А) Ауызша жауап беруді бағалау.

Егер оқушы:

- қарастырылып отырған құбылыс немесе заңдылықтың физикалық мағынасын толық түсінсе; заңдар мен теорияларды білсе және оларды нақты мысалдармен бекіте алса сонымен қатар оларды жаңа жағдайларда,практикалық жұмыстарды орындау барысында қолдана алса;

- негізгі ұғымдар, заң-теориялардың нақ анықтамасы; өлшем бірлігі мен өлшеу тәсілдерін білсе;

- өз жауабын қарапайым демонстрациялық тәжірибелермен нақтылай алса онда ол оқушыға“5” деген баға қойылады.

- 1 немесе 2 болмашы қателік жасаса және оларды өз бетінше немесе аздап мұғалімнің көмегімен түзете алса онда ол оқушыға “4” деген баға қойылады.

- оқулық мәтінін толық түсінбегенін байқатса және жауап бергенде бір-екі қателіктер жіберсе онда ол оқушыға “3” деген баға қойылады.

- бір ғана сұраққа жауап бергенде екіден көп қате жіберіп, оны тіпті мұғалімнің көмегімен де түзете алмаса онда ол ол оқушыға “2”деген баға қойылады.

Егер оқушы қойылған сұрақтардың біреуіне де дұрыс жауап бермесе, ол оқушыға “1” деген баға қойылады.

ә) Жазбаша өзіндік, диктант және бақылау жұмыстарын бағалау.Тақырыптағы анықтамалар мен негізгі формулаларға балалардың назарын аудару және оларды есте сақтау мақсатымен физикалық диктант жұмысы өткізіледі. Оның мазмұны магнитофоннан (алдын ала жазылған) тыңдалады. Бұл мұғалімнің жұмысты әр оқушының өздігінен орындауьн қадағалауға мүмкіндік береді.

Физикалық диктанттағы сұрақтардың жауаптары 1 -кестеде келтірілген үлгі түрінде компьютер немесе кодоскоп арқылы көрсетіледі.

Реті№ Формулалар, анықтамалар
а)P═mg ә)m═ρV

Оқу материалы біршама тиянақталған кезде өзіндік жұмыс орындалады. Өзіндік жұмыс бірнеше нұсқадан тұруы мүмкін. Ол шамамен 15 минутқа есептеледі. Мөлшерлі уақыт өткен соң экранға компьютер немесе кодоскоп арқылы үлгі жауап түсіріледі.

Оқушылардың физикадан тақырып бойынша алған теориялық білімін есеп шығаруға қолдана білу дағдысының қандай дәрежеде калыптасқандығын анықтау үшін тақырыпшадан кейін кысқа мерзімді бақылау жұмысы жүргізіледі. Ал тақырып толық оқылған соң, қорытынды бақылау жұмысы өткізіледі. Оның мазмұны тақырыптағы негізгі материалдарды қамтып, оқушы білімін үш деңгейде тексеруге мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылады.

Мысал келтірейік.

Бақылау жұмысының үлгісі.

1. Молекулалық - кинетикалық теорияны негізге алып, зат күйлерінің құрылысындағы айырмашылықтарды түсіндір.

2. Таудан сырғанап түскен шаңғышы біраз уақытка дейін жазық жерде қозғалып бара жатты:

а) не себепті шаңғышы тау етегінде тоқтап қалмай, горизонталь беттегі козғалысын жалғастырды?

ә) не себепті, әйтеуір бір кезде шаңғышы тоқтайды?

б) егер шаңғышы мен қар арасында үйкеліс күші және қозғалысқа әсер етуші басқа да үйкелістер болмаса, таудан сырғанаған шаңғышы қайтер еді?

3. Еденде жатқан кірпіш еденге 700 Па кысым түсіреді. Еденмен жанасып жатқан кірпіштің бетінің ауданы О.ОЗм2. Кірпіш еденге қандай күшпен әсер ететінін анықтаңдар.

4. Бала орындықты орнынан көтермей қабырғаға 0,5 м аралыққа жылжытып апарады. Ол орындықты горизонталь бағытта 100 Н күшпен итереді. Баланың істеген жұмысын есептеп табындар.

Бықылау жұмысының нәтижелері білім элементтері бойынша кестеде келтірілгендей үлгіде талданады.

Реті№ Білім элементтері Оқушылардың журналдағы рет нөмірі 4 7 11 12 18 20
1.1 ә) шаңғышы үйкеліс күшінің әсерінен тоқтайды I I I V I V
1.2 б) қозғалысқа кедергі келтіретін басқа күштер болмаса, шаңғышы түзу сызықты бірқалыпты қозғалар еді O O O V I V
2.1 Формула жазылған: F═p*S O I O O I V
2.2 Күштің сан мәні алынған F═21H O I I I I V
3.1 Формула жазылған: A═F*S O I I I I V
3.2 Жұмыстың сан мәні алынған: A═50Дж V I O O V O

Мұғалім жинап алған жұмыстарды балалардьң сынып журналындағы ретімен нөмірлеп, оларды нұсқаларға бөледі де, оларды бағалайды,ал жауап берілмесе, онда "0" қойылады.

