Должность Претензии Роспись 2 страница

16. Ақы... демалыс беруіңізді

а) сыз

ә) да

б) ға

в) ны

17. Мекеме ...... атына өтініш жазу

а) қызметкері

ә) бөлімі

б) жолдасқа

в) басшысы

18. Еңбек өтіл... 5 жыл

а) ім

ә) ға

б) ым

в) ге

19. Проживающий сөзінің баламасын табыңыз

а) тұратын

ә) келетін

б) жазатын

в) сұрайтын

20. Өтініш қандай құжат?

а) ресми

ә) қызметтік

б) кеңселік

в) іскерлік

Әдебиеттер:

1. А.Алдашева, З.Ахметжанова, К.Қадашева, Ә.Сүлейменова. Ресми іс қағаздары. А.,2000.

2. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. А.,2000.

3. М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов. Екі тілде іс жүргізу. А.,1994.

Апта

№ 6 АРЫЗ

Арыз – мекеме басшысының атына белгілі бір ақпаратты жеткізу үшін жазылатын ресми құжаттың бір түрі.

  1. Тапсырма

Жаңа сөздермен танысыңыз

Арыз иесі – заявитель

Ар – ожданын қорғау туралы – о защите чести и достоинства

Қуынушы – истец

Жауапкер – ответчик

Арыздың мазмұны – содержание заявление

Мұрагерлік құқық – наследственное право

Тұрғын үй ауыстыру – поменять жилье

Заңға сәйкес – в соответствии с законом

Шешім қабылдауыңызды сұраймын – прошу принять решения

Тапсырма

Екі бағандағы сөздерді сәйкестендіріңіз.

a. баяндама а) устав

b. ереже ә) положение

c. байланыс б) доклодная записка

d. зейнеткер в) указ

e. дана г) жалоба

f. шағым ғ) связь

g. жарғы д) гражданство

h. төлқұжат е) руководствоваться

i. тізім ж) пенсия

j. зейнетақы з) табель

k. баяндаухат и) паспорт

l. басшылыққа алу й) пенсионер

m. жарлық к) экземпляр

n. азаматтық қ) доклад

Тапсырма

Министрліктердің атауын қазақ тілінде жазыңыздар.

Министерство культуры, информации и общественного согласия: Министерство обороны; Министерство транспорта и коммуникаций; Министерство внутренных дел; Министерство иностранных дел; Министерство науки и образования РК; Министерство юстиций; Министерство труда и социальной защиты; Министерство здравоохранения; Министерство экологий: Министерство бюджетного планирования.

Тапсырма

Төмендегі тапсырмалар бойынша арыз жазыңыз:

  1. Қала әкімі Б.Сапаровтың атына өзіңіз тұратын ауданда балаларға арналған ойын алаңшасының жоқ екендігі туралы;
  2. ЖШС «Көкше – цемент» зауытының директоры атына шығарылған өнім сапасының төмендігі туралы;
  3. «Абылай хан – 3» ПИК төрайымы атына ауладағы балаларға арналған ойын алаңшасының ластануы туралы;
  4. «Су арнасы» ЖШС - ның бастығы Д.Зайнулловтың атына кешкі уақытта сіз тұратын үйдің 6 – қабатына судың дұрыс келмейтіндігі туралы;
  5. Мекеме басшысының атына жалақыңыздың дұрыс есептелмегені туралы;

Тапсырма

Тест тапсырмаларын орындаңыз


  1. Белгілі бір келеңсіз жағдайда жазылатын құжат атын табыңыз.

а) арыз

ә) хабарлама хат

б) хабарландыру

в) мінездеме

2. Арызды кім жазады?

а) бала

ә) жеке тұлға

б) үйді сатушы

в) қызмет

3. Арызды кімнің атына жазады?

а) сатушыға

ә) оқушыға

б) студентке

в) басшыға

4. Арыз қандай жағдайларда жазылады?

а) дүкендегі санитарлық жағдайдың нашарлығы

ә) өтініш бергенде

б) оқуға түскенде

в) оқу аяқтағанда

5. Арыз мәтінін құрастыруға қажетті тіркестерді табыңыз.

а) қайтарып беруден бас тартты

ә) ауыстырп беруді өтінген

б) көмек көрсеткен

в) жеткізіп берді

6. Дұрыс нұсқасын табыңыз.

а) Мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймын осы

ә) осы мәселеге шара қолдануыңызды сұраймын байланысты

б) байланысты осы мәселеге қолдануыңызды сұраймын

в) Осы мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.

7. «шара қолдануыңызды сұраймын»

Жіктік жалғауының нешінші жағында, қай түрінде тұр?

а) 2

ә) 1

б) 2, жекеше;

в) 3, жекеше;

8. Мекен- жайға қажетті сөздерді көрсетіңіз.

а) пәтер, даңғыл, аудан, қала

ә) ата- анасы, ұлты, айы- күні

б)жағдайы, пәтері, мінезі

в) жалақысы, қызметі, мамандығы

9. Барыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.

а) лар; - лер;

ә) – дар; - дер ;

б) - на; - не;

в) – ған; - ген;

10. Арыз жазғанда қажетті септік жалғауларын көрсетіңіз.

а) шығыс, атау;

ә) барыс, шығыс;

б) көмектес, атау;

в) көмектес, барыс

11. Мына сөздің «Главный специалист» дұрыс аудармасын табыңыз.

а) бас есепші

ә) бас маман

б) бас оқытушы

в) бас жетекші

12. Шығыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.

а) – сы, -сі ;

ә) – нан, нен;

б) - ның, нің;

в) – бен, - мен,

13. Мына ЖШС, ЖАҚ, ШҚ қысқарған сөздердің толық жауабын көрсетіңіз.

а) жауапты серік, жалқы ат, шаруа қалашығы;

ә) жауапты шаруа серігі, жас қоғам, шаруашылық қажеттілік;

б) жауапкершілігі шағын серіктестік, жабық акционерлік қоғам, шаруа қожалығы;

в) жауапты тұлға, шаруашылық қажеттілік, жасыл қоғам;

14. Арызданушының мекен- жайы құжаттың қай бөлігінде көрсетіледі.

а) басында

ә) соңында оң жағында

б) оң жағында

в) ортасында

15. Дұрыс жауабын табыңыз.

Ол Астана қаласында.......... .

а) дүниеге келді

ә) келіпті

б) барған

в) барды

16. Мына үлгі қандай құжат түріне жатады ?

«Айтылғандарды ескеріп шара қолдануыңызды сұраймын»

а) өтініш

ә) өмірбаян

б) арыз

в) мінездеме

17. Арыздалушы туралы мәлімет құжаттың қай бөлігінде көрсетіледі?

а) ортасында

ә) басында

б) соңында

в) мәтінде

18. Басшының ...... ..... жазыңыз.

а) атына арыз

ә) атына мінездеме

б) өмірбаян

в) түйіндеме

19. Арызда қандай мәлімет қарастырылады?

а) шағым

ә) білімі

б) жұмысы

в) атағы

20. Арыз қабылданған кейін қандай шара қолданылады?

а) нұсқау

ә) жарғы

б) кепілдеме

в) шара

Әдебиеттер:

1.Б.Б.Жахина, А.Қ.Құрманова, И.С.Қайырбекова. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. К., 2003.

2. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. А.,2000.

3. Қазақ тіліндегі іс қағаздары. А., 1990.

Апта

№ 7 АННОТАЦИЯЛЫҚ ПАРАҚ

Аннотация, аңдатпа- кітаптың, мақаланың мазмұнын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.

Тапсырма

Аннотацияның жазылу құрылымын оқыңыз, әр бөлімін түсініп, талдаңыз.

Аннотацияда құжаттың мазмұн мәні, себептер және оның пайда болу жағдайы, объектінің мақсаттар және міндеттер, зерттеу әдістері, негіздеме мен алған нәтижелері қысқаша жазылады. Әр қайсысы жаңа жолдан басталады. Аннотацияда қолданылған ақпарат көздері көрсетіледі. Аннотация көлемі А4 форматы 2/3 беттен аспау тиіс.

Мазмұны

Оған беттердің нөмірлері көрсетілген, әрбір жаңа бөлім жаңа беттен басталған, құжаттың барлық құрылымдық бөлімдерінің атауы енеді.

Кіріспе

Тақырыпшаларға бөлінбейтін, бірақ міндетті түрде бар, бірнеше құрылымдық бөлімдер енеді. Кіріспеде мәселе анықталады (оның арнауы, оқып білу барысында негізгі методологиялық принциптерінің мінездемесі, нақты мақсаты, зерттеудің себебі мен негіздемесі, қаралатын сұрақтар). Ақпаратты өндеу барысында, қандай әдіс тәсілдер қолданылғаны түсіндіріледі.

