Интернетке енудің тәртібі

Кітапханадағы Интернетке ену тек қана ақпарат алу үшін қарастырылған және ойын ойнау, Chat. ICQ үшін қарастырылмаған. Кітапханашы- кеңесшілер оқырмандарға Интернеттен материалдарды іздестіруге белгілі уақыт аралығына көмектеседі.(ең көп дегенде 30 минут). Пайдаланушылардың негізгі компьютерлік дағдылары болуы керек, сонымен қатар Windows ортасында жұмыс істеу ережесін білуі және тінтуірді қолдана білуі қажет.

Оқырмандардың міндеті

Оқырманда студенттік билет немесе сынақ кітапшасы болуы тиіс, ол жұмыс басында кітапханашыға көрсетілуі қажет. Оқырман берілген ережелерді мұқият оқып және қол қою керек. Компьютерді қолдануда әрбір жұмыс күні Интернетке ену 30 минутпен шектеледі. Қажет жағдайда бір машинада екі адам бір уақытта жұмыс істеуге болады.

Берілген компьютерлік құрал жабдықтарға оқырмандар ұқыпты қарауы керек. Аппараттық немесе программалық конфигурацияны немесе кез келген аппараттық өзгерістерді өздігінен жасау заңсыз болып табылады және кітапхана оқырманы тізімінен алынуға дейін жазалау қолданылады. Құрал жабдықтарды пайдалану кезіндегі қиындықтарды шешу үшін кітапхана қызметкерлеріне хабарлау керек.

Басқа компьютерлік желілерге заңсыз ену немесе компьютерлік вирустарды жарнамалап тарату берілген интернетке ену мүмкіндіктері заңсыз қызмет көрсету болып табылады.

Интернеттен көшірілген материалдар авторлық құқық заңы бойынша қорғалуы қажет. Мұндай материалдар авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз көшірілмейді, тек қана жеке меншік қолданыс үшін. Жеке авторлыққа қол сұғу жауапкершілігі пайдаланушылардың мойнында.

Кітапханадағы интернетке ену кітапхананың ғылыми бөлімінде орналасқан.

Кітапханадағы қолдану ережесі

Кітапхананы қолдану профессорлық- оқытушылық құрамы, ғылыми қызметкерлер, аспиранттар жәнке университет студенттері құқылы.

Кітапханадағы негізгі қызмет көрсету түрлері ақысыз.

Қосымша ақылы көрсетілетін қызмет түрлері прейскуранттар мен тізімдер университет ректорының бекітуімен уәкілдік етуші ұйыммен келісу арқылы жасалады.

Абонементті пайдалану

Үйге әдебиеттерді беру абонемент арқылы жүргізіледі. Соңғы немесе бір данасы ғана бар кітаптарды үйге беруге тиым салынады. Оқу залдарында әдебиетті тек қана сол залда қолдануға рұқсат етіледі.

Білімалушылар университетке түсу туралы бұйрықтың негізінде және жеке куәлік, бір фотосурет 3*4см арқылы тіркеледі.

Оқырманға оқырман формуляры толтырылады. Оқырманды кітапханаға тіркегенде кітапхана ережелерімен танысқаны және оларды орындайтыны жөнінде оқырман формулярына қол қояды.

Жыл сайын кітапхана өз оқырмандарының қолында бар әдебиеттің өз уақытында тапсырылғаны жөнінде қайта тіркеу жүргізеді. Қайта тіркелмеген оқырмандар кітапхананы қолдана алмайды.

Оқу орнынан шыққан жағдайда кітапханадан алған барлық әдебиетті қайтарады.

Кітапханадан алған әдебиеттің, сонымен қатар электрондық жүйедегі кітаптарды мұқият қарап, жыртылған немесе басқа кемістіктері болса кітапханашыға айтпаса, кітаптарды бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылады.

Оқу және оқу -әдістемелік әдебиеттер сол пәнді оқу барысына сәйкес берілген уақытта қайта тіркеліп, беріледі.

Ғылыми әдебиеттер 1 күннен 5 күнге дейін 3 данамен беріледі. Өткен жылғы басылымдар оқу залында беріледі. Өткен ағымдағы басылымдар оқу залында беріледі. Оқырмандар жағынан сұраныс болмаса, қысқартылған, басылымдар бір данадан немесе сұраныстың жоғары болуына байланысты пайдалану мерзімі ұзартылады.

Әрбір алынған басылым үшін оқырман, оқырман формулярына немесе кітап формулярына қол қояды.

Кітапты қайтарған жағдайда кітапханашының қол қоюымен бекітіледі.

Электронды кітаптар

Электронды кітаптар қағаз нұсқа цифрлық түрі болып саналады. Дискідегі кітаптың цифрлық түрі келесі форматтарда көрсетіледі;

- HTML форматы;

- Microsoft Word форматы;

- Adobe PDF форматы;

Ақпаратты көрсету форматы баспа өнімі түріндегі түпдеректің сапасы мен сканерленген материалдардың сапасымен анықталады.

Электронды кітаптар сезгіштік ұғымдағы арнаулы білімді талап етпейтін интерфейспен жабдықталған.

Кітапханада пәндер бойынша электрондық кітаптар бар.

Оқу залын пайдалану

Кітаптарды, ағымдағы басылымдарды, сонымен қатар электрондық желідегі басылымдарды беру студенттік билеттер немесе жеке басын куәләндіретін құжат арқылы жүргізіледі.

Кітаптарды және ағымдағы басылымдарды оқу залынан алып шығуға тыйым салынады. Осы ережені бұзған оқырман кітапханамен пайдаланудан белгілі мерзімге айырылады, кітапхана басшылығының анықтауымен.

Наши рекомендации