Онлайн-байқауының ережесі

Онлайн-байқау үш байқау кезеңде өтеді, оларға қатысатындар:

- жұмысын жаңа бастаған, белгілі, құрметті дәрежеге қол жеткізген және қол жеткізгісі келетін жазушылар, ақындар, либреттистер, сазгерлер.

Онлайн-конкурс авторлардың шығармашылық ойл-ниеттері мен армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1-онлайн-байқау – Жазушы, Сценарист;

2-онлайн– байқау - Ақын, Либреттист;

3-онлайн- байқау – Сазгер;

Онлайн-байқау «Сценарист – Шығармашыл виртуоз»

Байқау іріктеу кезеңі: Жазушы – сценарист;

Жас санаты: шексіз

Байқау өткізу уақыты: 2017 жылғы 15 ақпаннан бастап 2017 жылғы 15 мамырға дейін (авторлардың жұмыстары 2017 жылғы 15 мамырды қоса алғанға дейін қабылданады ).

Байқау мақсаты: Берілген тақырып бойынша «Мюзикл-2018» жобасы үшін сценарийге авторлардың жұмыстарын конкурстық іріктеу және «Мюзикл сценарийі – Шығармашыл виртуоз» жюриінің білікті құрамын бағалау арқылы жүлдегер анықталады, оның сценарийі бойынша «Мюзикл - 2018» жобасына мюзикл қойылатын болады.

«Мюзикл сценарийі – Шығармашыл виртуоз» байқауы аяқталған соң білікті жюри құрамы бағалаудың негізінде «Мюзикл» жобасының сценарийін» бекіту хаттамасы жасалады, ол келесі «Либреттист - Шығармашыл виртуоз» онлайн- байқауының негізіне алынады.

Қатысу шарттары:

1. Қатысушының сауалнамасын толтыру (…. Сауалнамасын көшіріп алу);

2. Өзінің ойындағысын сценарийге түсіру;

3. Байқау аяқталатын күнге дейін (15.05.2017 жыл) жұмысшы нұсқасын, қажетті форматта ресімделген сценарийдің қысқаша мазмұнын почтамен жіберу, титульдық парақта қатысушының реттік нөмірін көрсету (сауалнамада көрсетілген нөмір). (…. Титульдық парағын көшіріп алу).

Қатысу жарнасы 5000 тг.

Баға өлшемдері: Сюжеті; Көркемдігі; Техникалығы; Ой-ниеттің іске асуы; Өзектілігі; Әлеуметтік маңызы; Серпінділігі; Эпизодтардың үйлесімділігі; Ерекшелігі.

«Либреттист - Шығармашыл виртуоз» онлайн-байқауы

Байқау іріктеу кезеңі: Ақын – Либреттист,

Байқаудын өтетін күні: 2017 жылғы 1 маусымнан 2017 жылы 1 қыркүйекке дейін (авторлардың жұмыстары 2017 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғанға дейін қабылданады).

Байқау мақсаты: «Мюзикл- 2018» жобасы үшін авторлардың либретто-өлеңдерді байқау іріктеу жұмыстары арқылы, оның негізіне «Мюзикл сценарийі – Шығармашыл виртуоз» онлайн- байқау бірінші кезеңі жеңімпазының сценарийі және білікті жюри құрамының бағасы алынады, либреттосы мюзиклдің негізіне кіретін жеңімпаздар анықталады. «Либреттист – Шығармашыл виртуоз» байқау аяқталғаннан кейін білікті жюри құрамы бағалардың негізінде «Мюзикл» жобасы үшін «Жоба либреттосын» бекіту туралы хаттаманы шығарады, ол келесі «Сазгер – Шығармашыл виртуоз» онлайн- байқауының негізіне алынады.

Қатысу шарттары:

1. Қатысушының сауалнамасын толтыру (…. Сауалнамасын көшіріп алу);

2. Өзінің ойындағысын сценарийге түсіру;

3. Байқау аяқталатын күнге дейін (01.09.2017 жыл) жұмысшы нұсқасын, қажетті форматта ресімделген сценарийдің өлеңдерін (либретто) почтамен жіберу, титульдық парақта қатысушының реттік нөмірін көрсету - сауалнамада көрсетілген нөмір. (…. титульдық парағын көшіріп алу).

Қатысу жарнасы 5000 тг.

