Педагогикалық кеңес №1

Ж.

Перспективалық жоспар

Барыс» аралас II кішілер тобы

Тәрбиешілер:Утепбергенова С.А.

Искалиева Ж.Ж.

Ж

ІІ аралас кішілер тобының базалық оқу жоспары

Білім беру салалары Пән атауы Апталық сағат саны Жылдық сағат саны
«Денсаулық» Дене шынықтыру
«Қатынас» Тіл дамыту
Көркем әдебиет
Ағылшын/орыс тілі 0,5
«Таным» Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру 0,5
Экология 0,25
Қоршаған ортамен таныстыру 0,25
Құрастыру
«Шығармашылық» Сурет салу
Мүсіндеу 0,5
Жапсыру 0,5
Музыка
«Әлеуметтік орта» Көркем әдебиет 0,5
Қоршаған орта 0,25
Экология 0,25
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жылдық сағат саны –396 сағат.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы - 15-20 минут
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі - 11 сағат

Түсінік хат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бұл базистік оқу жоспары осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын 1.001-2009 басшылыққа алып, «Зерек бала» бағдарламасын негізінде жоспарланып құрылды. Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді үйлестіру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға бағытталған.

Осыған байланысты, «Зерек бала» бағдарламасындағы білім беру міндеттері бес білім салалары: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік ортаның» үйлесімді бірігуі арқылы іске асады, әрқайсысының жеке кіші бөлімдері мен өзінің мақсатты бағыттары бар.

Білім беру салаларының мазмұны:

- Денсаулық сақтау;

- Коммуникативті-тілдік;

- Танымдық;

- Шығармашылық;

- Әлеуметтік орта құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтиды.

ІІ сәбилер тобында 3-4 жастағы балалар тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспарының ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша:

«Денсаулық» білім беру саласы бойынша 2 сағат берілген. Бұл 2 сағат дене шынықтыру пәніне берілді.

«Қатынас» білім беру саласы бойынша тіл дамытуға 1 сағат берілсе, көркем әдебиетке 1 сағаты оқу іс-әрекетіне берілді.

«Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыруға 1 сағат берілсе,экологияға -0,25, қоршаған ортамен таныстыру-0,25,құрастыруға -1 cағат оқу іс-әрекетіне берілді.

«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша 4 сағат берілген. Сурет салу оқу іс-әрекетіне 1.0 сағат бөлінді. 0.5 сағаты мүсіндеу оқу іс-әрекетіне, 0.5 сағаты жапсыру оқу іс-әрекетіне, 2 сағаты музыка оқу іс-әрекетіне беріліп отыр.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша көркем әдебиетке 0.5 сағат, қоршаған ортамен таныстыруға -0,5, экологияға -0,5 сағаты бөлінген.

Апталық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі – 11 сағат.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы - 15-20 минут.

