Тәртіп – қоғамда, ұжымда, ұйымда қабылданған жарлық талаптары.

Қоғам тұрғысынан баға объективті болуы мүмкін, себебі қоғам әлеуметтік тұрақты емес; барлық азаматтар әлеуметтік жұмыстың институты жайында толық білмейді, оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы ақпараттары аз. Әлеуметтік жұмыстың бағасы әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және мемлекетпен ерекшеленеді. Мемлекет әлеуметтік жұмыстың институтын қалыптастыра отырып, бұл институттың потенциалынан шығады, қоғам үшін қызығушылық келтіретін потенциал емес, оның соңғы нәтижесі көп қызықтырады, себебі қоғам оптималды болып табылатын әлеуметтік жұмыс институтының қызметінің шарттарымен толық таныс емес. Әлеуметтік жұмыстың құралдары әлсіз қаржыландырудың әсерімен юайланысты екені анық. Бірақ бұл әлеуметтік қызметкер материалдық жағдайы жоғары адамдардың қаражтын аз қамтылған клиенттерге көмек беру арқылы аудару емес, немесе әділетсіз әрекеттер жасап алдау емес. Егер қылмыстық кодекс жүйесінде әрекет етсе, мұндай әлеуметтік қызметкер жауапқа тартылмайды, оның міндеті барлық әлеуметтік жұмыс институтына таңылатын қоғамдық санада негативті баға беру болып табылады. Сондықтан әлеуметтік қызметкер үшін заң жүзіндегі, қоғам қабылдаған, жоғары моральды құндылықтары бар құралдар мен тәсілдерді таңдау керек.

Тәртіп адамның айнасы десек, одан адамның шынайы бейнесі көрінеді, сөз бен істің бірлігі, өзін қандай да бір жағдайда дұрыс, тәрбиелі ұстай білуі көрінеді. Қазақта: «Жаманнан – жирен, жақсыдан үйрен», деген нақыл сөз бар. Тәрбиесіз адамға тән қасиет мыналар: өзімшілдік, күншілдік, пайдакүнемдік, мақтаншақтық, менмендік, қулық, суайттық, екіжүзділік, мылжыңдық, есерлік.

2.1. Әлеуметтік жұмыс мамандығының тәртіп этикеті мен мәдениетін білудегі маңыздылық

Барлық қылық-әрекеттерді, тәртіпті, ұстау мәнерлерін этикеттің ережелеріне байланыстыру үшін, оның принциптеріне жүгіну керек. Ол принциптер қарым-қатынас мәдениетінде көрінетін моральды талаптарды ұсынады. Л.С. Лихачев әлеуметтік қызметкер этикетінің 4 типін бөліп көрсетеді:

1) гуманизм принципі әлеуметтік қызметкерден адамға деген құрметтен, оның тұлғалық ерекшеліктерін қабылдаудан, оған игілікті, жағымды қарым-қатынастардан көрінеді. Бұл принцип әлеуметтік қызметкерден мейірімділік, тактикалық, сыпайылық, шапшаңдық, байқампаздық, және нақтылық сияқты қабілеттерді талап етеді. Қарым-қатынастағы мейірімділік адамдарды құрметтеуден, оларға жақсылық жасау белгілерімен қызмет етеді.

2) мейірімділік – бұл адамға қызмет ету жолының бірінші қадамы. Оған клиентке назар аудару, адамды түсіну, қажет болған жағдайда оған көмек беру формалары кіреді. Әлеуметтік қызметкер үшін мейірімділік – клиентпен, оның жақындарымен, серіктестермен, әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарымен ортақтасудың қажетті аспектісі, себебі мамандықтың мәні – көмекті қажет етіп тұрғандарға, адами құндылықтарды төмендетпей, әрқашан көмек беруге дайын тұру.

3) Тактикалық қабілет адамдармен қарым-қатынаста белгілі бір шекті сақтау, адамдардың «өкпелі» шегін анықтау. Тактикалық қызметтің астарынан адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін деген сұрақтар қоймау принципі жатыр. Ал егер де бұл ақпарат қажет болып жатса, әлеуметтік қызметкер сол сұрақты клиентке нұқсан келтірмейтіндей етіп қоюы керек. Тактикалық принцип әлеуметтік қызметкерден адамға ескерту жасауды талап етеді – оның формасы нақты, түсінікті болуы керек. Ескертуді арониялық түрде, қатты дауыспен, бұйрықпен, бөтен адамдардың қатысуында жасауға болмайды. Тактикалық қабілеттің жетіспеушілігі клиентті ыңғайсыз жағдайға қояды, оның жан дүниесіне нұқсан келтіреді. Әлеуметтік қызметкердің тактикалық қабілеті клиентпен сенімді қатынас орнатуды талап етеді.

