Түркілер дәуіріндегі тәрбие және оқыту ісінің даму барысы. Мұсұлман мектептері мен медреселерінің пайда болуы. 1 страница

Мектеп

Адам баласы балаларын ерте кездерден-ақ оқыта бастаған. бар болғаны өзі өмір сүріп жатқан тайпа дұрыс деп баға беретін ережелерді үйреткен. Осы ережелерді білудің арқасында балалар өмірлерін аман сақтап қала алған. Мысалы, кейбір тайпалардың балалары бөгде адамды көрген кезде жүресінен отыратын болған. Бұл достық қарым-қатынасты білдіреді. Келесі бір тайпалар бас киімін шешетін болған. Алғашқы деректерге сүйенсек, ең алғаш Ежелгі Шығыста пайда болған.Шумерлер. Ертеректе жоғалып кеткен бұл тайпалар жайында тек ХІХ ғасырда ғана айтыла бастады. Шумерлер Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында өмір сүріп, тұрған жерлерінде мәдени орта қалыптастырған. Олар жер өңдеп, тігін тігу, киім тоқу, медий мен қоладан қару-жарақтар және саз балшықтан бұйымдар жасаған.Б.з.д. 3000 жылдың өзінде жазу үлгісін қалыптастырып, алгебра ережелерін меңгеріп, кез келген саннан түбір шығара алатындай дәрежеге жеткен.«Тақтайшалар үйі» атты мектептері болған. Оқушылар саз балшықтан жасалған тақтайшаларға жазатындықтан, мектептер дәл осылай аталған. Мектеп мүдірін «уммиа» деп атаған. Оған «аға мырзалар» көмектескен. Яғни, тәртіп пен білімге жауап беретін ұстаздар. Бүгінгі таңда шумерлік балалардың жазып қалдырған тақтайшалары табылып отыр. Осындай тақтайшалардың бірінде оқушы жазған шығармасында ұстазына алғыс айтқан. Осылайша жер бетіндегі ең алғашқы мектептер пайда болған.

7. Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.

Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.

Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған. Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.э.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды

8. Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды к Басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты Ертедегі Қытайдың бай және өзіндік педагогикалық дәстүрінің негізіне түбірімен алғашқы қауымдық құрылысқа кететін жанұялық-қоғамдық тәрбие тәжірибесі жатады.Әрбір жанұядағы өмір ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен түсініктердің белгісімен іске асты. Барлық жанұя мүшелері белгілі ережелерді және шектеушіліктерді сақтау қажет болды, мәселен, жаман сөздер айтуға, үлкендерге және басқа да туысқандарға зиянды қылықтарға тиым салу.Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, “өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды тәрбиелеу” мақсатын қойды. Тәрбиелік қатынастардың негізіне жастардың үлкендерді сыйлай білуін жатқызды.

Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б.э.д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу.Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.Конфуций (551-479жж. б.э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта шәкірт даярлады. Конфуций Ертедегі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылу, әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары бағалады.еңінен қолданылады.

Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді

Ертедегі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді- полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынын, сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты.

Ертедегі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да болды.

Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ертедегі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартандық құл иеленушілік мемлекеттің негізгі шаруашылығы егіншілікпен айналысты. Құлдар бұл мемлекетте мемлекеттің жекеменшілігіне айналды. Спартандық және афиналық жүйенің айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық және саяси дамуының және мәдениеті жағдайының кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екі мемлекетте құлиеленуші мемлекеттер болды, қоғамдық тәрбие жүйесі тек ғана құлиеленушілердің бағаларын оқыту және тәрбиелеу ісімен айналысты. Бұл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатынды. Сондықтан да Спарта мемлекетінде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды. Осы жағдай спартактарды қарудың күшімен өздерінің үстемдігін орнатып отырды.

