Орта білім беру жүйесінін дамытудың тенденциялары.
Қазақстандағы білім жүйесінің ары қарай дамуы бүгінгі әлемдік алдыңғы қатарлы елдерін қамтыған әлеуметтік технологиялық жағдайға, халықтың экономикалық қызмет салалары бойынша қайта бөлінуін күшейтуде. Болжамдық зерттеулер көрсеткендей, таяу уақытта елдегі тұрғындардың тек 5 % ауыл шаруашылығымен, ал 10 % өнеркәсіпте жұмыс істейтін болады. Халықтың негізгі бөлігі білім мен ғылым, басқару, сауда, көлік және қызмет көрсету салаларында еңбек ететін болады. Сондықтан мектептердегі кәсіптік оқыту негізінен осы бағыттарда жүргізілуі тиіс. Әлемде болып жатқан ауқымды өзгерістердің бірі, қоғам мен адам өмірі қызметінің информатизациялау үрдісімен байланысты болып отыр. Өндіріс құралдарының, ақпаратты өңдеу мен тасымалдау әдістерінің өзгеруі, адамдардың өмірлік
құндылықтарына, дүниеге қатынасына, оның мәніне деген көзқарасының қалыптасуына ықпал етуде. Ақпараттық қоғамда адамның ролі де өзгеріске ұшырайды: жеке адамның әлеуметтану үрдісінің орнына дербестену үрдісі келуде. Бұл орайда жеке адамның әлемдік өзгерістерге ашық қатынасы, әркімнің адамзат тағдырына деген жауапкершілік сезімі негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Бұл айтылғандардың бәрі білім алуға және ең бастысы жаппай білім алуды талап етеді. Жаппай біліммен қамтамасыз ету, мектептегі білім беру ісін қайта құрумен, оның ішінде жалпы орта білім мерзімінің ұзартылуы арқылы қол жеткізуге болады. (көптеген елдерде жалпы білім беретін мектептердің оқу мерзімі 12-13 жылға ұзартылуда, бұл елдердегі жастардың 80-90% орта білімді) Ф.Кумбс мектептегі білім беру ісінің дамуының негізгі көрсеткіштері: оқыту процесін жетілдіру (оқытудың жаңа технологиясын енгізу арқылы педагогикалық процесті дамыту, білім мазмұнын жаңарту), білімді басқару мен педагогикалық мамандарды дайындау. Мектептен тыс білімді дамыту факторларының қатарына, оқыту ұйымдарының барлық түрлерінің арасындағы сабақтастық пен білімнің үздіксіз болуын қамтамасыз ету, білім саласында халықаралық байланыстар орнату, білім жүйесін қаржыландыруды түбірімен жақсарту мәселелері жатады.
Білім жүйесін жетілдірудің жаңа түрлері ақпараттық қоғамға сәйкес жүргізілуі керек. Дәстүрлі білім беру жеке адамды тек құрал ретінде пайдаланады. Бұл орайда, педагогикалық үрдіс оқушы жастардың өзіндік даму сапасына бағытталады, білім мазмұнының негізгі бөлігі жеке тәжірибедерден құралады. Мұндай тәжірибелерді игеру, пәндік білімдерге емес, жеке басының көзқарасы мен өмірлік құндылықтары негізіне сүйенеді. Оқушы жастардың әрқайсысының дамуы мен өзіндік дамуына бағытталған орта білімді дамытудың тиімді әдісі-оқытуды дифференциациялау (тереңдету). Дифференциация оқушы жастардың белгілі бір оқу пәндеріне деген бейімділіктерін ескеруге көмектеседі. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Мектептің жағдайына қарай, оқушының бейімділігіне байланысты дифференциация
сегізінші сыныптардан бастап енгізіліп, жаратылыстану-математикалық, техникалық, экономикалық, құқықгық, педагогикалық, гуманитарлық және көркемөнер бағытындағы пәндер тереңдетіліп оқытылады. Кейбір гимназиялардың жоғары басқыштарында жеке оқуға рұқсат берілген, жеке оқытудың оқу жоспарлары оқушының қалаған пәні бойынша өзін қатыстыру арқылы жасалады. Жоғарыда айтылған мәселелер Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің даму тенденцияларын (бағыттарыны) айқындауға:
-білім беру философиясын жаңартуға; -оқытудың жаңа технологиясын енгізу мен білім беру ісін ақпараттандыруға;
-мемлекеттік білім беру стандарттарын жетілдіруге; -білімнің ғылыммен байланыста болуына; -білімнің идеологияландырылмауына;
-оқу орындарын бітірушілерге жоғары талап қоюға; -оқу орындарының түрлерін көбейтуге; -білімді қаржыландыруға мемлекеттік және басқа да табыс көздерін жұмылдыруға көмектеседі.
Осылайша мектеп туралы жүргізіліп жатқан нормативтік құжаттар білім беру жүйесінің негізгі қызметтерін көрсетеді. Нормативтік құжаттарда бұл жүйенің негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалып, даму жолдары көрсетілген. Әлемдегі білім беру жүйесіндегі ауқымды өзгерістер, елдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктері, дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі ретінде Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.