Тексеру нәтижесінде мұғалім шәкірттерінің қандай сұрақтарды жете білмейтіндігін айқындайды.

Жазбаша жұмыс нәтижелері 3-кестедегідей үлгіде есепке алынады, яғни жұмыс бойынша оқушыньң бағасы қойылып, білмеген сұрақтары жазылады.

Бұл жеке оқушымен және сыныппен жүргізілетін қосымша жұмыстың көлемін анықтауға, математика, химия пәндерінің мұғалімдерімен бірігіп істейтін жұмыстың мазмұнын айқындауға мүмкіндік туғызады. Білім деңгейі төмен оқушыға дербес тапсырмалар беріліп, олар бағаланады да, қорытынды баға сынып журналына қойылады.

Жазбаша жұмыстарды осылайша жүйелі тексеру оқушыларды өзін-өзі тексеруге, білім деңгейіне бақылау жасауға үйретіп, оқу сапасын жоғарылатуға септеседі.

Оқыту үрдісінде білім сапасын анықтау үшін оқушылардың алған білімінің мөлшерін анықтап, тексеру мен бағалау, нәтижесін саралау ең маңызхды роль атқарады.

Бірақ қазіргі таңда олардың алған білімінің мөлшерін анықтау, бағалау үшін әртүрлі тәсілдермен қатар әр түрлі критерийлер қолданылады. Бүгінгі күні білім беру мен оқушылардың алған білім деңгейін айқындап тексеру, саралауда өзекті мәселелердің бірі – жаңа технглогиялық әдістерді қолдану.

Бұл тұрғыда Қазақстандық білім беру жүйесінде білімді тексерудің тестік рейтингтік жүйесі кең көлемде қолданыс табуда.

Журнал бойынша оқушы-ның фамилия-сы,аты Орындалған жұмыс түрі     Өзіндік Физи- Өзіндік Тақыр жұмыс калық жұмыс ыптық (№1) дик- бақыл тант (№2) ау жұмы- сы Оқушы келесі білім элемент-терін білмейді Қосым-ша баға-ланды Қоры-тынды
               
               

Бақылаудьң тәрбиелік, дамытушылық қызметін күшейту мақсатында жоғарыдағы кестелерде көрсетілген нашар бағаларды түзетуге оқушылар құқылы екенін үнемі ескертіп отыруымыз керек. Егер оқушы бұрындары белгілі бір білім элементінен "екі" деген баға алып, кейін оны қайыра оқу барысында "бес" бағасымен түзететін болса, онда бұрынғы баға кестеде сақталмауға тиіс. Ол үшін оқушыларға жағдай жасап, өзара ынтымақтастық педагогикасы негізінде бірін-бірі жетелеп үйрету дағдысын олардың бойында қалыптастыру қажет.

- Оқушылар меңгеруге тиіс білім элементтері (1-кесте) алдын ала жасалып, физика кабинетінде ілулі тұрса, оның тәрбиелік, бағыттаушылық кызметі онан сайын арта түседі. Оның үстіне әр оқушы барлық білім элементтерін меңгеріп, баға алуға міндетті екенін сезінеді. Сөйтіп оқу пәнін үзбей, әрі дер кезінде оқуға дағдыланады. Оқушы білімін бағалауға өзін де, басқа оқушыларды да тартьш, ұстаз тарапынан оларға сенім көрсетіп отыру да абзал. қауіпсіздік ережелерді сақтаса;

“5” деген баға қатесіз немесе бір ғана ағаттық жіберілген жұмысқа қойылады.

“4” деген баға толық орындалған, бірақ:

- бір қате мен бір ағаттық жіберілген;

- екі ағаттық жіберілген жұмысқа қойылады.

Егер оқушы жұмыстың жартысынан дұрыс орындаса немесе

- екі қате жіберсе;

- бір қате, бір қателік және бір ағаттық жіберсе;

- екі-үштен көп емес қателіктер жіберсе;

- бір қателік,үш ағаттық жіберсе;

- қатесі жоқ, бірақ төрт-бес ағаттық жіберсе;

онда ол оқушыға “3” деген баға қойылады.

Егер қателер мен ағаттықттар саны“үштік”баға қойылатын нормадан асып кетсе және оқушы жұмыстың жартысының азын ғана орындаса,онда ол оқушыға“2” деген баға қойылады.

Егер оқушы жұмысты орындамаса,немесе бүкіл тапсырманың 10%-ін ғана орындаса “1” деген баға қойылады.

Наши рекомендации