Ертедегі Римде көп ғасырлық тарихының, дамуында жанұя және мектеп тәрбиесі мен білім берудің өзіндік тәжірибесі қалыптасты.Ұзақ уақыт Рим жанұясында рулық қауымның тәрбие дәстүрі сақталған болатын-ды, соған қарамастан үй тәрбиесінің сипаты ең алдымен Рим қоғамының әлеуметтік баспалдағынан жанұяның қандай орын алатындығына байланысты.Римде әйел белгілі құққа ие болады (мәселен тұқым қуалау саласында), бірақ ерлер өз балалары мен әйеліне толық үстемдік ете, басқара білді. 4-5 жасқа дейін балалар мен қыздар жанұяда бірге тәрбиеленді, содан кейін оларды бөліп тәрбиеледі. Қыздар анасының, қызметшілердің бақылауында болды. Қыздардың негізгі жұмысы тігіншілікпен айналысады, оларды сонымен қатар саз өнеріне, биге үйретті, ауқатты жанұяларда – грек тілін оқыды. Ер балалардың тәрбиесімен ерлер адамдар шұғылданды: әкелері, тәрбиешілер, кейде Грециядан шақырылғандары. Ер балаларды ерлердің айналысатын кәсібіне үйретті, ең алдымен қаруды қалай ұстай білуге үйретті.Бастауыш білімді ауқатты емес балалар элементарлық мектептерде алды, олар ақылы, жекеменшік мектептер болды, оларға қыздар да қабылданды. Ауқатты ата-аналардың балаларын, тәртіп бойынша, үй мұғалімдері оқытты, ең алдымен грек тілі мен әдебиетіне үйретті.Грецияның әсерімен грамматикалық мектептер пайда болды, онда 12 жастан 16 жасқа дейін бай, ауқатты ата-аналардың балалары оқыды. Оларға грек тілін, шешендік өнерін, әдебиет пен тарихтан кейбір мәліметтер берілді. Рим империясының пайда болуымен (ІІ ғ.б.э.д) императорлар грамматикалық мектептер мен шешендік мектептерді мемлекеттік мектептерге айналдырды, олардың міндеті – императорлық өкіметке берілген чиновниктерді тәрбилеу.

Христиан діні мемлекеттік дінге айналған кезде мұғалімдік қызметке дін өкілдері тағайындала бастады. Жанұядағы және мектептердегі тәрбие бірте-бірте діни сипатқа ие бола бастады.

9. Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды. Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған. Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.э.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.

10. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті. Белгiлi араб ғалымы Ибн Халдун (XIII-XIV ғ.ғ.) ғылымға бет бұрған адамдарға байсалдылық, бәрiн ақылмен шешу, есте сақтау қабiлетiн ұштау, күнделiктi ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тыңғылықты айналысу керектiгiн айтады. Оның түсiнiгiнше ғылыми бiлiм – ұзақ жаттығу арқылы ғана жинақталады, ғылыми iзденiстi жүргiзуге дағдылану барысында қаланады дегендi айтады.
Ибн Халдунның пiкiрi бойынша медресеге келген бала құраннан үзiндi оқығаннан гөрi, араб тiлi мен әдебиетiн игерсiн, жатық оқуға төселгеннен кейiн ғана құран аяттарын талдауға қатыстырылуы тиімді. Себебi, оқуды жаңа бастаған бала құранның аяттарындағы ұғым-түсiнiктердi жете түсiне алмайды. Бұл мұсылман елдерiнде қалыптасқан оқу жүйесiндегi батыл қадам едi. Ибн Халдун балаларды қатал жазалауға қарсы болды, қорқыту, баланың талап-тiлегiн басып тастау оны өтiрiк айтуға, қулыққа бейiмделуге итермелейдi. Мұғалiм пәндi әдiстемелiк жағынан түсiндiрудi қамтамасыз етуге тиiс. Оқушының бiр пәндi меңгерудегi әдiс-тәсiлдерiн екiншi пәндердi оқығанда одан әрi жетiлдiруге ұйытқы болады, оқу материалын бiр-бiрiне ұштастыра бiлуге дағдыландыруы ой-санасын дамытады. Оқытудың бастауыш мектебiнде әдебиетпен қатар балаларды есеп-шотқа үйрету, бiртiндеп арифметиканы, алгебра мен геометрияны оқыту қажет. Ибн Халдун математика ғылымын ерекше бағалаған, ол математика өзiнiң логикалық құрылымына сай жастардың интеллектiсiн дамытады, шындықты мойындауға, өзiн тәртiптi ұстай бiлуге тәрбиелейдi дегендi айтады.
Ұстаз алдында тұрған маңызды мақсаттың бiрi оқу құралдырын таңдай бiлу керек дейдi. Кейбiр авторлар өз оқулықтарына барлық ақпараттарды кiргiзуге талаптанып, балалардың түсiнуiне кесiрiн тигiзедi. Яғни, көлемi шағын, қысқа жазылған оқу құралында ғылымның соңғы жетiстiктерiнiң бәрiнен мәлiмет беруге тырысу медресе оқушысының бiлiмге деген ынтасын қайтарады. Ибн Халдун бойынша оқыту үрдiсi әр уақытта оқуды қабылдаудың жалпы заңдылықтарымен қатар жүргiзiлiп, ешқашанда пәндi түсiндiрген кезде қиын жағынан бастамау керек дейдi. Мысалы, алғашқыда пән жайлы жалпы мәлiмет, екiншiсiнде пән мазмұндарына жалпы сипаттама берiп, содан кейiн оқу материалының түсiнiксiз пiкiр-талас туғызатын бөлiмдерiн оқушылармен бiрге отырып қарастыру, оқушылардың қисынды ойлау ерекшелiктерiн дамытуға болады деп есептейдi. Орта ғасырда жастарды адамгершiлiкке тәрбиелеу ерекше орын алды. ХI ғасырдың әйгiлi ойшылы Әбу Хамид Әл-Газали (1058-1111 ғ.ғ.) баланы кiшкентай кезiнен бастап мейiрiмдiлiкке, имандылыққа, сенiмдiлiкке, адалдыққа, алдамауға тәрбиелеу қажет деп санады. Жас баланы дастархан басында өзiн ұстай бiлуге тәрбиелеу, жеткiншектердi қатты кереуетке ұйықтауға дағдыландыру, оның денесiн шынықтыру, баланың мiнез-құлқын тәрбиелеу, ата-аналар назарынан тыс қалмауы керектiгiн ерекше атап өттi. Газалидiң пiкiрi бойынша, адамгершiлiк қасиеттер басты екi тәрбие әдiстерi негiзiнде – үлгi-өнеге, өзiн-өзi тәрбиелеу арқылы қалыптасады.
Ата-аналар балаларының кiмдермен достық қарым-қатынас жасайтынын бiлуге тиiс, олар оқитын кiтаптарда адамгершiлiк мұратқа қайшы келмейтiн материалдар iрiктелiп алынуы керек. Жеткiншектiң ақыл-есi дами келе оны өзiн-өзi тәрбиелеуге бейiмдеу, қоршаған ортаны өздiгiнен бақылауға, өзiн-өзi тануға талпындыру қажет.
Баланың бойындағы жағымсыз қылықтарды жоюда, оның себеп-салдарын бiлу, егерде оқушының мiнез-құлқында қиқарлық болса, оны басқа әдет-дағдымен алмастырып, өзiн-өзi тәрбиелеуге жағдай туғызу керек.
Әл-Газали оқушыны жазалау мәселесiне келгенде ұстамдылық көрсетудi талап етiп, мүмкiндiгiнше жазалауға бара бермей, оның сенiмiне ықпал жасау керек екенін айтады, әйтпесе тәрбие iсiнде ақыл айта беру баланы мезi қылатынын ескертеді. Тіпті бала тәртiп бұзғанның өзiнде, басқалардың көзiнше оның абыройын түсiрмеу жөнiнде кеңес бередi.

Мектептегi бiлiм сапасын көтеруге зиялы қауымдар қатыстырылды. Соның бiрi IХ ғ. араб жазушысы Мұхаммед Ибн Сухнун (817-880 ж.ж.) бастауыш мектепке арнап ''Мұғалiмдердiң мiнез-құлқы'' деген шығарма жазды. Оның педагогикалық ойының мәнi – мұғалiм ешқашанда ашу шақырмай, ауқатты және кедей отбасы балаларына бiрдей қарап, қарым-қатынас жасауы қажет деп мiндеттейдi. Баланың жеке даралық ерекшелiктерiне байланысты жазалау әдiсiн қолдануға болады. Бiрақ, денесiн дүрелеу немесе жан дүниесiне тиетiндей қатал сөздер айтуды өте сирек пайдалану керектiгi, шапалақтаудың өзiн де үштен асырмауды талап еткен. Әсiресе, он жастағы баланы жазалау болмасын, ескерту, кейiс бiлдiру қажет, ал бала тәртiп бұза берген жағдайда, оны оқытып жүрген жасы үлкен оқушыға тәртiпке шақыру тапсырылған.
Халифаттық мектеп практикасында оқушыны жазалаумен қатар мадақтау тәрбие әдiсi де пайдаланылған. Ең тәртiптi, өте жақсы оқитын оқушыны атқа мiнгiзiп, қаланы аралатқан, ал қатар-құрбылары оның үстiне тәттi шашу шашқан.

11. Қытай тарихында ортағасырлық дәуiр б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтан XIX ғасырдың аяғына дейiнгi кең мағыналы кезеңдi алады. Бұл дәуiр бiрнеше кезеңдерге бөлiнiп, педагогикалық ойлар мен мектеп iстерiне байланысты біраз жетістіктерге қол жеткізді.
Мәселен, Цинь патшалығы (б.з.д. II ғасыр) кезiнде жазу таңбалары азайтылып, хат тануды, оқытуды жеңiлдеттi. Орталықталынған бiлiм беру жүйесi жасалынып, үкiметтiк және жеке меншiктi мектептерде бiлiм берiлдi. Бұл жүйе ХХ ғасырдың басына дейiн жұмыс жасады.
Хань патшалығы (б.з.д. II ғасырдан ж. з. II ғасыр аралығы) кезеңiнде қағаз шығып, оқу құралдарының дайындалуы оқу сапасын көтердi. Бұл кезеңде үш сатыдан тұратын бiлiм беру жүйесi – бастауыш, орта және жоғары мектептердiң бет-бейнесi айқындалып, оқытуда үлкен жетiстiктерге жеткен. Iрi қалаларда бiрiншi жоғары оқу орны мемлекеттiк мекеме деп есептелiп, ауқатты отбасылардың балалары оқып, осындай мектептерде 300-ге жуық студенттер бiлiм алды.

Хань дәуiрiндегi тәрбие мен бiлiм берудiң идеологиясы – Конфуцийдiң саяси-әлеуметтiк iлiмi болды. Мектептерде классикалық Конфуций трактаттары басты пәндер ретiнде жүргiзiлдi. Бұл пәндердің толық оқу курсы Конфуций қағидаларын ұғынып, түсiнуді қамтамасыз етті. Курсты бiтiргеннен кейiн білім алушылар емтихан тапсырып оларға ғылыми дәрежелер берiлетiн. Бұл мектептi бiтiрген жастар мемлекет аппаратына қызметке қабылданатын.