4) Сыпайылық өзінің бағасын айналасындағылардың пікірімен бйланыстыру, және еш уақытта өзінің беделін көтермеу, басқаларға талап қою және өзіне жоғары талап қоя білу, ұстамдылық болып табылады. Әлеуметтік қызметкердің сыпайылығы оның клиентпен, ұжыммен қарым-қатынаста көрінеді. Әсіресе клиентпен қарым-қатынаста сыпайылық маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметкер еш уақытта өзін клиенттен жоғары ұстамау керек, өзінің қызметтік жағдайының жоғары тұрғандығын көрсетпеу керек, клиентке өзінің пікірін айта беру этикаға жатпайды, және клиенттің қызығушылықтарын балағатпау керек.

Сезімталдық басқа адамның сәтсіздіктерін түсіну, оның қайғысымен бөлісу, оның көңіл-күйінің жағдайын анықтай білу, адамға ыңғайсыздық тудырмау қабілеттері арқылы түсіндіріледі. Әлеуметтік қызметкер сезімтал болуы керек, себебі ол адамдармен жұмыс жасайды, ол адамдар әсіресе психоэмоционалды жағдайда болады. Клиенттің уайыммын қарастыра отырып, ол қарым-қатынаста және ортақ қызметте конструктивтілікке тез жетеді, нәтижесінде әлеуметтік қызметкердің жұмысының сапасы көтеріледі. Сезімталдықтың жоқтығы әсіресе маманның рухани келісімінің жетіспеушілігінен, немесе өзінің жұмыс жасау барысында психологиялық құрылымның жетіспеушілігінен анықталады.

Іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған принципі. Қазіргі этикет орта ғасырдағы этикеттен ең бірінші өзінің мақсатқа бағытталушылығымен ерекшеленеді. Екі жақтың формасында да негізгі ерженің қатарына айналасындағыларға және әлеуметік қызметкердің өзіне әрекеттері арқылы нұқсан келтірмеу талаптары жатыр. Мұндай жағдайда этикет догматты емес, себебі өмір әрбір тәртіп пен кодекстен анағұрлым ауыр, және барлық жағдайларды ережелермен сипаттауға болмайды. Сондықтан қазіргі этикет ережелерді жаттап алуды талап етпейді, оларды нақты жағдайларда шығармашылықпен тиімді пайдалануды және қолдануды ұсынады.Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты - мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау. 1.Жалпы тәртіп сақтау ережелері:1.1.Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ-киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды. 1.2. Мектепке және мектеп территориясына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады. 1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді; 1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді. әкелу тиіс,). 1.5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді 1.6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс; 1.7. Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді. 1.8.Мемлекеттік білім беру мекемелері талап етілген киімнің іскерлік стилін ұстанады: - Дәлме дәл іскерлік стилі: белгіленген үлгілі міндетті түрде көк түсті мектеп формасы (классикалық үлгідегі шалбар, тізеге дейін юбка), күңгірт түсті аяқ киім 6 см биік болмау тиіс(қыз балалар үшін); - Әртүрлі пирсинг, татуировка, қымбатты әшекейлер тағуға, мөлшерден тыс опа-далап пайдалануға болмайды. - Мектеп ғимаратында бас киіммен жүру; - Шашты ашық түстерді бояуға болмайды, ұл балаларға шаштарын бұрымдау тыйым салынады; - Шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу керек. 2. Сабақ кезіндегі тәртіп:2.1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады; 2.2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Оқушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек.Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет: күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта сонында ата аналары күнделікте қол кояды. 2.3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс.Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады. 3.Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі.3.1.Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды. 3.2. Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату;сыныптан шығу; мектеп қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну;педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді; себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету). 3.3.Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір бірін итеріп, заттар лақтырып, бір біріне күш қолдануға болмайды;әдепсіз сөздер айтып, шулап, басқа демалып жатқандарға кедергі келтіруге;мектеп немесе мектеп территориясында алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді. 3.4. Сынып бойынша кезекші:-Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету, педагогқа сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау. 3.5. Оқушылар асханада болған кезде:-Мұғаліммен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сүйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; асханада алынған немесе өздері әкелген тағамдарды тек қана асхана тамақтанады;тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды. 4.Қорытынды4.1. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді; 4.2.Оқушылар мектепішілік іс-шаралар өту барысында немесе мектеп территориясында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасауға құқығы жоқ; 4.3. Сабақ біткеннен кейін немесе мектеп қызметкерлерінің рұқсатысыз мектеп ғимараттарда болуға; 4.4. Алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді. 4.5. Жарғыш немесе өртке қарсы басқа да заттар әкелуге тыйым салынады; 4.6.Қарым қатынастарын анықтау мақсатында күш көрсету немесе қиянаттық жасауға құқығы жоқ; 4.7.Оқушылар арасында және барлық мектеп қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтуға; 4.8.Мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы, өмірі мен денсаулығына қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді; 4.9.Оқушыларға сабаққа қатысты емес заттарды мектепке әкелуге тыйым салынады; 4.11.Осы Ереже мектеп территориясында және мектеп ішілік іс-шараларда қатаң сақталады; 4.12.Осы Ережелер мен мектеп Жарғысын бұзған үшін оқушылар жауапкершілікке тартылады. 5.Тәртіптік жауапкершілік ережелері: 5.1.Ата аналарды ескерту; 5.2.Ата аналарды мектепке шақыру; 5.3.Әкімшілік жиналысқа шақыру (оқушы); 5.4. Әкімшілік жиналысқа шақыру (ата аналар) 5.5.Педагогикалық кеңеске шақыру (оқушы); 5.6. Педагогикалық кеңеске шақыру (ата аналар) 5.7.Айналадағыларға қауіп төндіретін тәртіпті тоқтату мақсатында шешім қабылдау үшін мектеп кеңесіне шақыру (оқушы); 5.8. Айналадағыларға қауіп төндіретін тәртіпті тоқтату мақсатында шешім қабылдау үшін мектеп кеңесіне шақыру (ата аналар); 6.Ата аналар міндеті: 6.1.Мектеппен ата аналар шарты жағдайларын орындау; 6.2.Жарғы және мектептік локальдық акт талаптарын орындау; 6.3.Балалардың дене және интеллектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жасау; 6.4.Бес (алты) жасты балаларға мектепалды даярлық жағдайларын қамтамасыз ету, алты (жеті) жасынан жалпы білім беру ұйымына орналастыру; 6.5.Білім беру ұйымдарымен бірлесе қызмет ету; 6.6.Оқушыларды білім беру ұйымына қатысуды қамтамасыз ету.

