Кəмелетке толмағандардың қылмыстылығы
Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы өсіп келе жаткан ұрпақтың денсаулығы əрбір қоғамның мемлекеттің ерекше қорғалуында болады. Оның ішінде нашар əлеуметтік көріністерге мысалы, ішімдікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, қылмысқа қарсы күресте болып жатыр. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 27-бабына сəйкес балалық шак ерекше қорғалатын еңнегізгі кұндылыктардын бірі болып табылады. Кəмелетке толмағандардың жэне жастардың психологиялық, құқықтық тэрбиесіне соңғы кезде аз назар аударуда, себебі жасөспірімдердің арасынан қылмыстың өсуі жэне өте қаталдыкпен жасалып жатқан қылмыстардың көбеюуі бұған дəлел болып отыр.
Кəмелетке толмаған қылмыскерлерге мынадай ерекшеліктер тəн екенін айта кету жөн: психикалық өзін ұстамаушылық, ересек адамдарға ұқсас болуға еліктеушілік. Кэмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы туралы жүргізген тəжірибе бойынша: 16-17 жас - 72,1%; 14-15 жас - 27,9% . көріп отырғанымыздай қылмыстардың көпшілігін жасөспірімдердің жасы үлкендері жасайды екен. Бірақ соңғы кезде мемлекеттегі қылмыстың өршуі соның ішінде 15 жасар жасөспірімдердің қылмыс жасауы жылдан жылға көбеюде жэне мемлекеттің барлық облыстарында.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кэмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы сұрақтар үшін Қазакстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде арнайы тарау енгізілген. Бұл 1990 жылдың 15 қазанында күшіне енген «Бас Ассамблия ООН - ң балалардың қүқықтары туралы» конвенцйясында көрсетілген гуманизм жəне əділеттілік принципіне сəйкес. Заң шығарушы бұл жағдайда кэмелетке толмағандардың қылмыс асауы олардың өсіп келе жатқандағы психологиялық негіздерін, қоршаған ортадағы криминогендік факторларын негізге алып отыр.
Кəмелетке толмағандарды қылмыстық жауапқа тарту мəселесінде өзінің тарихи ерекшеліктері мен дамуы бар. Мысалы, қазақтың жалпы құқығы бойынша 15 жасқа дейінгі балалар жауапқа тартылмайды. Фукс С.Л. профессордың айтуы бойынша адам өлтіру мен ұрлықтан басқасы 15 жасқа дейінгі балаларды қылмыстық жауаптылықтан босатуды өзінің ісіне жауап бере алмайтындығынан емес, сол жасаған қылмысы ушін айып төлеу мүмкіндігі болмағасын деп түсіндіреді. Сот алдында өзінің жасаған кылмыстарына жауап бере алатын меншік иесі тұрады.
Казақтардың қылмыстық құқығы нормаларының əсерін Қазақстан аумағында қолданылған 1992 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінің өзгерістері мен толықтыруларында байқауға болады. Қылмыстық жаза 14 жаска дейінгі балаларға жэне кэмелетке толмағандар болып 14-тен 18 жасқа дейінгі қазақ ұлты, басқа ұлттарда 14-тен 16-ға дейінгі жастағылар саналады.
Қазақстан территориясында 35 жыл қолданылған 1926 жылдық РСФСР Қылмыстык кодексі кылмыстық жауапкершілік жасын былай белгілейді.
«əлеуметтік қорғаудың соттық түзеу əдістері 14 жастан кіші балаларға қолданылмайды, оларға тек əлеуметтік қорғаудың педагогикалық түрі қолданылуы мүмкін. 14-тен 16-ға дейінгі жастағыларға элеуметтік қорғаудың соттық түзеу əдісін кəмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия оларға əлеуметтік қорғаудың педагогикалық əдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда қолданады».(12 - бап Қылмыстық кодекс РСФСР 1926 жыл.
Бірақта ЦИК жəне СНКСССР 7 –сəуірдің 1935 жылдардағы
«Кəмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа күрестің əдістері туралы » Қаулысымен СОЮЗ СССР – дің заңында 8 – бабы өзгертіледі. Онда кəмелетке толмағандар 12 – жастан бастап ұрлық жасаса, зорлау, дене жарақатын келтіру, адам өлтіру қылмыстарын жасаса қылмыстық жауапкершіліктің барлық əдістерін қолданумен қылмыстық сотқа тартылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекісіне сəйкес, қылымыстық жауаптылыққа қоғамдық қауіпті іс- əрекет жасағаны үшін қылымыс жасағанға дейін 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.Сонымен қатар кəмелетке толмағандардың түсінігі бойынша қоғамдық қауіптілігі бар қылмыстар үшін қылымыстық жауаптылыққа 14 – жастан тартылады Қылмыстық кодекстің 78- бабына сəйкес «кəмелетке толмағандар болып қылмыс жасау кезінде жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады».
Қазіргі уақытта шет елдердің қылмыстық кодекісінде кəмелетке толмағандардың жауаптылығы мен жазалануы арнайы тарауға енгізу оның қылмыстық іс жүргізу нормаларымен өзара байланысын белгілейді.
Жетістіктердің бірі болып Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодекісінде «кəмелетке толмағандардың істері бойынша » тарау енгізілуі болып табылады.
Қылмыстық құқықта кəмелеттік жасқа толмағандардың жасы, есі дұрыстығы қылмыстық жауаптылыққа тартылудың басты факторлары əсіресе бұл кəмелетке толмағандардың кінəні түсінумен ұштасады. Кінə қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін.