Ашық ринолалиясы бар балаларға педагогикалық-психологиялық мінездеме

Ашық ринолалиясы бар балаларда тілдік даму бұзылыстарының ерекшеліктерімен қатар психикалық процестердің екіншілік бұзылыстары да кездеседі.

Екіншілік кемістіктің деңгейі тілдік бұзылыстың деңгейімен тікелей байланысты. Онша көрінбейтін тілдік бұзылыстардағы невротикалық және психикалық екіншілік кемістіктер әлсіз білінетіндіктен, олар отбасындағы адамдармен, мектептегі адамдармен және оқушылармен қарым – қатынас жасап, ортаға бейімделуіне аса қиындық туғызбайды. Кейбір ерік – жігері мықты балаларда әлсіз көрінетін тілдік бұзылыстар қоршаған ортамен қатынас жасауына, тәрбиелік реакциясына мүлде кедергі келтірмейді.

Ал тілдік кемістігі күрделі балаларда психикалық процестерінің күрделі бұзылысы байқалады.

Ашық ринолалиясы бар балаларда зейіннің тұрақсыздығы мен әлсіздігі байқалады. Көңіл бөлу процесінің төмендігінен балада қабылдау іс – әрекеті төмен деңгейде болады. Ашық ринолалиясы бар балаларда вербальды есте сақтау қабілеті қалыпты балаларға қарағанда төмен болады. оларда есте сақтау қабілеті бәсең жүреді. Ұзақ есте сақтау қабілеті де мықты емес. Ал көріп есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Сөйлеу тілінің бұзылысы тілдік – логикалық ойлау процесінің төмендігіне, анализдеу және синтездеу процестерінің, жалпы түсініктерді түсіну процестерінің тежелуіне алып келеді. Көрнекі – образды ойлау процесі бұзылмаған болып келеді. Ойлау процестерінің біраз тежелу салдарынан оқу материалдарын түсіну қиындай түседі.

Ашық ринолалиясы бар балаларда көбінесе эмоционалды – еріктік аймағы бұзылған. Балалардың сөйлегені көпшілікке түсініксіз болғандықтан оның коммуникативтік функциялары тежеледі және біртіндеп әлеуметтік қатынастары төмендей бастайды. Мұндай балаларда көбіне тәртібінде ауытқулар байқала бастайды: тұықтық, ұялшақтық, тітіркенушілік, өз құрдастарымен және үлкендермен қатынасқа түсуден қашу.

Жұмысқа деген қызығушылығының болмауы, жақтырмаушылық жиі байқалады.

Аталған топтағы балаларда күтпеген жерден көңіл-күйінің өзгеруі – адекватты емес агрессивті реакция таныту байқалады. Мысалы, тексерілуге келген 3 жасар бала бастапқыда тыныш, сүйкімді, байсалды болып отырып күтпеген жерденагрессия танытады, дәрігерге қолындағы ойыншықтарын лақтырып, қатты айқайлай бастайды. Ауруханадағы кезеңінде балалар қырсық, тітіркенгіш болады. ашық ринолалиясы бар балалардың қырсық – қыңыр мінезді болуы отбасындағы бұрыс тәрбие беруден болады. Баласының физикалық-психикалық жағдайына қарап басқа балаларынанда қатты еркелетіп, көп көңіл бөлуі. Мұндай балалар гиперопека жағдайында өскендіктен өзімшіл болып кетеді.

Зерттеушілер ашық ринолалиясы бар балалардың ойын барысында да өзгеше екендігіне назар аударады. Ойын кезінде сюжеттік емдеу басымдыққа ие.Бала ойыншыққа екпе егіп, құрдастарын емдеп отырады, көбіне жай ғана ойынды сырттай бақылап отырады. Логопедиялық топта ашық ринолалиясы бар 5 жасар қыз өз ойыншығын ұстап алып сырттай басқа балалардың ойынын бақылап қана отырған. Ойынға қосылып бірге ойнасай дегенде қосылмаған. Ал келесі 6 жасар бала ойын барысында агрессивті мінез – құлық көрсетіп, басқа балалардың ойыншықтарын тартып алып қойып, істеген заттарын сындырып,тістеп, ұрысқан кезде айқайлап жылап,төбелесіп отырған.

Ашық формадағы ринолалиямен зардап шегетін балаларды тексеру

Ашық ринолалия формасындағы баланы кешенді тексеру. Тіс кемістігін тексеру: прогнатия, прогения т.б

Риноалалиясы бар балаға толтырылатын сөйлеу

Картасы

Аты – жөні___________________________________

Туған жылы ___________________________________

Мекен – жайы___________________________________

Мектеп , класс ___________________________________

Логопедке қаралды ма ___________________________________

Невропотолог ___________________________________

Көз дәрігері ___________________________________

Лор ___________________________________

Жалпы анамнез

Ата – анасының жасы ___________________________________

Бала нешінші жүктіліктен ?

Алдыңғы жүктіліктері қалай өтті ? ________________________

Бұл жүктілікті жоюға шаралар қолданылды ма ?________________

Анасының жүкті болу кезенің өтуі ( бірінші күннен бастап анасының көңіл – күйі , анасы осы кезде қандай аурулармен ауырды , уайымдаушылық , жүйке тозуы болды ма ? ) ___________________________________

Тұқым қуалайтын аурулар ___________________________

Баланың туылған кезіндегі жағдайы бірден шыңғырды, стимуляциядан кейін ___________________________________

Наши рекомендации