Адам қоғамның мүшесі, соның ішінде өмір сүреді, одан тыс қала алмайды. Жеке адам қашан да әлсіз. Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп, тәрбиелейтін – қоғам. Неміс ақыны И.Бехер: «Адамдар – тек адамдар арасында ғана адам бола алады» - деген. Адам өмірі қатынастар мен өзара қатынастардан тұрады. Тамақ ішу, киіну, уй болу қаншалықты табиғи қажеттілік болса, басқалармен қарым-қатынас та солай болуы керек. Қарым-қатынастың да өзіндік мәдениеті болады, ол- қарым-қатынасқа қойылатын талап, жалпы азаматтық мәдениетке сәйкестігі. Адам белгілі бір ролді атқармай, адамдармен арадағы қарым-қатынасты іске асыра алмайды. Кәсіби, әлеуметтік, жеке адамдар арасындағы рол біздің қандай ортада екенімізді анықтайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату бедел мен адамгершілікті ажарландыра түседі. Әдептілік, сыпайыгершілік – моральдық сапа, адамдарға деген құрмет, ал осы сапаны күнделікті тәртіпке айналдыру – адамдар тәртібінің сипаты. Әдептілік, сыпайыгершілік дегеніміз, жалпы алғанда ілтипаттылық, барлық адамдарға тән қайырымдылық қасиеттің сыртқы көрінісі. Ж.Ж. Руссо: «Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады», - деп жазған. Адамның сыпайыгершілік қасиеті мен әдептілігі күнделікті өмірдің әрқилы сәттерінде өзін-өзі дұрыс ұстауы арқылы байқалады, бағаланады. Әдепті, кішіпейіл болу үшін әрқилы талаптарды да жете білген жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер

1) Федеренко Е.Н. Профессиональная этика. –Киев1983

2) Фраим Э. Психоанализ и Этика. –М., 1993.215б.

3) Куликова Н.Н. Содержание и критерий нравственного прогресса. (Опыт филосовско – этического исследования проблемы) – М., 1967 – 326б

4) Склярова Т.В. Этические ценности социальной работы // Социальная работа: методология, теория и технология. Учебное пособие в 2-х частях. Ч. –Саратов -.

5) Смирнова Е.Р. Нравственно – профессионально принципы социальной работы// теория и практика социальной работы.-Саратов.-1995

Наши рекомендации