Этнопедагогикак» пәнінің тақырыптық жоспары
II. Курстың пререквизитi және постреквизитi
Курстың пререквизиті және постреквизиті
«Этнопедагогика»курсы философия, әлеуметтану, психология, дінтану, этнология, этнография, конфликтология және т.б. әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқып білудің алдында оқытылады. Осы пәндермен бірге педагогикалық цикл пәндері қатарындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Педагогикалық менеждмент»оқытылады. Ал бұл болса, «Этнопедагогика», курсының педагогикалық пәндермен табиғи үйлесуіне мүмкіндік береді.Осы курс Қазақстан Республикасы этностары мен әлем халықтарының этнопедагогикалық мәселелері мен құбылыстарын ұғынуға және зерттеуге негіз болуға бағдарланған.
Этнопедагогика курсын оқу нәтижесінде студент міндетті:
а)білімдерді меңгеруге:
-этнопедагогиканың базалық ұғымдары,Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы;
-көпұлтты ортадағы педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктері туралы;
-білім беру мекемелерініңтәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне Қазақстан Республикасы этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын,әдістерін,формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсіну туралы;
-ҚР этностары мен әлем халықтары этнопедагогикасының мәселелерін зерттеу негіздері туралы;
б)біліктілерді игеруге;
-этнопедагогика бойынша әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында өздігінен білім алу;
-әр түрлі халықтардың этнопедагикалық жүйесін теңестіре-салыстырмалы талдау;
-этнопедагогика мәселелері саласындағы ғылыми-ізденіс,шығармашылық жұмыстары;
-этнопедпгогика материалдарын оқу-тәрбиесіне енгізу.
Этнопедагогика курсын оқыту студенттердің мынадай тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы тиіс:
-кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерді,соның ішіде педагогикалық ойлау,педагогикалық қарым-қатынас,ұтқырлық және т.б.;
-ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен төлеранттылық.
III. Курстың қысқаша сипаттамасы
«Этнопедагогика» курсының бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер цикліндегі «Білім»мамандығына арналған.Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдегі тәуелсіз мемлекет жағдайында халықтың туған ел тарихын,тілін,мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын білуге, тануға ,сақтауға деген қызығушылығы арта түсті. Осы тұста ғасырлар бойы ата-баба тәлімімен, тәжірибесімен жинақталып, уақытында дәстүрге енген халықтық педагогиканың кайта өркендеуі мен оны оқып уйренудің танымдық танымдық және практикалық мәндәлігі зор.
Этнопедагогика халықтық педагогиканың теориясы тұрғысынан әр түрлі гуманитарлық ғылымдар түйісуіндегі пәнаралық сипатқа ие қазіргі педагогика ғылымының саласы.
Курстың мақсаты: Қазақстан этнопедагогикасының жалпы негіздерін оқыту арқылы Қазақстан Республикасың мекендеген әрбір этностың дамуын ынталандыру, жалпы мәдени құндылықтарды меңгеру, этникалық мәдениетті өзара шығармашылықпен байыту бағытында студенттердің педагогикалық дүниетанымын, педагогикалық мәдениетің және жалпы кәсіби құзыреттеліктерін қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
1) Этнопедагогиканың негізгі ұғымдары, Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білімін;
2) Болашақ мүғалімің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін(педагогикалық ойлау, педагогикалық қарым-қатынас, ұтқырлық,педагогикалық такт, әдеп, толеранттық және т.б);
3) Қоғамдық-саяси,этнопедагогикалық әдебиеттерді талдап зерттеу біліктілігі;
4) Этнопедагогика саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстардағы даярлығын;
5) Білім алушылардың көпұлтты ортадағы педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері туралы білімін және этнопедагогикалық жүйені теңестіре салыстырмалы талдау дағдыларын;
6) Білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне ҚР этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсінуін қалыптастыру
Этнопедагогикак» пәнінің тақырыптық жоспары
Тақырыптың атауы | Апталық бөлінуі | |||||
№ | Дәріс | Семинар | СОӨЖ | СӨЖ | Барлық сағат | |
Модуль 1. Кіріспе. Халықтық педагогика туралы түсінік | ||||||
Этнопедагогика – педагогика ғылымының саласы | ||||||
Модуль 2. Халықтық педагогика–этнопедагоги- каның қайнар көзіПедагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы | ||||||
Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі | ||||||
Халықтық педагогиканың негізгі құралдары (мақал-мәтелдер, жұмбақтар | ||||||
Ән – халықтық педагогиканың құралы | ||||||
Халықтық педагогикадағы ертегілер | ||||||
Халықтық тәрбиенің факторлары | ||||||
Ежелгі жазба мұралардағы халық тәрбиесі | ||||||
Модуль 3. Қазақ этнопедагогикасы Қазақстандағы этнопедагогикалық ой-пікірлер | ||||||
Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері | ||||||
Қазақ халық педагогикасы қазақ этнопедагогикасының қайнар көзі | ||||||
Этномәдени білім беру | ||||||
14- | Қазақ этнопедагогикасының мазмұны Қазақтың халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі | |||||
Барлығы: |
VI. Пәннің мазмұны