Ылыми-зерттеу жұмысы

Азақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Математика, физика және информатика институты

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы

ылыми-зерттеу жұмысы - student2.ru

6M011100– Информатика мамандығының І курс магистранты

Құдайбергенова Айгерім Темірбекқызының

2016-2017 оқу жылының 1 семестрі бойынша

ЕСЕБІ

Алматы, 2016

Оқу жылындағы магистранттың 1 семестр бойынша есеп беруі

Құдайбергенова Айгерім Темірбекқызы

(Магистранттың аты жөні)

Информатика - 6М011100

(Мамандығы)

Сағымбаева Айнұр Есенғазықызы, п.ғ.д., профессор

(аты жөні, ғылыми дәрежесі)

Оқу үдерісі

2016-2017 оқу жылының 1-семестрінде магистранттың жеке оқу жоспарының, мамандық бойынша міндетті, таңдау модулдері (элективті модуль) бойынша төмендегі кестедегі пәндерден лекциялар тыңдалып, әр пән бойынша тапсырмалар реферат, баяндама, магистранттың өзіндік жұмысы түрінде орындалып, портфолиолар жасалды.

19.12.2016–26.12.2016 жыл аралығында өткен қысқы сессияда аталған пәндерден емтихан тапсырылып, барлық пән бойынша аралық бақылау мен емтихан көрсеткіштері нәтижесі мынадай болды:

Пәннің коды Атауы Семестр Кредит саны Оқытушының аты жөні Қорытынды балы
IFN 5101 Ғылымның тарихы мен философиясы Абеуова Ш.К.  
IYa(Pro) 5202 Шет тілі Утегулова З.Н.
Psi 5204 Психология Сангилбаев О.С.
Ped 5203 (Г) Педагогика Абсатова М.А.
IOPO 5301 Білімді ақпараттандыру және оқытудың мәселелері Ошанова Н.Т.
OPPI 5302   Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу Сағымбаева А.Е.

ылыми-зерттеу жұмысы

Магистрлік диссертацияның тақырыбы:«Информатиканың базалық курсын цифрлық білім ресурстарын пайдаланып оқыту әдістемесі»,ғылыми жетекші болып п.ғ.д., профессор А.Е. Сағымбаева бекітілді. Зерттеу тақырыбы бойынша зерттеудің ғылыми аппараты жасалып, магистранттың жеке жұмыс жоспары бекітілді.

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі.Бүгінгі таңда әлемде электрондық оқытуға баса назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «… электрондық оқытудың мақсаты білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету….. » деп көрсетілген. Электрондық оқыту жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі - цифрлық білім ресурстары (ЦБР) болып табылады. Цифрлық білім ресурстары – оқушыларға мектепте оқытылатын пәндердің әр тақырыбы бойынша жаңа материалдарды мультимедиялық көріністермен түсіндіріп, интербелсенді тапсырмалар мен бақылау тапсырмаларын орындау арқылы алған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар информатика сабақтарында ЦБР-ын пайдалану оқушының өткізілген тақырыптарды есте сақтап, информатиканың іргелі негіздерін тереңірек түсінулеріне мүмкіндік береді. Сондықтан да, қазіргі кезде Қазақстанда орта білім беруді ұйымдастыруда электрондық оқыту жүйесінің енгізілуіне байланысты, бірқатар пәндер бойынша ЦБР-ы жасалуда, бірақ информатика пәнінің пәндік ерекшеліктері мен оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, информатиканы оқыту барысында ЦБР-ын пайдалану әдістемесі толығымен зерттелген жоқ. Олай болса, информатиканың базалық курсын цифрлық білім ресурстарын пайдаланып оқыту әдістемесін жасау қажеттілігі туындап отыр.

Зерттеудің мақсаты: Информатиканың базалық курсын цифрлық білім ресурстарын пайдаланып оқыту әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

- мектепте информатика пәні бойынша пайдаланылатын шетелдік және отандық цифрлық білім ресурстарына талдау жасау;

- информатика пәнінің мазмұнына сәйкес цифрлық білім ресурстарына қойылатын дидактикалық талаптарды анықтау;

- оқушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, информатиканы оқытуда цифрлық білім ресурстарының жіктемесін жасау;

- оқушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, информатикадан цифрлық білім ресурстарының электрондық қорын жасау;

- оқушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, информатикадан цифрлық білім ресурстарын пайдаланып оқыту әдістемесін жасау;

- тәжірибелік-эксперимент жүргізу және ұсынылған әдістеменің тиімділігін көрсету.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- информатика пәнінің мазмұнына сәйкес цифрлық білім ресурстарына қойылатын дидактикалық талаптар анықталды;

- оқушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, информатиканы оқытуда цифрлық білім ресурстарының жіктемесі жасалды;

- оқушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, информатикадан цифрлық білім ресурстарының электрондық қоры жасалды;

- оқушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, информатикадан цифрлық білім ресурстары пайдаланып оқыту әдістемесі жасалды.

Диссертация тақырыбы бойынша теориялық материал жинақталуда және ғылыми мақала дайындалуда.

Абай атындағы ҚазҰПУ-де студенттер мен магистранттарға арналған жыл сайын өтетін студенттік ғылыми конференцияда «Информатиканың базалық курсын цифрлық білім ресурстарына талдау» атты тақырыпта баяндама жасалып, ІІ-орын берілді.

п.ғ.д., профессор Сағымбаева Айнұр Есенғазықызы________

6М011100 – информатика мамандығының І курс магистранты

Құдайбергенова Айгерім Темірбекқызы________

Наши рекомендации