Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалардың сипаттамасы

«Психикалық дамудағы кешеуілдеу» ұғымы орталық жүйке жүйесінің органикалық жеткіліксіздігі әлсіз көрінетін балаларға қатысты қолданылады. Бұл балалардың есту, көру, тірек-қимыл аппаратының, тілдің күрделі бұзылулары жоқ, олардың ақыл-ойының дамуы қалыпты. Сонымен қатар олардың көпшілігінде полиморфты клиникалық симптоматика байқалады: күрделі әрекет-қылық формаларының жетілмеуі, тез болдыру негізінде мақсатты бағытталған іс-әрекеттің жетілмеуі, жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы, энцефалопатиялық бұзылулар. Дамудағы кешеуілдеулер әртүрлі себептермен шарттас болуы мүмкін: ОЖЖ құрсақ ішіндегі зақымданулар, босану кезіндегі жеңіл жарақаттар, ерте босану, бала өмірінің алғашқы кезеңдеріндегі жұқпалы аурулар, басқада бірқатар зияндардың әсері. Психикалық дамудағы кешеуілдеудің бірнеше топтастырылуы бар, неғұрлым кеңінен тараған К.С.Лебединскаяның топтастыруы, этиопатогенетикалық бағыт негізінде жасалған. Осы топтастыруға сәйкес ПДК негізгі төрт нұсқасы ажыратылады:

- конституционалды сипатта пайда болған психикалық дамудың кешеуілдеуі-үйлесімді психикалық және психофизикалық инфантилизм. Мұндай балалар шығармашылығын ойын барысында көрсетеді (оқу іс-әрекетіне қарағанда, бұл іс-әрекет неғұрлым қызықты);

самотогенді генездің психикалық дамудағы кешеуілдеуі жүрек, бүйрек, эндокринді жүйе және т.б. созылмалы соматикалық сырқаттары бар балаларда пайда болады. Мұндай балалар қорқақ, жасқаншақ және жұмысқа қабілеті төмен;

психогенді генездегі психикалық дамудағы кешеуілдеу, психикаға жарақат түсіретін факторлар ерте пайда болған кезде және ол ұзақ уақыт әсер еткенде баланың нервтік-психикалық саласында тұрақты ауытқуларды туындатуы мүмкін. Бір балаларда жағымсыз әрекетпен агрессивтілік, екінші балаларда жасқаншақтық, қорқақтық, үрей, мутизм (сөйлеуден бас тарту) байқалады;

церебральді (ми қызметімен байланысты) органикалық генездегі психикалық дамудағы кешеуілдеу, мұндай жағдайда жетілмегендіктің белгілері және бірқатар психикалық бұзылыстардың әртүрлі деңгейлері үйлеседі. Церебральды органикалық генездегі психикалық дамудағы кешеуілдеу танымдық іс-әрекеттің бұзылуының алғашқы белгілерімен сипатталып, неғұрлым тұрақты түрі болып келеді және психикалық дамудығы кешеуілдеудің неғұрлым күрделі формасы болып табылады.

ПДК-і бар балаларда:

зейіннің тұрақсыздығы, жұмысқа қабілеттіліктің біркелкі болмауы;

іс-әрекеттің мақсатқа бағытталуының жеткіліксіздігі,

эмоция және еріктің дамымауы;

жалпы ақпарат және көзқарастар санының шектеулі болуы;

сөздік қорының аз болуы;

ақыл-ой іс-әрекеті дағдыларының қалыптаспауы;

қабылдаудың баяулығы;

сөздік-логикалық операциялардың қиындығы;

барлық ес түрлерінің бұзылуы байқалады.

5. Шаршаудың алдын-алу, бұл үшін әртүрлі әдістерді пайдалану (практикалық және ақыл-ой іс-әрекеттерін бір-бірімен алмастырып отыру, дидактикалық материалдармен көрнекілік құралдарды және т.б. қолдану).

Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері

1. Ерте коррекция принципі.

2. Психикалық дамуында кешеуілдеуібар балаларды тәрбиелеу және оқытуда іс-әрекет бағытын жүзеге асыру принципі.

3. Коммуникативті бағыттылық принципі.

4. Тәрбиелеу және оқыту жекелей-дифференциацияланған бағыт тұрғысынан жүзеге асырылады.

5.Шаршаудың алдын-алу, бұл үшін әртүрлі тәсілдер қолдану (практикалық және ақыл-ой іс-әрекетін кезектеу, дидактикалық материалды және көрнекілік құралдарын пайдалану және т.б.

6.Балалардың танымдық іс-әрекетін белсендендіретін әдістерді пайдалану.

7.Тілді дамыту, оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру.

8.Емдік-сауықтыру іс-шараларын, логопедиялық сабақтарды қолдану, қоршаған дүние туралы білімдерін молайту.

9. Осы категория балаларына деген қатынаста ерекше педагогикалық такт көрсету.

Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы

Наши рекомендации