің жоспарыңыз түбегейлі өзгерсе, онда жаңа жоспар күшінде екеніне және оны басқалар қолдайтынына көз жеткізу үшін сізге әріптестеріңізбен және қызығушылық білдірген адамдармен кеңесу керек.

2-кезең: Дамыту жобасын жүргізу (мектепте)

Шолу

Өз мектебіңізде өткізілетін екінші кезеңде сіз дайындық кезеңінде әзірлеген дамыту жобасын іске асырасыз. Бұл кезең сіздің іс-әрекет жоспарыңызды аяғына дейін пысықтау үшін басқалармен келісуді, мүмкіндігінше, барлық қатысушыларды хабардар етуді және жоспарыңызды іске асыруды бастауды қамтиды.

Адам. Жоспарды нақтылауға бағытталған келіссөздер мен кеңесулер

Мектепте жобаңызды жүзеге асыру барысында барлығына өзіңіз қол жеткізуге ұмтылғаннан гөрі, басқаларды өзіңізбен бірге әрекет етуге тартуыңыз өте маңызды болып табылады. Ынтымақтастық негізінде өзгерістерді басқару қызметін әртүрлі тұрғыдан қарастыруға болады.

Ріптестер мен қызығушылық білдірген адамдардан кеңес алу

Жеке даму және іс-әрекет жоспарларын жазудың түбегейлі мән-мағынасы – қызығушылық білдірген адамдармен, әлеуетті қатысушылармен және дамыту жөніндегі жұмысты қорғау және проблемаларды жеңу үшін сізге қолдауы қажет болатын тұлғалармен кеңесу мүмкіндігіне ие болу. Бұл әдетте жоспарды талқылау және талқылаудан кейін оны бекітуге дайын болу үшін жиналған жекелеген кісілер мен топтардың отырысы түрінде өтеді.

Наши рекомендации