Негізгі бөлім

Зерттеудің мәні баяндалады. Зерттеу мәселелердің тақырыптары (әдетте тақырыпшаларға бөлінген) логикалық ретімен, өз бетімен әдебиеттерді оқып талдап, қолданып, қажет болған жағдайда зерттеу және т.б. әдебиетті пайдаланып, баяндалады. Кезеңмен және жинақтаумен саралау. Ғылыми болжам, версия және олардың негіздемесін шығару. Тарау мен бөлімшелерден тұрады.

Қорытынды

Талдамалы жазбаның соңында міндетті түрде Қорытынды, Болжам мен Ұсыныстар болу қажет. Олар бөлімшелерде жүргізілетін материалдарды саралау негізінде жасалады, бірақ оларды қайталамайды тек қана жинақтайды.

Қорытындыға қойылатын негізгі талаптар:

  • бөлімшенің негізгі бөлімінің қарама-қайшылық емес қатаң логикалық байланыс;
  • бөлімде мәтіннің тура қайталауын болдырмау;
  • негізгі мәтінмен негізделмеген, қорытындыларды болдырмау;
  • қорытынды қаралатын кезең немесе құбылысты сипаттау қажет;
  • қорытындыда міндетті түрде жақын арадағы келешек үрдістердің өтуінің жалпы болжам жорамал бағасы болу қажет;
  • анықталған тақырып бойынша зерттеу нәтижесінің жалпы қорытындысы шығарылады;
  • қорытындылар мәтіні қысқа болу керек.

Қорытындылардан іс шаралар тізімі, ұсыныстар анықталады немесе кейбір жағдайлардың себеп-салдарын алдын алу үшін, олардың нұсқалары, сонымен қатар, егер қорытынды және ұсыныстарды орындамау немесе есепке алмағанда болатын оқиға, әрекеттерге болжам жасалады.

Қорытынды және соңғы бөлімдері курсивпен белгіленеді.

Қорытынды көлемі бір беттен аспау тиіс.

Қолы

Талдамалы жазбаның соңында, қорытынды мен ұсыныстардан кейін орындаушы туралы белгі болу керек, оның ішінде ұйымдастырушылық құрылымда лауазымдары көрсетілген аталған құжатты жауапты орындаушылары, сонымен қатар, қызмет телефон нөмірлері және қол қойылған күні жазылады.

Қосымшалар

Түрлі кесте, сызбалар, шартты белгілер, глоссарий, математикалық формулалар және есептер, қолданылған әдебиеттер тізімі, сонымен қатар, құжаттың негізгі бөлімін толықтыратын қосалқы ақпарат та қосыла беріледі.

Тапсырма

Төмендегі аннотацияны қазақ тіліне аударыңыз

Аннотация

Текст аннотации включает:

  • теоретическую часть:
  • цель проекта
  • обоснование (На какой вопрос Вы отвечаете в ходе выполнения исследования?)
  • гипотеза
  • метод проведения исследования;
  • план выполнения исследования;
  • результат с указанием даты начала и завершения проведения исследования;
  • список литературы, использованной в ходе выполнения исследования (при использовании Интернет-ресурсов необходимо указать их точный адрес).

Тапсырма

Өзіңіз жақында оқыған әдеби шығарманың қысқаша аннотациясын жазыңыз.

Тапсырма

Мамандығыңыз бойынша оқитын әдебиетке аннотация құрастырыңыз.

Тапсырма

Жергілікті газетке өз мақалаңызды жарияладыңыз. Жарияланған мақалаңыздың аннотациясын жазыңыз.

Әдебиеттер:

1. А.Алдашева, З.Ахметжанова, К.Қадашева, Ә.Сүлейменова. Ресми іс қағаздары. А.,2000.

8- АПТА БЛАНКТІК СЕНІМХАТ

Сенімхат – белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің (пәтерді сату немесе сатып алу, зейнетақыны немесе жалақыны алу) орындалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылады.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкіге жазылады да мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, жеке куәлігінің номері қоса жазылып қолы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.

Тапсырма

Үлгімен танысып, толтырыңыз

ҮЛГІ: Бланктік сенімхат

Сенімхат200 ж. дейін берілді.