Біздің дәуіріміздің III-Х ғ.ғ. ортағасырлық Қытайда мәдениет пен бiлiм беру деңгейi көтерiлiп, “алтын ғасыры” аталып, онда оқу мекемелерiнiң саны өстi. Университет типтес алғашқы оқу орны ашылып, мемлекеттiк емтиханға әлеуметтiк жағдайларына қарамай тiлек бiлдiрген әрбiр адамдар жiберiлдi.
Жоғары оқу орындарында ғылыми атақтар Конфуцийдiң бес классикалық трактаттары бойынша: “Өзгерiс кiтабы”, “Этикет”, “Көктем және күз”, “Поэзия кiтабы”, “Тарих кiтабы” берiлдi.
“Алтын ғасырдың” аяғында бiлiм беру жүйесi практикалық қажеттiлiктi өтей алмайтын күй кештi. Конфуций идеологиясы догмаға, схоластикаға айналды, сондықтан бiлiм берудегi дағдарыстарды жою қажеттiлiгi туды.
Қытайдағы тәрбие мен бiлiм берудегi дағдарысты шешуде философ және педагог Чжу Си (1130-1200 ж.ж.) Конфуций идеясын жетілдіруді көздеді.
Монғол әулетi Юань (1279-1368 ж.ж.) кезiнде дәстүрлi қытайлық тәрбие және оқыту жүйесiмен қатар моңғол мектептерi мен жазулары жаппай тарай бастады. Жаратылыс және математикалық ғылымдардың дамуы арқасында математикалық, медициналық, астрономиялық және басқа арнайы мектептер ашылды.Қытайдың ортағасырлық бiлiм беру тарихында, әсiресе, Мин әулетi (1368-1644 ж.ж.) басқару кезеңiнде жалпыға бiрдей бастауыш бiлiм беру мәселесi көтерiлiп, элементарлық оқу орындарының саны өстi. Пекин мен Нанкинде жоғары әкiмшiлiкке кадрларды даярлау мақсатында жоғары оқу орындары жұмыс жасай бастады.
Манчжурлық Цин әулетi (1644-1911 ж.ж.) кезiнде бiлiм беру саласында өзгерiстер болмай, тәрбие мен бiлiм беру тоқырауға ұшырады. Бiлiм гуманитарлық бағдар алып, сырт өмiрмен қатынасын үзiп, көршiлес және алыс елдер жайлы оқушылар ешқандай ақпараттар алмады. Балалардың санасына “Қытайдан басқа дүние жоқ” деген сенiмдердi қалыптастырды.
Ұл балаларды сауаттануға оқыту 6-7 жастан басталып, мемлекеттiк мектептерде аздаған қаражатқа оқыды, оқу 7-8 жылдарға созылды. Қыз балалар үйлерiнде тәрбиелендi, ал ауқатты отбасыларында мұғалiмдердi жалдап оқытса, кейбiреулерi жеке меншiктi мектептерге балаларын оқуға бердi.
Оқытудың алғашқы кезеңдерiнде 2-3 мың иероглифтердi (әрiптердi) жаттап алулары тиiс едi. Бастауыш мектепте емтихан тапсырғаннан кейiн, мектептің келесi сатысында бiлiмдерiн жалғастырады. Оқу бағдарламаларына философия, әдебиет, тарих, стилистика енгізiлдi. Оқу құралдары ретiнде Конфуцийдiң “Төрт кiтапшасы” мен “Бес кiтапшасын” пайдаланды.

Үндістанда ортағасырлық мәдениет пен бiлiм беру Гуптi империясы (V ғ.) құлағаннан кейiн қайтадан жандана бастады. Бiрақ, қоғамдағы касталық жүйе сақталып, халықтың кейбiр жоғары касталық топтары ғана бiлiм алуға мүмкiндiк алды. Брахман балалары дiни қызметкер лауазымына дайындалса, кшатр (әскерилер) мен вайшы (саудагер, дихандар) балаларын практикалық iс-әрекеттерге оқытуға бағытталды. Мысалы, вайшы балалары егiн егу, жердiң құнарлығын, көлемiн анықтау, суландыру, т.б. әрекеттерге үйретiлуімен қатар, мектептерде жағрапия, шетел тiлдерiн бiлу, сауда-саттық операцияларын үйренумен шұғылданды.

Буддистiк бiлiм беру жүйесi демократиялық негiзде болғандықтан касталық бөлiнудi мойындамады. Буддистер үйде оқытудан бас тартып, бiлiм берудi монахтарға тапсырғандықтан, монастрларда балалар мен жеткiншектер 10-12 жыл оқыды. Оқыту дiни-философиялық негiзде жүргiзiлiп, оқыту бағдарламаларына грамматика, лексика, медицина, философия, логика пәндерi енгiзiлдi.

Наши рекомендации