Оқу аптасы – 5 күндік

Оқу жүктеме балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес келеді.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы Оқу іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері Сағат саны  
Таңертең.Үлкен-кіші. Бір-көп. Таңертең- тәулік бөлігімен таныстыру. Осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану.Таныс заттарды көлеміне (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету. Айналасындағы бірдей бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту. Шыдамдылыққа және қызығыушылыққа тәрбиелеу.  
Күндіз. Шеңбер. Бір-көп. Күндіз-тәулік бөлігімен таныстру. Шеңбер туралы түсініктерін қалыптастыру, заттарды салыстыра білуге үйрету.Таңертең –күндіз тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастру; сөйлеу барысында осы сөздерді қолдануға және осы сөзді сөйлеу барысында пайдалануды үйрету; заттың санымен (бір-көп) таныстыруды жалғастыру; геометриялық фигура-шеңбермен таныстыру; шеңберді сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы зеріттеу; шеңберді нүкте бойымен бастырып сызу; шеңбердің көлемі жағынан әртүрлі (үлкен-кіші) болатынын түсіндіру. Танымдылық қызығушылыққа тәрбиелеу.  
Кеш. Үлкен-кіші. Бір –көп. Кеш –тәулік бөлігмен таныстыруды жалғастыру; тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру .Үлкен-кіші түсініктерін бекітіу; заттарды көлеміне қарай сәйкестіндіру қабілетін пысықтау; бір зат қайда, көп зат қайда тұрғанын ажырата білуге үйрету және нәтижесін сөзбен баяндау.  
Түн. Бір-көп. Шеңбер. Тәулік бөлігі –түнмен таныстыру; өлең мәтінінде тәуліктің қай мезгілі айтылғанын ажырата білуге үйрету.Заттар жиынтығын салыстыруды , бір зат қайда, көп зат қайда тұрғанын ажыратуды үйрету; шеңбер пішінді заттардың суретін салу арқылы жаттықтыру. Зерделікке тәрбиелеу.  
Сол жақта- оң жақта. Заттарды сәйкестендіру. Дөңгелек. Сол жақта-оң жақта кеңістік түсініктерін қалыптастыру, өзінен тікелей бағыттағы кеңістікті ажырата білуге үйрету.Саны жағынан әркелкі заттарды салыстыруды: қағаздың оң жақ- сол жақ бетін таба білуді; қайсысы оң қол, қайысысы сол қол екендігін ажыратуды; қоршаған ортада дөңгелек пішінді заттарды сезім – қозғалыс және көру қабілеті арқылы табуды қалыптастыру. Педагогтің тапсырмасын орындауға үйрету.  
Таң, күндіз, кеш, түн. Сол жақта- оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру. Дайын пішіндерді жапсыру түсініктерінқалыптастыру және оларды дұрыс пайдалануға үйрету. Тәуліктің қарама-қарсы мезгілдерін айыра білу: таңертең-кеш, күндіз-түн; үлкендер мен балалардың іс-әрекетінен тәулік мезгілін ажырата білу; балаларға жапсырманы дайын пішіндерге кезектілікті сақтай отырып жапсырутәсілдерін үйрету; қағаз бетінде бағдарлауды (оң жақта-сол жақта) жалғастыру. Жапсыру жұмысын орындағанда ұқыпты болуға тәрбиелеу.  
Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта. Геометриялық фигураларды атау және тану, шаршы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Ұзындығы жағынан бір-біріне қарама қарсы затты (ұзын-қысқа) салыстыру; қағаз бетінде бағдарлауды (оң жақта-сол жақта) жалғастыру; геометриялық фигура шаршымен таныстыру;шаршыны сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы зерттеу; шаршыны нүкте бойымен салужәне оның көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіну (үлкен-кіші), қағаз бетінде бағдарлай білу.  
Алыс-жақын. Шаршы. Суреттегі және өзіне тікелей байланысты орналасқан кеңістіктегі заттар туралы ұғым қалыптастыру, атап көрсету және ажырату (алыс-жақын). Заттардың кеңістікте орналасуын ажыратужәне атау арқылыкөру қабілетін дамыту (алыс-жақын); геометриялық фигуралардың дайын формаларын жапсыруға жаттықтыру, оны кезектілікті анықтауға арналған жаттығулармен толықтырып отыру.  
Жоғарыда- төменде. Алыс-жақын. Логикалық тапсырма Заттардың суреттегі және өзіне тікелей байланысты кеңістікте орналасу бағытын ажыратып, атап көрсету қабілетін дамыту (жоғарыда-төменде) Қоршаған ортада басқа геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуды жалғастыру.  
Үшбұрыш. Бір-көп. Логикалық тапсырма. Жаңа геометриялық фигура – үшбұрыш ұғымын қалыптастыру; геометриялық фигураларды тану және оларды атау. Таныс заттарды көлеміне (үлен-кішкентай) және санына қарай (бір-көп) салыстыра білуді қалыптастыру;үшбұрышты сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы сезінулерін дамыту; үшбұрышты заттарды табуға үйрету.  
Биік-аласа. Сол жақта-оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру. Суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын ажырату мен атап көрсету (биік-аласа). Таныс заттарды биіктігіне қарай салыстыруды қалыптастыру (биік-аласа); қағаз парағының оң жағын және сол жағын ажырата білу; бейнені толықтыру үшін дайын жапсырманы жапсыруға жаттықтыру; суреттегі және өзіне тікелей бағыттағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрету (оң жақта-сол жақта, биік-аласа).  
Ұзын-қысқа.Бір-бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру амалдары. Фигуралар туралы өткенді пысықтау. Көлемі мен ұзындығы жағынан бір-біріне қарама-ұарсы екі затты салыстыру: үлкен-кіші, ұзын-қысқа,; сезім- қозғалыс түйсіктері арқылы зейінін дамытуды жалғастыру.Геометриялық фигуралармен таныстыруды жалғастыру: шеңбер, үшбұрыш. Зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.  
Биік-аласа. Бір-көп. Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасу бағытын ажырату мен атап көрсету (биік-аласа). Таныс заттарды санына қарай салыстыруды жалғастыру; суреттегі және кеңістіктегі бағыттарды ажырата және атай білуге үйрету (биік-аласа). Бірлесіп ойнайтын ойындарға қызығушылықтарын арттыру. 26.02.15
Алдында- артында. Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасқан заттардың бағытын ажырату (алдында-артында) түсініктерін қалыптастыру. Дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды жалғастыру. 12.03.15ж.
Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу. Заттарды саны бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Бір –бірінің үстіне қою, жанына қою тәсілін қолдана отырып, заттар тобын санына қарай салыстыру; қай зат үлкен, кіші, қайсысы тең-нәтижесін сөзбен айта білу; баланың көру жадын және ойлау қабілетін дамыту.  
Алыс-жақын. Биік-аласа. Оң жақта-сол жақта. Балаларда кеңістік бағыты болатыны туралы түсінік қалыптастыру. Қағаздың оң жағын-сол жағын бағдарлай білуді жалғастыру (алыс-жақын, биік-аласа, оң жақта- сол жақта); дайын пішіндерді жапсыра алуға жаттықтыру.  
Шаршы, шеңбер, үшбұрыш. Балаларда геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларға қоршаған ортадан басқа геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуға, салыстыруға үйрету; сезім- қозғалыс түйсігі және көру жады арқылы заттарды зерттеудің тәсілдерін дамыту. Байқағыштыққа тәрбиелеу.  
Үлкен-кіші.Биік-аласа. Ұзын-қысқа. Әртүрлі заттар тобын көлеміне қарай салыстыру. Бір-бірінің үстіне қою арқылы салыстыру тәсілдерін пайдалана отырып,әр топтағы заттарды санына(бір-көп),көлеміне (үлкен-кіші), ұзындығына (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа) қарай салыстыруду үйрету; заттарды оң қолмен солдан оңға қарай орналастыруға жаттықтыру; «қанша...болса, сонша...», «теңдей», «көп», «аз» терминдерін пайдалануға дағдыландыру. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.  
           

Наши рекомендации