_________ тұтынушының атауы және мекен жайы

_________ төлеушінің атауы және оның мекен жайы

Шоттың № __________________________________________________ ,

Банктің атауы

№ СЕНІМХАТ

Берілген күні _______________ __________ ж.

Осы сенімхат _____________________________________________________________

лауазымы, аты жөні

Куәлігі: сериясы _______________________ № _________________________берілген.

___________

жеткізуші ұйымның атауы

материалдық құндылықтарды _______________________________________________

нарядтың нөрірі және күні және т.б.

алу үшін беріледі.

№ п\п материалдық құндылықтар өлшем бірлігі Саны (жазбаша)
       
       
       
       

200 жылғы «____» № ______ сенімхатты алған тұлғаның қолын куәландырамын

М.О.

Кәсіпорын басшысы қолы аты жөні

Бас есепші қолы аты жөні

Сенімхаттың нөмірі Берілген күні Сенімхат берілген тұлғаның лауазымы және аты жөні Сенімхатты алғандығы туралы қолхат жеткізуші Берілген нарядтың нөмірі және берілген(нарядтың орынына берілген құжат) күні немесе Тапсырманы орындағанын растайтын құжаттың нөмірі, күні
             

Тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық формасын қойыңыз.

Жеке куәлігім... нөмірі, 89-пәтер... тұратын азамат, уақытында хабарлау... міндеттенемін, аталған сома... қайтару, мекен-жай... өзгерген жағдайда.

Тапсырма.

Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

  1. Аталған, 2003 жылғы, ай сайын, қайтаруға, 15 желтоқсанда, өзгерген, пайыз (10%), мекен-жайым, төлеуге, жағдайда, дер, соманы, кезінде, міндеттенемін, хабарлауға.
  2. А. Саматовтың, азамат, міндетін, басқа, жоқ, орындауына, талабым.
  3. Үш, сенімхат, дана, жасалған, етіп.
  4. Уақытында, алған, өз, қайтара, жағдайда, төлеуге, ақшаны, айып, алмаған, міндеттемін.
  5. Сенімхаттың, бір, кеңседе, нотариалды, сақталады, данасы.
  6. Білдірушінің, сенім, басы, анықталды, жеке, қабілеттілігі, іс-әрекетке, тексерілді.
  7. Бұл, мен, М.С. Қалиевты, азамат, зейнетақыны, үшін, алуға, атымнан, өтініш, менің, етемін, жазуға, өкілетті.
  8. Менің, сенімхатқа, қатысуым, азамат, қол, кезінде, қойды, С.Е. Қамбаров.
  9. ҚР «Нотариат туралы», баж, 30-бап, сәйкес, 2-тармақшасына, мемлекеттік, заңының, төленді.

Тапсырма.

Төменде ссенімхатқа қатысты сөздерді жаттаңыз

жеке басының куәлігі -удостоверение личности
сенім білдіремін -доверяю
менің атымнан -от моего имени
өкілетті етемін -уполномачиваю
қажетті құжаттар -необходимые окументы
менің орныма қол қою -расписаться за меня
... дейін өз күшінде -действительно по ...
нотариалдық кеңсе -нотариальная контора
сенім білдіруші -доверитель
анықталды -установлен
әрекетке қабілеттілік -дееспособность
тізбе -реестр
тіркелген -зарегистрировано
мемлекеттік салым -государственная пошлина

5. Тапсырма:

Оқыңыз, жазыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Сенімхат

Мен, Саттарова Нүрия, көршім Құрманова Асылға Талдықорған қ., Тәуелсіздік к., 17-үйде тұратын, 2005 жылдың қаңтар айының зейнетақымды алуға сенім білдіремін.

Жеке куәлік №_________________________ берілген күні____________________________

08 қаңтар 2005 жыл /қолы/

Нотариус

Ержанова Аңсарым

№ 111019888 ________________________________________қолын растаймын

Мен, Сұлтанов Таймас, азамат Дошаев Асылбекті

- маған келетін пошта, хат-хабарларын алуға,

- пәтерімді сатуға,

- пәтерімді жеке адамдарға уақытша жалға беруіне,

- банкідегі есептерімді пайдалануына,

- барлық мекемелерде мінің істерімді жүргізуге,

- барлық сот мекемелерінде менің өкілім болуға өкілетті етемін.

Мұрагерлік істі жүргізу жөніндегі

Әдебиеттер:

1. А.Алдашева, З.Ахметжанова, К.Қадашева, Ә.Сүлейменова. Ресми іс қағаздары. А.,2000.

2. Б.Б.Жахина, А.Қ.Құрманова, И.С.Қайырбекова. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. К., 2003.

3. Б.Б.Жахина, А.Қ.Құрманова, И.С.Қайырбекова. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсынан практикалық тапсырмалар. К., 2006.

4. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. А.,2000.

АПТА

№ 9 НАТОРИАЛДЫ СЕНІМХАТ

Сенімхат – белгілі бір адамның өз өкілеттілігі мен құқығын екінші бір адамға берілгенін жазбаша растайтын құжат.

Сенімхат екі түрлі болады:

  1. мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар
  2. жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар.

Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс - әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне жазылады.

Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі.

Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі, нотариалдық кеңседе куәландырылады.

Сенімхаттың құрылымы:

- құжат аты

- жазылған жері мен уақыты

- сенімхат берушінің және сенімхат алушының фамилиясы, аты – жөні, мекенжайы, төл құжаты

- мәтіні

- ұйым мөрі басылған жазылғандарды растайтын жазба.

Тапсырма

Берілген сенімхат үлгісімен танысыңыз.

СЕНІМХАТ

Қазақстан Республикасы. Көкшетау қаласы. 2008 жылғы 10 қыркүйек.

Мен, азамат Жақыпов Мұратбек Зұлқарнайұлы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 152 үй, 10 пәтер тұрғыны, Көкшетау қаласы, Васильков мөлтекауданы 1 үй 93 пәтерде тұратын азаматша Шаярманова Әсел Меңдібайқызына ҚР ІІМ ЖПД 2006 жылғы 18 мамырда берген ТС СХ № 000077 тіркеу туралы куәлігінің негізінде маған тиесілі 1967 шыққан, қозғалтқыш №3Т258981, мемлекеттік нөмірі С 757 ЕНМ ГАЗ 21 маркалы автокөлікті жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін мен азаматша Шаярманова Әсел Меңдібайқызын менің атымнан қол қоюға, осы іске байланысты басқа да әрекеттерді орындауына өкілетті етемін.

Сенімхат бір жылға беріледі.

ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 30-бабы мен ҚР Азаматтық кодексінің 170-бабының мазмұны сенім білдірушіге түсіндірілді.

Қолы _______________Жақыпов Мұратбек Зұлқарнайұлы

Осы сенімхатты 2006 жылғы 10 қыркүйекте мен, Букаева Анар Айтқалиқызы, ҚР Әділет министрлігі 1998 жылғы 30 қаңтарда берілген №00000012 мемлекеттік лицензия негізінде әрекет ететін Көкшетау қаласының нотариусы куәландырамын.

Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат М.З. Жақыпов қол қойды, сенім білдірушінің жеке басы анықталды, іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді.

№0001

Мөр орны

Тіркелімге тіркелді.

ҚР «Нотариат туралы» заңының 30-бап

2-тармақшасына сәйкес мемлекеттік баж

төленді.

Нотариус_____________

(қолы)

Тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық формасын қойыңыз.

Жеке куәлігім... нөмірі, 89-пәтер... тұратын азамат, уақытында хабарлау... міндеттенемін, аталған сома... қайтару, мекен-жай... өзгерген жағдайда.

Тапсырма

Бірінші қатардағы сөздер мен сөз тіркестерінің екінші қатардағы баламасын көрсетіңіз.

ҮЛГІ: 1 - Д

1. Уақытында қайтару А. Дееспособность

2. Пайыз төлеу Ә. Причитающееся мне

3. ҚР ІІМ берген Б. Личность

4. Өзгерген жағдайда В. Доверять

5. Міндеттенемін Г. Год выпуска

6. Міндетін орындау Д. Вернуть своеременно

7. Басқа талабым жоқ Е. От моего имени

8. Маған тиесілі Ж. Действующий

9. Шыққан жылы З. Платить проценты

10. Жүргізу И. Уполномачивать

11. Сенім білдіру К. В моем присутствии

12. Менің атымнан Л. Выдан МВД РК

13. Өкілетті ету М. Обязуюсь

14. Сенім білдіруші Н. Управлять

15. Әрекет ететін О. Зарегестрировать в реестре

16. Куәландыру П. При изменении

Наши рекомендации