Жұмысшы оқу бағдарламасын дайындаған ф.м.ғ.к., доцент Егембердиева С.Ш.
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Бекітемін»
Жұмысшы бағдарламалар
комитетінің төрайымы
А.Надырбекова
«_05__»_____09__2014ж.
«ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАҢДАМАЛЫ ТАРАУЛАРЫ»
ПӘНІНЕН БІЛІМГЕРЛЕР ҮШІН
ЖҰМЫСШЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Кафедра: “Физика және ФОӘ”
Оқу жылы: 2014-2015
Кредит саны: 3
Оқу түрі: күндізгі
Курс: 3
Семестр: 6
Барлығы: 135 сағ
Лекция: 15 сағ
Практикалық сабақ:30 сағ
СОӨЖ: 45 сағ
СӨЖ: 45 сағ
Емтихан : 6 - семестр
Оқытушының аты-жөні: С.Ш. Егембердиева
Қосымша сабақ: кесте бойынша
Тараз 2014 ж
Жұмысшы бағдарламасы ИҒӘ кеңесінде бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалынды
Хаттама №4 «01» 12. 2009ж
Жұмысшы оқу бағдарламасын дайындаған ф.м.ғ.к., доцент Егембердиева С.Ш.
Жұмысшы оқу бағдарламасы “Физика және физиканы оқыту әдістемесі” кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
«_03__»______09_______20 14 ж. №_2 хаттама
Кафедра меңгерушісі _______________ Б.Ж.Көшкімбаева
Жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми-әдістемелік бюросының мәжілісінде бекітілді.
№ _2___ хаттама « _05__ » ______09________20 14 ж.
- Пәнді оқытудың өзектігі мен қажеттілігі:
Физика пәндерін оқыту әдістемесі жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімі меңгеруге тиісті физиканы оқытудың әдістемесі бойынша теориялық білімдердің, дағдылар мен икемділіктің көлемін анықтайды.
Физика әдістемесі жайлы бағдарламаның маңызды міндеті орта мектеп физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық негіздерін күшейту болып табылады.
Физиканы мектепте оқыту әдістемесінің ғылыми негіздерін ашуға көп көңіл бөлу керек. Физикалық ұғымдарды қалыптастырумен негізгі физикалық заңдарды түсіндірудің әдістемесі курста кеңінен көрсетілуі тиіс. Физикалық ұғымдарды қалыптастыру мен негізгі физикалық заңдардың мазмұнын ашып олардың практикада пайдалануын баяндау қажет.
- Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Жоғары оқу орнындағы физика әдістемесінің міндеті – студенттерді оқу процесінің қазіргі заманғы құралдарымен және жұмыс істеу әдістерімен таныстыру.
Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді өз бетінше терең оқып, керекті тәжірибелер мен түрлі көрнекі құралдарды таңдап алып, тексеріп көрген соң семинарлық сабақтарда студенттер өз группасы алдында берілген тақырып бойынша баяндамалар жасайды және іскерлік ойын сабақтарын өткізеді. Мұндай баяндамаларды талқылау кезінде тақтадағы салынған суреттердің сапасына, демонстрациалық тәжірбиелердің техникасы мен әдістемесіне, оптикалық проекцияны қоя білуіне, есептерді таңдай біліп және оларды шығаруының сапасына, техникадан қажетті мысалдарды пайдалана білуіне көруі керек. Студенттердің сөзінде олардың тақырып мазмұнын ғылыми дәлелдеуге, оның мәнін ащудың әдістемелік нұсқаларына шығармашылық түрде сын көзбен қарауға ұмтылу әрекеттерінің байқалуы өте маңызды.
Физика әдістемесінің кейбір жалпы мәселелері лекцияда баяндалып, соңынан семинар сабақтарында қосымша қарастырылады. Мұндай мәселелер қатарына, физика бойынша лабораториялық сабақтар, физикадан оқушыларды кітаппен жұмыс істеуге үйретудің әдістемесін, экскурсиялар т.б. жатқызуға болады. Уақыт жетпегендіктен физика әдістемесінің кейбір дербес мәселелері тек семинар сабақтарында ғана қарастырылады: лекциалар мен семинар сабақтарының нақты мазмұны өндірістік жұмыс жоспарында анықталып көрсетіледі.
Семинар сабақтарында жаңа педагогикалық технологиялық оқыту әдістері бойынша да іскерлік ойын сабақтары өткізіледі.
3. «Физиканы оқыту әдістемесі» бөлімін оқып бітірген студент:
- студенттердің орта және жоғарғы оқу орындарындағы физика курсының ғылыми және психология-педагогикалық негізінің құрылымы мен мазмұнын оқып үйрену;
- физиканы оқытудың принциптері мен әдістері;
- пән бойынша оқу жоспарын жасау, кәсіптік оқу орнының түріне қарай материалдарды таңдап, әдістемелік амалдарды қолдана білу.
- оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдері пайдалана білу, сабақтың максимум
әсерлілігіне жету үшін оларды тиымды үйлестіре білуге үйрету;
- оқушылардың ойлау қызметін жандандырудың тәсілдерін зерттеп танып, оларды
практикада қолдану;
- оқуды өмірмен байланыстырудың жолдарын зерттеп білу;
- пәнаралық байланысты тағайындау және пайдалану.
- физиканы оқыту принциптері мен міндеттеріне сәйкес дүниені біртұтас танып білдіретіндей және оның тәрбиелік мәнін ескере отырып тақырыптық, календарлық өндіріс және сабақ жоспарын жасау білу;
- Бақылау, өзіндік және жеке жұмыстар жүргізу үшін дидактикалық материалдарды іріктеп алу;
- Факультативтік сабақтардың жоспарын жасай білуі;
- Физикадан сыныптан тыс жұмыстардың жоспары мен сценариін құрастырып, өткізе білу керек.