Семей қ. ММУ білімалушыларының тәртіп ережелері

Сіздер Қазақстанның беделді медициналық жоо біріне түстіңіздер. Болашақта сендерде көп үміт күттіретін мансап, басшылық қызметтер, үлкен бизнес. Осының барлығы көп нәрсені міндеттейді және тез арада өмір сендерден әрбір қателіктерің үшін қатаң сұрайды. Университеттің табалдырығын аттамай тұрып, тоқталыңыз, жан –жағыңызға қараңыз және ойланыңыз: сендер әрқашан жақсы қарым - қатынас ережелеріне сай бола аласыздар ма? Қазір ойланыңыз, өйткені жеті жылдан кейін кеш болуы мүмкін.Ал біз сіздерге біздің университет қабырғасында өзін өзі қалай ұстау керегін айтамыз.

Университетке ұқыпты, таза киіммен келіңіздер, дискотекаға немесе спорт алаңына келемегендеріңіз әрқашан естеріңізде болсын. Егерде сіздер сабақтан кейін дискотекаға немесе спорт алаңына баруды жоспарласаңыз, онда алдын ала қайда және қалай киіміңізді ауыстыратыңызды ойластырыңыз. Естеріңізде болсын, бүкіл дүниежүзінде білімалушыларға жүріп–тұру ережелері олардың материалдық жағдайына байланысты емес сабаққа қымбатты киімдермен, көп алтын бұйымдарды тағып келу қарастырылмаған.

Егер кіре беріс есік алдында кезек болып қалса, естеріңізде болсын, білімалушылар алдымен оқытушыларды жіберуге міндетті, ер адамдар - әйелдерді. Осы жағдай лифт алдындағы кезекке де байланысты. Ғимаратқа кіре берісте, ер адамдар бас киімдер шешу керек. Естеріңізге саламыз:осыны аудитория есігінің алдында емес, ғимаратқа кіре берісте жасайсыз. Сырт киімді киім ілгішке тапсырғаныңыз жөн - осы ережеге сүйенуге дағдыланыңыз. Зертхана жұмыстарына студенттер сыртқы киімдерімен жіберілмейді. Бірақ кейбір кезде өте суық ауа райы осыдан ауытқуға әкеледі. Бірақ қандай да бір жағдайлар болмасын университеттің әкімшілік құрылымдарына сырт киіммен кіруге болмайды (ректораттың қабылдау бөлмесі, деканаттар, кафедралар және т.б.), ал сонымен бірге тікелей аудиторияда шешінуге, егер сіз онда болатын киім ілгіштерді пайдаланғыңыз келсе де - сырт киіміңізді ең алдымен дәлізде шешу керек.

Өзіңіздің сөйлеу мәнерін қадағалаңыз. Университет қабырғасында жаман сөздерді айтуға болмайды. Есте сақтаңыз:сіздердің құрбыларыңызбен қарым –қатынаста рұқсат етілетіндердің бәрі оқытушылармен сөйлескенде жол берілмейді. Қалжыңдап сөйлеуді болдырмаңдар, жаргонды сөздер мен қыстырма сөздерден аулақ болыңдар.

Сабаққа қалып келмеңдер. Білімалушылар аудиторияда оқытушыдан бұрын болады, оқытушы кіргенде тұру керек. Егер кешігіп келсеңдер, іс -әрекет мынадай бірізділікте болады: есікті қағып, ақырын есікті ашып, сәлемдесіп, кешірім сұрап, кіруге рұқсат сұрау керек. Рұқсат алғаннан кейін жылдам және ақырын кіріп, аудиторияда бос орынға отырады. Мәдениетсіздіктің бірі бұл жағдайда – осында отырғандардың біреуімен жеке амандасу, әсіресе қол беріп сәлемдесу.

Аудиторияға кірер алдында барлық мобилді байланыс құралдарын сөндіріңдер (бұл этикеттің халықаралық ережесі сабаққа ғана емес сонымен қатар ресми шараларға да байланысты). Жалпы естеріңізде болсын, сабақтарда ешқандай бөтен дыбыстар – бөтен сөздерден бастап және құралдардың дыбыстауымен (ұялы телефондар, пейджерлер, сағаттар, плеерлер және т.б.), қалам сыртылы, тиындардың сылдырлағаны болмауы қажет. Егер сіздер оқытушыдан бірдеңе туралы сұрағыңыз келсе немесе сұрансаңыз қол көтеру керек.

Есіңізде болсын, өзінің немесе топтың жұмысына кедергі келтіретін кез келген тәртіп ережесін бұзғаныңыз үшін оқытушы Сізді сабақтан шығарып жіберуге құқығы бар.Бұл дағдайда ешқандай айтысуға болмайды. Егер де Сіз оқытушы дұрыс істемеді деп санасаңызда, сабақ болып жатқан кезде дауласуға болмайды.

Сізге қызмет көрсетуге кафе және асхана берілген. Өтініп сұрайтынымыз: арнаулы жерде тамақтануды бастап аяқтаған жөн. Университетте қоқыс салатын урналар жеткілікті, сондықтан аудиторияларда және дәліздерде стақандар мен басқа қоқыстар болмауы қажет, басқа адамдардың еңбегң\ін бағалаңыздар. Университет ғимаратында ректордың бұйрығына байланысты шылым шегуге тиым салынады.

Сол сияқты спирттік және аз мөлшердегі алкоголь өнімдерін пайдалануға тиым салынады, соның ішінде сыра. Естеріңізде болсын, сыра жұмысқа жарамдылығыңызды былай қойғанда, сіздің денсаулығыңызға әсер етеді, ал содан басқа құтылар мен банкалар – қоршаған ортаға қоқыс және жағымсыз иіс.

Сіздер барлықтарыңыз – жас, дені сау, әдемі адамсыңдар. Естеріңізде болсын адамдардың көзінше сырлы қарым –қатынастарыңызды көрсету (құшақтасу, сүйісу және т.б.) – қоршаған ортаға ғана емес бірі біріңе деген сыйласпаушылық.

Ал енді тағы бір рет тоқтап, ойланыңыз. Егер сіздер осы тәртіп ережелеріне сүйенетін болсаңыз, онда сіздерді құттықтауға болады – сіздер жетістікке жетудің жарты жолындасыздар.

Университет –ол сіздердің үйлеріңіз, онда сіздер жеті жыл өмір сүресіздер. Ал үйді тек қана қабырғасы безендірмейді, сонымен қатар адамдар да. Келген қонақтарда, кездейсоқ келушілер немесе салалар басшыларында университет туралы естелік, көбінесе сіздерге байланысты, таныстыққа қарамай, Сіздер амандассаңыздар оларға өте жақсы болады.Соңында Сіздердің жеке болшақтарыңыз Сіздерге байланысты. Өздеріңіздің жоо және таңдаған өмірлік жолдарыңызға лайық болыңыздар.

Наши рекомендации