Бағалау өлшемдері: либретті мәтін, өлең мәтіні; мәтіннің құрылымы мен функциясы; либретто және тиісті техникалық тәсілдерді жазу қағидаттары; көркемдік; тұпнұсқалық; либреттоның шынайылығы.

«Сазгер - Шығармашыл виртуоз» онлайн-байқау

Байқау іріктеу кезеңі: Сазгер

Байқау өтетін күні: 2017 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2017 жылғы 1 желтоқсаға (қоса алғанда) дейін.

Байқауының мақсаты: авторлардың «Мюзикл» жобасы үшін либреттоға композициялар арқылы байқау іріктеу жұмыстары, оның негізіне «Либреттист – Шығармашыл виртуоз» екінші онлайн- байқау кезеңі жеңімпазының либреттосы алынады, және білікті жюри құрамының бағалары арқылы жеңімпаздар анықталады, олардың композициялары (шығармалары) мюзиклдің негізіне алынады.

«Композитор – Шығармашыл виртуоз» байқауы аяқталған соң білікті жюри құрамы алынған бағалардың негізінде «Мюзикл-2018» жобасы үшін композицияларды» бекіту туралы хаттаманы шығарады.

Конкурсанттың міндеттері:

1. Қатысушының сауалнамасын толтыру;

2. Либретто-өлеңдермен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды почта арқылы алу;

3. Өзінің ой-ниетін музыкалық композиция арқылы жүзеге асыру;

4. Байқауының аяқталатын күнге дейін қажетті форматта ресімделген аудиожазба мен ноталарды почтаға жіберу, титуль парағында қатысушының реттік нөмірін (сауалнамала көрсетілген номір) көрсету.

Қатысу жарнасы 5000 тг.

Онлайн- байқау жюриінің құрамына жоғары білікті режиссёрлар, қоюшылар, сценаристер, ақындар, сазгерлер, жазушылар, драматургтер кіреді.

Барлық іріктеу байқаулардын қорытындылары бойынша «Шығармашыл виртуоз-2017» жобасының жеңімпазы салтанатты түрде жария етіледі.

Номинациялардың жеңімпаздары:

Мюзикл актерлері (Вокалистер, Бишілер, Инструменталистер, Актерлар, Көркемсөз шеберлері);

Сценарист; Либреттист; Сазгер.

Театр тобының толық құрамы, сценарий авторы, либреттист, сазгер анықталады. Асқан шебер шығармашылар өз дарындарын «Мюзикл-2018» бірыңғай бірлескен жобасын жүзеге асыруға біріктіреді.

Марапаттау

Гран-при (Кубок, Сертификат, медаль);

Барлық іріктеу байқаулардың қорытындылары бойынша әрбір номинацияда ең жоғары балға ие болғандар:

- «Шығармашыл виртуоз-2017» жобасы жеңімпазының сертификатына, сондай-ақ

- «Шығармашыл виртуоз-2017» жобасының шеңберінде әзірленген алғашқы Қазақстандық «Мюзикл-2018» жобасында жетекші рөлді орындау құқығына ие болады.

1,2,3-дәрежелі лауреаттар – (диплом, медаль);

-«Шығармашыл виртуоз-2017» жобасының 1,2,3-дәрежелі лауреаттары дипломына ие болады

- Көрермендер көзайымы жүлдесі;

Басшыларға, педагогтарға, жеңімпаздардың демеушілеріне дипломдар, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар.

Мюзикл-2018» жобасы

«Мюзикл-2018» жобасының мақсаты – байқауларыңын дарындарын бірлескен жұмысқа жинақтай отырып, олардың шығармашылықтары мен ой-ниеттерін жүзеге асыру.

«Мюзикл-2018» жобасын ұйымдастырушылардың міндеттері:

Рөлдерді бөлу;

Актерлер құрамын («Шығармашыл виртуоз-2017» жобасының жеңімпаздарын) сценариймен таныстыру;

Театр сахнасында репетициялардың басталатын күнін жария ету;

Репитициялар мен Бас репетицияны ұйымдастыру;

Театрландырылған үлкен сахнада Мюзикл премьерасын ұйымдпастыру;

Мюзиклді одан әрі «Кино Жобада» жүзеге асыру үшін мюзикл премьерасына белгілі қазақстандық кинорежиссерларды, продюсерлерді шақыру;

Қазақстан бойынша тур ұйымдастыру.

Наши рекомендации